Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті.
Сәрсенбі күні өтетін жалпы отырыста депутаттар “1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы” заң жобасын талқыға салатын болды.
Сонымен бірге, Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жобаларына қорытынды әзірлеу мәселелері қаралды. Сол секілді “1968 жылғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашық Жол жүрісі туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімді ратификациялау туралы”, “Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Жетінші қосымша хаттаманы ратификациялау туралы” заң жобалары бойынша қорытынды шығару уақыты белгіленетін болады.
“Егемен-ақпарат”.