09 Қазан, 2010

Елбасының рөлі аталды

605 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының (Парламенті) Төра­ғасы Мехмет Али Шахинді қабылдады, деп хабарлады Қазақ­стан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында эко­но­­ми­ка, сауда, саяси өзара іс-қи­­мыл, сондай-ақ парла­мент­­­ара­лық бай­ла­ныстарды нығайту салаларындағы екіжақты ынты­мақ­тастықтың кең ауқымды мә­селелері талқыланды. Кездесуден кейін журна­лис­терге арналған брифингте Мех­­мет Али Шахин Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына жоғары баға берді. – Осы беделді Ұйымға тө­р­­аға­лы­ғы және Астанада ЕҚЫҰ-ның Сам­митін өткізу туралы ше­шімі – Қазақстанның өзінің Тәу­­­елсіздігі жыл­­дарында қандай  жоғары та­быс­тарға қол жеткіз­генінің жарқын кө­­рінісі, – деп атап өтті Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы. М.Шахин сондай-ақ 2011 жы­­лы Қазақстан Ислам Конфе­рен­циясы Ұйымына төраға бола­тынын, Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастық кеңесінің бі­рін­ші отырысын және Түркітілдес мемлекеттер Ассам­­бле­я­­сының парламентаралық екінші оты­рысын өткізетінін атап көрсетті. Осылайша, Қазақстан және оның Астанасы 2011 жылы әл­емдік ма­ңы­зы бар оқиғалардың орталығына айналатын болады. – Әрине, осының барлы­ғы­на Қа­зақстан Президент Нұр­сұл­тан На­зарбаевтың бас­шы­­­лы­ғы­мен қол жет­кізді, – деп атап өтті М.Шахин. ---------------------------------- Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.