19 Қазан, 2010

“Самұрық-қазына”: индустриялық-инновациялық даму бағытымен

479 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Көпшілікке белгілі, үдемелі индустриялық және инновациялық даму, сонымен қатар еңбек өнім­ділігінің қарқынды түрде өсе түсуі Қазақстанның әлем елдері арасында алдыңғы шептен көрінуіне мүмкін­дік беретіндігін Мемлекет  басшысы халыққа арнаған биылғы Жолдау­ында атап көрсеткен болатын. Мемлекет басшысының айтуынша “әр өңірдегі әрбір индустриялық жоба жергілікті биліктің ғана емес, сонымен бірге жұртшылықтың да айрықша бақылауына алынуы керек. Бұл жұмыс таяудағы онжыл­­дықта бүкіл еліміздің жалпыұлттық мінде­тіне айналуы тиіс”. Сөз реті келгенде атап айтарлығы, мемле­кеттік ма­ңы­зы зор “Үдемелі индус­триялық-ин­новациялық даму” бағдарламасын дәйектілікпен жүзеге асыруда “Сам­ұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры айтарлықтай ауқым­ды үлес қосуда. Үдемелі индустриялық-иннова­ция­лық дамудың мемлекеттік бағ­дар­ла­масы аясында “Самұрық-Қа­зына” ҰӘҚ оны бірінші кезекте ин­вестициялық жобалар бизнесімен бір­ге жүзеге асыру қажет деп есеп­тей­ді. Мәселен, жалпы құны 46 мил­­лиард доллар тұратын 237 жо­баның, жалпы құны 20 миллиардқа жуық 42 жоба “Самұрық-Қазына” қоры не­месе оның еншілес компа­ниялары ар­қылы жүзеге асырылды және келе­шекте оның қарқыны же­­тіле түспек. Тағы бір атап айтарлық маңызды мәселе, “Самұрық-Қа­зына” ұлттық әл-ауқат қоры үдемелі индустрия­лық-инновациялық даму бағдарла­масы бойынша әртүрлі салаларда бірқатар жобаларды қолға алып, онымен жүйелі түрде ай­налысуда. Қорға тікелей бекітілген іргелі жо­балардың арасында энергетика саласында Шарын өзеніндегі Мой­нақ ГЭС құрылысы, Балқаштағы жылу-электр стансасы құрылысы, Шар­дара ГЭС-ін жетілдіру және тағы басқа ауқымды жұмыстар бар. Ал, енді мұнай мен газ саласына келсек, бұл саладағы атқарылатын іс-шаралар да жетіп артылады. Мә­селен, Атырау қаласындағы мұнай өңдеу зауытын (НПЗ) жаңғырту мен жетілдіру жұмыстарын атап айт­қан жөн сияқты. Мұнда келе­шекте мұ­найды қайта өңдеуді те­реңдету ке­шенінің құрылысы, көлік  инфра­құ­рылымын дамыту, ваккум­дық блок­­ты реконструкциялау және өзге де құ­­рылыс жұмыстары жал­ғасын табуда. Сонымен қатар, көлік, мұнай, хи­­мия және фармацевтика сала­ларында да бірқатар іргелі жобалар жүзеге асырылмақ. Мәселен, элек­тровоз өндірісін ұйымдастыру, Қа­зақстандағы “Таман” ЖШС-дағы базасында жүк тиейтін вагондар өн­дірісінің қуатын арттыру, “Жетіген-Қорғас” теміржолы құрылысы жо­баларының қажеттілігі мол екендігі айтпаса да түсінікті. Өзге салалар сияқты, еліміздегі маңыздылығы зор салалардың бірі – фармацев­тика са­ласын одан әрі жетілдіру – бүгінгі таң­дағы басты талаптардың бірі. Со­ған орай, Астана қаласын­дағы фар­ма­цевтикалық фабрика­ның құры­лы­сын көтеріп, Шым­кенттегі фабрика қуатын одан  әрі кеңейту көзделіп отыр. Сонымен, қоғамның ең басты құндылығы – адам десек, оның ден­саулығын қорғаудан артық мақсат болуы мүмкін бе? “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры биылғы 2010 жылы тұ­тас­тай алғанда стратегиялық ба­ғыт­та, яғни экономиканы тұрақтан­ды­рып, оның тиімділігін арттыру ба­ғы­тындағы өз жұмысын одан әрі жал­ғастыруда. “Самұрық-Қазына” қоры өткен 2009 жылы Үкіметтің дағ­да­рысқа қарсы бағдарламасының бас­ты операторы болғаны көпші­лікке жақсы белгілі. Ал, биылғы жылы қор елімізде мемлекеттік үде­мелі индус­триялық-инновациялық даму бағдар­ламасының қабыл­дануына орай бұл бағыттағы іргелі жобалармен ай­налысуда. Мәселен, “Индустрия­лан­дыру картасы” жо­басына инвес­ти­ция тартуда алдын-ала жоспарланған қаражаттың елу пайызға жуығы (22 миллиард доллар) тартылды. Қор жетекшілерінің пікірінше, биылғы 2010 жылдың қорытынды­сында, негізгі және еншілес компа­ниялардың өндірістік және қаржы­лық көрсеткіштер бойынша басты жоспарлары ойдағыдай орындал­мақ. Бір құптарлығы, еліміздің эко­но­микасын тұрақтандыру бағыты ая­сында “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ инс­титуттары арқылы орта және шағын бизнеске қолдау көрсетілуде. Үдемелі индустриялық-иннова­ция­лық даму бағдарламасының елі­міздің эконо­ми­касы саласындағы жақын бес жыл мерзімдегі басты стратегиялық құжат екендігі зор жауапкершілік жүктей­тіндігі белгілі. Бұл орайда “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ биылғы 2010 жылы іргелі жиырма жобаны жүзеге асыруды бастайтындығы көп нәрседен хабар берсе керек. Сөз реті келгенде атап ай­тарлығы, бұл жобалардың ара­сын­дағы төрт жоба жыл аяғына дейін енгізілмек. Оның ішінде Тараз ме­тал­лургия зауыты, “Ме­деу-Шым­бұ­лақ” құрылыс кешенін жетілдіру де бар. Сонымен қатар, Павлодарда жүк вагондары өнд­і­рісі, Атырауда мұнай өңдеу зауыты және Ақтауда битум зауытындағы құрылыс жұ­мыстарын бастау жос­парланған. Та­ғы бір назар ауда­рарлық мәселе, рес­­­пуб­ликалық бас­­қару орталығы ая­сын­да “Сам­ұрық-Қазына” бас­қару ор­та­лы­ғының құрылуы болып отыр. Бір құп­тарлығы, бұл орталық барлық инвест-жобаларға бақылау жаса­мақ. Соны­мен, қазіргі және келе­шектегі ауқым­ды міндет – ин­дус­трия­лан­ды­руды одан әрі дамы­тумен бірге, он­ың өркен­деуіне қо­лайлы жағдай жасау. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.