09 Қазан, 2010

Бәрі барыс-келістен басталады

457 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған бір топ депутат елімізде ресми сапар­мен жүрген Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының Төр­аға­сы Мехмет Али Шахин бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы еліміз тәуелсіздігін ал­май тұрған кезде ешқандай бай­ланыс болмағандығын, ал бүгінде бауырлас екі ел арасында тығыз қа­рым-қатынас орнағанын ерек­ше атап көрсетті. Спикер өз сө­зінде былай деді: “Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси-эко­номикалық, мәдени ынтымақ­тастық байланыс жоғары деңгейге көтерілді деп айтуға болады. Бүгін өзіңізбен өткен кездесуде Қазақ­стан Прези­денті Нұрсұлтан На­зар­баев екі ел арасындағы сауда айналымын 10 млрд. АҚШ дол­ла­­ры көлеміне жеткізу керек еке­нін айтты. Оған мүмкіндігіміз бар”. Енді аталған межеге қол жет­­кізуде парламент­аралық ын­тымақтастықтың алар орны ерекше. Бұл бағытта екі ел заң­намаларын сәйкестендіру мәсе­лесі шешімін табуы тиіс. Мехмет Әли Шахин: “Қазақ­стан­ның ең мықты, ең тұрақты ел екенін көріп тұрмыз. Осы ай­мақ­тағы беделді ел екенін халық­аралық қоғамдастық та мойындап отыр. Қа­зақ елінің ЕҚЫҰ-ға төр­а­­ғалық етуі, желтоқсан айында Астанада ЕҚЫҰ Саммитінің өт­кізілетіндігі мемлекеттің әлемдік дең­гейдегі абыройын арттыра тү­седі”, – деді. Түркиялық делегация басшысы Қа­­­зақстан тәуелсіздігін алғаннан кей­ін­гі 19 жылдың іш­інде үлкен же­тістіктерге қол жет­кізгенін атап өтті. Мәжіліс Төра­­ғасы мәрте­белі мейманға еліміздің атына айт­қан жы­лы лебізі үшін ризашы­лығын жет­кізді. Кездесуде соңғы жылдары Қазақстан мен Түркия депутатта­рының БҰҰ, ЕҚЫҰ, Түрік ПА және басқа ха­лық­аралық ұй­ымдар ая­сын­да жиі кездесіп, пікір алма­сып жүргені де аталды. Тараптар қазанның 10-ы күні Қырғызстанда болатын парла­мент­тік сайлаудың ойдағыдай өтуі­не тілектестіктерін жеткізді. Сондай-ақ Елбасы бастамасымен құрылған Түріктілдес елдер Пар­ламенттік Ассамблеясының жұ­мы­сы әңгіме өзегіне айналды. Мех­мет Али Шахин Қазақстанға, соның ішінде Астана қаласына бірінші рет келіп отыр. Мәртебелі мейман өзінің елорда көркіне таңданысын жасыра алмады. Түрік Республикасы Ұлы Ұлт­тық Жиналысының Төрағасы Мә­­жілістің құрметті қонақтар кіта­бына тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.