22 Қазан, 2010

Қарасайлық прокурорлар қуанышы

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміздің аумағында мемлекет мүддесін қорғап, оның атынан сөйлейтін прокуратура орган­дары­на жүктелген міндет пен жауап­кершілік батпандай. Осын­дай ауқымды міндеттегі сала қызмет­керлерінің еңбек етуіне жағдай жасау мақсатындағы жұмыс жал­ғасып, Қаскелең қаласында аудан­дық прокуратураның жаңа ғима­раты пайдалануға берілді. Осы ме­рейге Бас Прокурор Қайрат Мә­ми арнайы қатысып, құқық қорғау саласының қызметкерлерін құт­тықтап, атқарылған жұмыс­тарға, құқық қорғау саласына соңғы кез­де жасалған жағдайларға тоқталды. Бұдан кейін облыс әкімі Серік Үмбетов облыстың экономика­лық, әлеуметтік және мәдени дамуы­на тоқталып, конститу­ция­лық тұрғыда заңдылықты қадаға­лау мен ны­ғайту құқық қызметін атқарған кәсіби маман­дарға бай­ланысты болатынын, заман тала­бына сай әсем ғимаратпен қамты­луы ғанибет екендігін атап өтті. Бұл Елбасының қолдауы мен қам­қор­лығы деп түсінуге тиістіміз, деді. Жаңа ғимарат құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталып, рес­­публикалық бюджеттен 145 млн. теңге қаржы бөлініп, жылдан аса уақытта құрылыс сапалы аяқ­талды. Жаңа прокуратура ғимарата­ның кө­гілдір лентасы қиылып, жа­ңа, кең, жарық бөлмелерді ара­ла­ғандар әрбір қызметкердің жұ­мыс каби­нет­терін­дегі компью­тер мен элек­тронды жүйеде қабыл­дау, тағы бас­қа техни­калардың жұмы­сымен танысты. Қарасай ауданының прокура­турасына облыс әкімі жеңіл авто­көліктің кілтін тапсырып, қызмет­теріне сәттілік тіледі. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы, Қарасай ауданы.