“Нұр Отан” ХДП қызметінің басым бағыттарының бірі халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру мәселесі болып табылады. Осы орайда, партия халықтың әлеуметтік осал жіктерімен жұмыс істейтін ҮЕҰ психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар іс-шараларын ұйымдастыру туралы “Іc company” психоанализ және психотерапия орталығының бастамасын қолдады.
“Нұр Отан” ХДП Алматы қалалық филиалында халықтың әлеуметтік осал жіктерімен өзара іс-әрекет етуге бағытталған Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдарының басшылары және қызметкерлерімен семинар-тренинг өтті. Оның мақсаты кәсіптік сипатта туындайтын психологиялық проблемаларға қоғамдастықтардың назарын аудару болып табылды. Қызметтері халықтың әлеуметтік осал жіктерімен (зейнеткерлер, ісік ауруларымен ауыратындар, мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын тартып жүрген, есірткі мен алкогольге тәуелді адамдар және т.б.) өзара іс-әрекет етуге бағытталған қызметкерлер психологиялық климаты жайсыз жағдайда жұмыс істейді. Күн сайынғы және бірсарынды, адамнан үлкен шыдамдылықты талап ететін жұмыс “эмоциялық жану синдромына” және олар үшін қобалжудан туындайтын басқа да эмоциялық зақымдарға әкеліп соқтырады. Осыған байланысты мұндай құбылыстардың алдын алу және болдырмаудың алар орны зор.
Астана қаласында “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының Орталық аппаратында ағымдағы жылғы шілде айында осындай іс-шара өткізіліп, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар оң баға берген болатын.
“Егемен-ақпарат”.