Талғат ЖҰМАҒҰЛОВ – Венадан.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының өкілі, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ЕҚЫҰ департаменті директорының орынбасары Ерболат Сембаев Шолу конференциясының екінші бөлігін ашардағы сөзінде Ұйымның әлдеқашаннан бері қауіпсіздіктің әскери-саяси саладағы қызметін жүргізіп келе жатқанын айтып өтті. “Қару-жарақты бақылау жөніндегі тарихи келіссөздер және сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары ЕҚЫҰ құзырында келісілген болатын. Еуропада қару-жарақты өлермендікпен шығарудың жоқ болуы – бұл біздің Ұйымның сіңірген еңбегі. Сонымен қатар соңғы 20 жылда ЕҚЫҰ қақтығыстарға жол бермеу тетіктерінің арсеналын әзірледі, мұның өзі әлемдегі баршаға ортақ тетіктердің бірі болып табылады. Бұл біз бәріміз мақтаныш ететін мұра”. Қазақстан дипломаты ЕҚЫҰ өңірінде қауіпсіздік қатерінің әлі де бар екендігін еске салып, бұл орайда қаншама жылдар бойы сыннан өткен тетіктердің пайдаланылмай отырғанын айтты. Жиналғандар бұл мәселе бойынша 1-2 желтоқсанда Астанада болатын ЕҚЫҰ Саммитінде ілгерілеушілік болар деген үмітіне сенім білдірді. Әлбетте, қауіпсіздік үшін экономикалық-экологиялық жағдайдың айрықша маңызы бар. Бұл тұрғыда Е.Сембаевтың: “Климаттың өзгеруі мен экономикалық дағдарыс секілді проблемалар біздің ортақ қауіпсіздігімізге экономикалық және экологиялық факторлардың қандайлық ықпал ететінін көрсетіп берді” деген пікірі көпшіліктің ортақ ұйғарымындай естілді. ЕҚЫҰ-ның болашақ рөлі туралы айта келіп ол жиынға қатысушыларды Ұйымды саяси форум ретінде нығайтуға, оның құқықтық негізін орнықтыра түсіп, ресімдерін жақсартуға айрықша көңіл бөлуге шақырды. ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Шолу конференциясы бұрынғы жетістіктерді талқылауға ғана емес, сонымен бірге ілгері басудың жолдарын қарастыруға да арналатынын мәлімдеді. “Болашаққа нық сеніммен қарау үшін ЕҚЫҰ әлдеқайда күшті, әлдеқайда тиімді және озық жарақтанған құрылым болуға тиіс”, – деді ол. Ұйым мүшелері өз азаматтарының алдында, сондай-ақ бір-бірінің алдында ЕҚЫҰ-ның қатысушысы ретінде өз мойындарына алған міндеттемелердің орындалу барысы жөнінде есеп беруі керек. “Бұл міндеттемелер оқиғаларға және өзгеріс үстіндегі қажеттілікке байланысты жанды да тұрақты түрде толығып отыратын зор құрылымды құрайды. Мұның өзі жанды жоба ретіндегі ЕҚЫҰ-ны тұрақты түрде қолдап, жетілдіру керектігін атап көрсетеді”, – деді М.П. де Бришамбо. ЕҚЫҰ-ның соңғы саммиті өткен 1999 жылдан бері қауіпсіздікке төнетін сынақтардың жаңа түрлері туындады. Сол қатарда ұйымдасқан қылмыстылық, киберкеңістіктегі қатерлер, адамдар мен аумақтарды сату секілді трансұлттық сынақтар пайда болып, олар дереу назар аударуды талап етеді. Мұндай қатерлердің көпшілігі ЕҚЫҰ өңірінен тыс жерлерде пайда болғандықтан, мұның өзі әріптес мемлекеттермен және ұйымдармен кең ынтымақтастықты талап етеді. Бұл қарсы тұрудың тиімді шараларын қалыптастыру үшін қажет. Бұл ретте Ұйымның Бас хатшысы Ауғанстаннан тарайтын мұндай қатерлердің нақтылы екендігін атап көрсетіп, ол баршаны мазалайтынына тоқталып өтті. “Бұл қатерлерге қарсы тұруға ұмтылып жатқан Ауғанстанға және халықаралық қоғамдастыққа көмек көрсету үшін жаңаша күш-жігер қажет. ЕҚЫҰ өзінің көпті қамтитын мүшелігі мен қауіпсіздік саласындағы бай тәжірибесі арқасында бұл істегі үлесін кеңейте алады”, деді ол. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті Вольфганг Гросрук Парламенттік Ассамблеяның ЕҚЫҰ жұмысына белсене үлес қосып отырғанын атап көрсетіп, Ассамблеяның рөлін әлдеқайда маңыздырақ етіп, Ұйымды бұрынғыдан да мөлдір және есепті жасайтындай реформа жүргізуге шақырды.Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32