08 Қазан, 2010

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

464 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
С.З.Қайырбекованы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындау туралы Салидат Зекенқызы Қайырбекова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы қазанның 7-сі.    №1085. Салидат Зекенқызы ҚАЙЫРБЕКОВА 1961 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, медицина ғылымдарының докторы. Институтты бітіргеннен кейін Қарағанды облысының денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істеді. Қарағанды қалалық емханасының неврология бөлімін меңгерді, Қарағанды облыстық көп бейінді емдеу диагностикалық бірлестігі бас дәрігерінің орынбасары болды. 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы­ның Денсаулық сақтау министрлігінде еңбек етіп, бө­лім бастығынан аппарат басшысына дейінгі жолдан өтті. Қазақ мемлекеттік медицина академиясының проректоры болды. Президент Әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарды. Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің төрайымы болып тағайындалды. 2010 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі. * * * Жаңа басшыны таныстырды Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына Президент Жарлығымен жаңадан тағайындалған ведомство басшысы Салидат Қайырбекованы таныстырды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. * * * Тағайындау Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт Қан­сейітұлы Түймебаев Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. *  *  * Мемлекет басшысының Өкімімен Ғалымқайыр Мұта­нов Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университетінің рек­торы қызметіне тағайын­далды. * * * Хроника Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Құлтай­ұлы Әміреев басқа жұмысқа ауы­суына байланысты Қазақ­стан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызме­тінен босатылды. *  *  * Мемлекет басшысының Жарлығымен Жақсылық Ақ­мыр­заұлы Досқа­лиев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен боса­тыл­ды.