13 Қазан, 2010

Екі отбасында үшем дүниеге келді

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Қызылорда қаласын­да­ғы қос шаңырақ қуанышқа ке­нел­ді. “Принт” баспаханасында жұ­мыс істейтін Бақытжан Сырманов пен Гүлсара Бақытбекованың отба­сында Айша, Әмина, Мәдина есім­ді үш сә­би өмірге келген. Сондай-ақ мұнай ав­токөліктерін жөндейтін серік­тес­тік­тің шебері Өтеген Ая­ға­нов пен мед­бике Гүлнәр Көшпен­бетованың отбасы да қуаныш құ­ша­ғына оран­ды. Асылхан, Әділжан, Ақжан есімді бүлдіршіндер жел­кілдеп өсіп келеді. Үшем келген отбасыларына облыстық ішкі саясат басқар­ма­сы­ның бастығы Руслан Рүстемов бас­та­ған топ арнайы атбасын бұрып, шаңырақ иелерінің сауалдарына тұшымды жауаптарын берді. Статистикалық есепке жүгінер болсақ, ағымдағы жылдың өткен тоғыз айында Сыр аймағы халқына 13967 нәресте келіп қосылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен са­лыстырғанда 1230 балдырған артық деген сөз. Бұлардың арасында 65 егіз, жоғарыда айтқандай, 2 үшем бар. Сәбилердің денсаулығы бала дәрігерлерінің бақылауында. Еркін ӘБІЛ. Қызылорда.