21 Қазан, 2010

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әдебиет пен өнер саласындағы 2010 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап, қаулы етемін: 1. Әдебиет пен өнер саласындағы 2010 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мыналарға берілсін: 1) Амандос Ақанаевқа, суретші – “Ұлы елдің тарандысы” (шежіресі) жобасы үшін; 2) Шәмші Қалдаяқовқа (марқұм), композитор – “Бақыт құшағында” әндер жинағы үшін; 3) Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовке (марқұм), ақын – “Менің Қазақстаным” өлеңдер мен дастандар жинағы үшін. 2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының  Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы қазанның 18-і.   №1086
Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше