Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасы Меджлисінің (Парламентінің) Төрағасы Әли Лариджанимен кездесті. Ол біздің елімізге Қазақстан Сенаты басшысының шақыруымен келген болатын, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Сенат Төрағасы екі мемлекет арасындағы саяси сындарлы үнқатысуды одан әрі дамытуда Қазақстан мен Иранның парламентаралық байланыстарын белсенділендірудің маңызы зор екеніне тоқталды. Осыған байланысты ол Сенатта ирандық парламентшілер мен достық тобы жұмыс істейтінін, сондай-ақ заң шығару ісіндегі тәжірибе алмасу мен кеңесулердің келешегі зор екенін айтты.
Қ.Тоқаев Қазақстанның маңызды халықаралық бастамаларын ілгерілетуде жан-жақты қолдау білдіргені үшін Иран жағына ризашылығын білдіре отырып, біздің еліміздің экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін Иран бастамаларын қолдайтынын айтты.
Иран парламенттік делегациясының басшысы өз кезегінде мемлекетаралық қатынастарды нығайтуда парламентаралық байланыстардың маңызын атап өтті және біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін жоғары бағалады. Ол сондай-ақ Қазақстан мен оның басшысының халықаралық рөлі арта түскенін айтты және ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық етіп жатқанын атап көрсетті.
Ә.Лариджани өз еліне Қ.Тоқаевты ресми сапармен келуге шақырды.