ЖАУАПСЫЗДЫҚ
Ес білгелі жадымда жүрген арманым, соғыста қаза тапқан Үдер ағамның жерленген жеріне атамекенінен бір уыс топырақ апарып салу еді. Сол ойымды іске асыруға Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында әрекет еттім. 2009 жылдың желтоқсан айында Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне өзімнің тілек-өтінішімді білдіріп барғанмын. Олар маған 2010 жылдың 9 ақпанында Витебск қаласына баруға анықтама берді. Негіз 1995 жылы “Боздақтар” кітабына кірген дерек еді. Жинақтың 50-бетінде: “Демесінов (Демегенов) Үдер 1920 жылы туған, 1941 жылы Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қаласы, Сығынды ауыл советінен соғысқа аттанып, 1944 жылғы 6 наурызда қаза тапқан”, – делінген және де: “Белоруссияның Витебск қаласынан 300 метр солтүстікке қарай жерде жерленген”, – деп тайға таңба басқандай етіп жазылған. Бірақ, ағам ол жерде жерленбек түгілі, Витебскінің мұрағатында да аты-жөнімен жоқ болып шықты. Сонда, “Боздақтар” кітабын шығарушылар мұндай жалған деректі қайдан тауып жазған? Беларусь бауырлардың айтуы бойынша, Маңғыстаудағы жергілікті қорғаныс істері жөніндегі департамент бізді мұнда жібермес бұрын, Витебск комиссариатына қоңырау шалып, сұраныс жіберуі керек екен. Олар сол өтініш бойынша жұмыс жүргізіп, бәрі дұрыс болған жағдайда ғана өтініш иелеріне келуге болатынын хабарлайтынын түсіндіріп айтты. Біздегілер осы тәртіптен бейхабар сияқты. Оған менің бос сандалып барып қайтуым анық дәлел. Мен өзім зейнеткермін, оның үстіне сусамыр (сахарный диабет) дертіне шалдығып, дәрігердің бақылауында тұрған адаммын. Сондықтан сапарға мейірбике қызметінде жүрген қызымды бірге ала кеткенмін. Барған шаруам бітпей бос әуре болып қайтқаныма уайымдап, қайтар жолда 5 күн бойы пойызда сырқатым сыр беріп, ауырып қайттым. Бос жүрісімнің шығынын кімнен талап етемін? Дер кезінде көмек бере алмаған жауапты адамдар өз қателіктері мен жауапсыздықтары үшін жүкті мойнына ала ма, алмай ма? Менің осы жан күйзелісім жоғарыда отырған жауапты адамдарды да толғандырмай қоймас деп есептеймін. Т.ДЕМЕГЕНОВ. Ақтау .Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32