13 Қазан, 2010

Ықпалдастықтың жоғары әлеуеті

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ГФР Бундестагының (Парламенті) төрағасы Норберт Ламмертті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан-Германия ынтымақтастығы, парла­ментаралық байланыстар және ха­лықаралық күн тәртібі мәселелері­нің кең ауқымы талқыланды. Кездесуден кейін журналистерге арналған брифингте Н.Ламмерт Қазақстан ГФР-дің Орталық Азия­дағы маңызды серіктесі болып та­бы­латынын атап өтті. Екі ел өз өңір­леріндегі негізгі серіктестер және экономика мен саяси сала­лар­дағы ынтымақтастықтың жоға­ры деңгейін тұрақты түрде қолдап келеді. – Германиялық кәсіпорындар сіздердің елмен ынтымақтастыққа зор көңіл аударып отыр, өйткені ГФР мен Қазақстанның экономи­ка­лық өзара ықпалдастығы шын мәнінде жоғары әлеуетке ие. Эко­номикалық жаңғыртулар үдерісімен қатар, біз Қазақстанның халық­ара­лық бастамаларын да қызы­ғушы­лықпен бақылап отырамыз. Бұдан үш жыл бұрын мен Берлинде Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестім, біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына ГФР-дің қолдау көрсету жайын талқыладық. Биылғы жылы желтоқсанда, әсіресе осындай ұзақ мерзімнен кейін, Астанада жоғары деңгейдегі ЕҚЫҰ Саммитін өткізудің өзі сіздердің елдеріңіз үшін зор табыс болып табылады, – деп атап өтті Н.Ламмерт. ---------------------------------- Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.