20 Қазан, 2010

“Менің туым!” асқақ желбіреді

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Көкшетау қаласында “Бірлігіміз жарасқан!” жалпыұлттық науқан шеңберінде облыстық жастар ұйымдарының бастамасымен “Менің туым!” патриоттық акциясы өткізілді. Маңызды шара облыстық ішкі саясат басқар­масындағы баспасөз мәслихатымен басталды. Онда аталған басқарма бастығы Гүлжанар Шөкеева, “Республикалық пікірсайысшылар ассоциациясы” облыстық филиалының төрағасы Берік Рақышев, ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Оксана Салахова, облыстық МАИ басқармасының аға инспекторы Бақыт Әбетова акцияның мақсаты жөнінде әңгімеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 55 мемлекет пен серіктес 12 елдің туларымен бір қатарда желбірейтінін ескерсек, алдағы желтоқ­­сан айында өтетін ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Мем­ле­кет басшыларының Астана Саммиті отандас­та­ры­мыздың мерейін өсіріп, мемлекеттік рәміз­дерімізге мақтаныш сезімін арттыра түсетіні ақиқат. Акцияға қатысушылар Абылай хан және Тәуелсіздік алаңдарында, Абылай хан даңғылы мен темір жол вокзалы ауданында мемлекеттік рәміздердің жасалу тарихы мен оларды қолдану тәртібі жөнінде түсінік беріп, көлік жүргі­зушілеріне салон ішіне қойылатын байрақшалар сыйлады. Көкшетауда көк байрағымыз асқақ желбіреп тұр! Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.