Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен “Жастардың патриоттық тәрбиесі жағдайы және перспективалары” тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті. Бұл алқалы жиынға еліміздің жоғары оқу орындары ректорлары мен проректорлары қатысты.
Кеңесте сөз сөйлеген Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков, Парламент Мәжілісінің депутаттары Камал Бұрханов пен Светлана Ферхо, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Арыстан Ғазалиев жастарға отаншылдық тәрбие беру мәселелері, бос уақыттарын тиімді өткізу және саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша шаралар жайлы әңгіме қозғап, республикамызда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында тәрбие жұмысы жастар саясаты мақсаттарының бірі ретінде енгізілгенін атады. Соны іске асыру бағытындағы міндеттерге баса тоқталды.
Кеңеске қатысушылар жұмыс топтарында патриоттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы, жетілдірудегі іс-тәжірбиелермен танысты.
Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.