2010 жылғы 27 қыркүйек Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288- құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
3-тармақта:
16) тармақшаның екінші абзацында «16-4)» деген сандардан кейін «, 16-5)» деген сандармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-5) тармақшамен толықтырылсын:
«16-5) білім беру бағдарламаларын енгізу мен іске асыру және (немесе) білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімдер бойынша «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына іссапарға жіберілгендер;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.