29 Қазан, 2010

ҮКІМЕТ «Егемен Қазақстанның» апталық қосымшасы

430 рет
көрсетілді
26 мин
оқу үшін

МАҚСАТ — БІР ҚАДАМ АЛДА БОЛУ

Әрбір адамның, жалпы қоғам­ның қауіпсіз өмір сүруін қам­та­масыз ету мемлекет үшін ұлт қауіп­сіз­дігінің құ­рамдас бөлігі бо­лып та­былады. Атал­ған мәселенің қажетті­лігі мен көкей­кестілігін бұ­қа­ралық ақпарат құралда­рындағы та­биғи апаттардың қаупі, тұр­мыстағы және мекеме­лердегі өрт, өндіріс нысанда­рында орын ала­тын қайғылы оқиға­лар жайлы әрбір ақпарат айғақтай түседі. Күн сайын табиғи және тех­ногендік си­пат­тағы катаклизмдер салдары­нан әлемде көптеген адам­дар зар­дап шегуде. Бұған әр елдегі тө­тен­ше жағдайлар­дың орын алуы­ның өсу дәрежесі дәлел бола алады. Іс жүзінде табиғи апаттарға қар­сы тұру мүмкін емес. Дегенмен, Елбасы бұл мәселеге айрықша назар аударып отыр. Президент Н.Назар­баев Қазақ­стан халқына биылғы Жолдауында төтенше жағ­дайларды ұлттық қауіп­сіз­дікке қа­тер ретінде атап көрсетті. Ағымдағы жылы біздің мемлеке­тімізде де бірқатар қайғылы оқи­ғалар орын алды. Абырой болғанда, минис­трліктің жақсы дайындалған құт­қару бөлімдерінің жұмысы бары­сында үлкен адам шығынына жол бер­меудің сәті түсті. Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан басқару органдарының төтен­ше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесі күш­терін даярлау, төтенше жағ­дай­лар кезінде халықты іс-қимылдар жасауға үйрету жөнінен белгілі бір ұйымдас­тыру және тәжірибелік жұмыстар жүргізілуде. Үкіметтің 2003 жылғы 17 қаң­тар­­дағы “Төтенше жағдайлар сала­сында халық пен мамандарды оқы­ту, білім­ді насихаттау, ақпарат­тан­дыру ережелерін бекіту туралы” №50 қаулысында көрсе­тілгендей, Қазақ­станда халық пен басқарушы құ­рамды дайындау­дың бірыңғай жүйесі жүзеге асы­рылуда. Бүгінгі күні төтенше жағдайлар­дың алдын алу және жоюдың мем­­ле­кеттік жүйесі және азаматтық қор­ғаныстың басқарушы құрамы мен мамандарын дайындаумен Қазақ­стандағы бірден-бір оқыту орта­лығы – “Төтенше жағдайлар жә­не аза­мат­­тық қорғаныс сала­сын­дағы бас­қару­шы құрамның білік­тілігін артты­рудың республикалық курсы” РМҚК айна­лысады. Жыл са­йын республикалық курстан 1,0-1,5 мың тыңдарман өтеді. Ағым­дағы жылдың 9 айында мұнда 942 тыңдаушы білі­мін жетілдірді, олар орталық және жергілікті атқарушы органдардың, республикалық меке­мелер мен ұйым­дардың басқарушы құрамы, жо­ғары, кәсіби орта оқу орында­рының ғылыми-зерттеу инс­титуттарының басшылары, Азамат­тық қорғаныс және төтенше жағ­дай­ларды басқару органдарының ма­мандары. Министрліктің аумақ­тық органдары жергілікті жерлерде ұйым басшы­ларын, азаматтық қорғаныс құрылым­дарының ко­ман­дирлерді, мекемелерде сабақ бе­ретін топтар­дың жетекші­лерін, бас­тауыш сынып мұғалімдерін және алғашқы әскери дайындық пә­нінің мұғалімдері, мектепке дейінгі мекеме басшы­ларын, пәтер иелері кооперативтері төрағаларын, қауіп­ті нысан маман­дарын да­йындау және қайта даярлау жұ­мыс­тарын ұйымдастырады. Ел аума­ғы­ның үлкендігін және түрлі табиғи, техногендік си­паттағы жағ­­дай­ларға бейім аймақ­тар­­ды есеп­ке ала отырып, минис­трліктің ау­мақтық органдарының облыс орта­лығынан шалғайдағы елді мекен­дерге барып, көшпелі оқыту жұ­мыс­тарын жүргізуі тәжірибеге енгізілуде. Көшпелі оқыту бары­сында басқару органдары және ұйым басшылары мен қызмет­керлерін оқытудан басқа, төтенше жағ­дайлар қаупі туған кезде жүр­гізілетін жұмыстар бойынша жұрт­шылықпен кездесу, жаттығу, оқыту жұмыстары жүргізіледі. Үстіміздегі жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін облыс­тық, Астана, Алматы қалаларының төтен­ше жағдайлар департаменттері та­ра­пынан жергілікті және рес­пуб­лика­лық телеарналарда 8929 бейнесюжет көрсетілді, радиодан 15908 хабар берілді, мерзімді ба­сы­лымдарда 8450 мақала, очерктер жарияланды. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша мамандарды оқытулар, жаттығулар және кездесу­лерде 18607 баяндама жасалды, 3090 бейнеролик көрсе­тіл­ді. 837 әдістеме­лік және көрнекі құралдар, ұсыныс­тар басқа да үгіт-наси­хат материал­дары әзірленіп, таратылды (барлық тара­тылған материалдар саны – 194 179 дана). Төтенше жағдайлар барысын­дағы іс-қимылдар туралы 1483 ақ­па­раттық-анықтамалық стенд­тер жасалды. Халықпен 4110 кез­десу ұйым­дастырылды, 132396 дәріс оқылды, оған 561960 адам қа­тысты. Аза­­маттық қорғанысты қа­лыптас­ты­руға кірмейтін қызметкер­лермен мекеме­лерде бекітілген бағ­дар­ла­ма­ға сай жоспарлы сабақтар жүр­гі­зі­ліп, тақырыптарға сәйкес сынақ алын­ды. Жұртшылықты оқыту бары­сын­да “Назар аударыңыздар!” дабылы бойын­ша дұрыс іс-әрекет жасауға көңіл аударылады. Жұмыс істейтін ха­лық кешенді оқытуға, нысандық жат­тығуларға және басқа да жат­ты­ғу түрлеріне тартылады. Қызмет істе­­мейтін халықтың бір бөлігі өзді­гі­нен, яғни буклет, мерзімді басы­лымдардағы мақалаларды оқу, теле­бағдарлама­ларды көру, сондай-ақ, оларды дайын­дық жұмыстарына қа­тысуға тарту арқылы түсінік ала­ды. Жоғары оқу орын­дарында және жалпы білім бере­тін мектептерде оқу бағдарламасына сәйкес “Өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері” пәні жүргізіледі. Бұдан басқа барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептер мен кәсіби-техникалық мектептерде “Аза­маттық қорғаныс күні” өт­кі­зіледі. Биылғы жылы ол “Апаттар меди­цинасы” тақы­рыбына ар­налды. Мемлекеті­міздің барлық ай­мақ­тарында төтенше жағ­дайлар және азаматтық қорғаныс бойынша түсін­діру жұмыстары кеңі­нен жүр­гі­зілді. Басшылар мен маман­дар­дың халық алдында баяндама жасауы, байқау­лар, бейнема­те­риал­дар, төтенше жағдай барысындағы іс-әрекет ту­ралы арнайы көрсеті­лім­дер, апаттан құтқару техника­ла­рын көрсету және т.б. іс-шаралар өткізілді. Мектеп оқушыларын, арнау­лы орта және жоғары оқу орын­дары студенттерін оқытуда интерактивті әдістерді қол­дану тиімді. Бұл жерде табиғи апат­тар, өрт, тер­рорлық акт қаупі туған, т.б. төтенше жағдайлар кезіндегі ереже бойынша әрекет ету үйретіле­ді. Ағым­дағы жылдың басынан бері Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып ТЖМ-нің құры­лымдық бөлімдері мен аумақтық орган­дары жалпы білім беретін ме­кемелерде 72 инте­рактивті сабақтар жүргізді, осындай оқыту түрін “Республикалық дағдарыс орта­лы­ғы” мемлекеттік мекемесі арқылы жүргізу тәжірибеге енгізілуде. Жасөспірімдер арасында өмір сүру қауіпсіздігі, зардап шек­кен­дер­ге көмек көрсету, оларды құтқару сала­сындағы теориялық және тәжі­рибелік дағды­ларды қалыптас­ты­руға бағытталған түрлі үйірмелерге, секцияларға, қоғамдық қозғалыс­тар­ға деген қызығушылық та бай­қала­ды. Бірқатар мектептерде осыған ұқсас үйірмелер жұмыс жасайды. Бұл жұмыс Солтүстік Қазақ­стан облысында жақсы жолға қойылған. Мұнда балалар, оқу­шылар және студенттермен өртке қарсы, жалпы төтенше жағдайларға байланысты тақырыптарда өткізіл­ген әңгіме-сұхбаттар, түрлі байқау­лар, жарыс­тармен аяқталады. Ағымдағы жылы Алматы қала­лық ТЖД Қ. Сатпаев атындағы ҚазҰУ-мен бірлесе отырып, оқу үрді­сіне оқыту­дың логистикалық жүйесін енгізе бастады. Бұл жүйе бойын­ша сәуір айында Алматы қаласының студенттік құра­мының қатысуымен тактикалық арнайы оқулар өткізілді. Азаматтық қорға­ныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша сабақ жүр­гізетін мамандардың айтуынша оқы­тудың бұл түрі дайындық сапасын арттыруға мүмкіндік бе­реді. Су тасқыны болуы қаупі бар аймақтарда орналасқан ұйым, оқу орындарында жылына 1 рет сел басталуы кезеңінің алдында дайын­дық жүргізіледі. Дайындықтың негізі прак­тикалық оқулар және тактика­лық арнайы оқулар болып табыла­ды. Аза­маттық қорғаныс құрылым­дарының жеке құрамы кешендік оқытуларда нысандық дайындық­тарға, топтық-штабтық оқуларға, сейсмо-сел дайындықта­рына, апаттық жағдайлар бойынша дайындықтарға қатысады. Қорыта келгенде, төтенше жағдай­лар саласында халық пен бас­шы­ларды оқытуды ұйым­дас­ты­руды жақсарту­дағы министрліктің алдын­дағы маңызды міндет республи­калық дайын­дық курсының басқару құрамы мен министрліктің аумақ­тық орган­дарында тың­дар­ман­дармен жүргізіле­тін оқытудың сапасын арттыру болып табы­лады. Оқыту үрдісі барысында қазір­гі ақпараттық технологияларды, компьютерлік оқыту бағдарламаларын, түрлі ойын­дар, бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдайлар бары­сында іс-әрекет дағдыларын жандандыру бойынша тренажерлерді кеңі­нен пайдалануымыз керек деп есептейміз. Бүгінгі күні жалпы білім беретін мекемелердегі “Өмір сүру қауіпсіздігі негіз­дері” пәнін оқыту фор­масы бізді қа­нағат­тан­дыр­май­ды. Сон­дықтан осы мәсе­ле­лер бойын­ша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сейітқажы ОҚАСОВ, Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы.

* * *

ТОҒЫЗ АЙДЫҢ ТОЛЫМДЫ ТАБЫСТАРЫ

Мемлекет басшысының тапсырма­сымен өткен жылдары ел Үкіметінің әлем­дік қаржы-экономикалық дағдарысқа қарсы жедел қабылдаған іс-қимыл бағ­дарламаларының арқасында экономи­камыз күрделі қиындықтарға ұрынған жоқ. Кейбір дамыған елдердің өзі рецес­сияға ұшырап жатқанда, еліміз бұрынғы жылдардағыдай даму қарқыны жоғары бол­мағанымен, 2009 жылды табысты аяқ­тады. Жыл қорытындысындағы оң сальдо дағдарыстан кейінгі 2010 жылды тың қарқынмен сәтті бастауға мүмкіндік берді. Міне, осының нәтижесінде Қазақстан экономикасы үшін биылғы жыл жаңа даму дәуірінің тұғырлы бастауына айнал­ған сияқты. Оны өткен тоғыз айдағы елі­міз­дің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы нақты айқындады. Осы жерде тағы бір ерекше атап көрсететін мәселе, еліміздің дағдарыстан кейінгі даму деңгейіне Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың бастамасымен жүзеге асырыла бастаған Қазақстанның 2020 жылға дейінгі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы да игі ықпал етіп отыр. Атап көрсетер болсақ, үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында ғана еліміз бойынша технологиялық жағынан алғанда бүгінгі еуростандарттарға толық жауап беретін 72 ірі кәсіпорын іске қосылып, мыңдаған адам жаңа жә­не тұрақты жұмыс орындарымен қам­тылды. Сонымен өткен то­ғыз айдың әлеуметтік-экономикалық көрсет­кіштері не дейді? Осы маңызды мәселеге бай­ланысты Премьер-Ми­нистр К.Мәсімовтің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отыры­сын­да сөз алған барлық министрлер мен сала басшылары дағдарыстан кейінгі даму үрдісінің алғашқы мәресі болып табылатын биылғы жыл­дың тоғыз айында ел эко­номикасының бар­­лық салалары бойын­­­ша жоғары даму нәтижеле­ріне қол жет­кендігін атап көрсетті. Экономикамыз­дың тұ­ғырын құрайтын негізгі 6 саланың: өнер­кәсіп, ауыл шаруашы­лығы, сауда, құрылыс, көлік және байланыс салала­рының даму динамикасын айқын­дайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 8 пайызға өскен.  Қазақ­станның экспорт­қа бағытталған өнімдеріне әлемдік рынок­тағы бағаның жоғарылауы, дағда­рыстан кейінгі дамуға байланысты ішкі сұраныс­тың өсуі өнеркәсіп өнімі көлемінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 10,4 пайызға артуына ықпал етті. Жалпы алғанда, тоғыз айдың ішінде Қазақстанның өнеркәсіп орындары 8,4 трлн. теңгенің өнімін шығарды. Нақты кө­лем индексі 110,4 пайызды құрады. Өнер­кәсіп өнімін өндіру көлемі Ақмола облысы бойынша 125,3 пайыз, Алматы қаласы бойынша 125 пайыз, Павлодар облысы бойынша 124,7 пайызға жетті. Осы мерзімде қайта өңдеу өнеркәсібі 2,6 трлн. теңгенің өнімін шығарып, өткен жылдың сәйкес  кезеңімен салыстырғанда өнім шығару көлемін 19,1 пайызға арттырған. Оның ішінде химия өнеркәсібі 70,5 млрд. теңгенің, мәшине жасау саласы 230 млрд. теңгенің өнімдерін шығарған. Тау-кен саласының кәсіпорындары 5,2 трлн. теңгенің өнімін шығарды. Бұл ретте өткен жылмен салыстарғанда темір кенін шығару 17,8, көмір және лигнит  шығару 2,3 пайызға ұлғайды. Атом өнеркәсібі тоғыз айдың ішінде 12514 тонна  уран өндірді. Ал электр энергиясы саласында 505,6 млрд. теңгенің қуаттары өндірілді. Ауа райының қолайсыздығына қара­мастан еліміздің аграрлық саласы бұрын­ғы даму қарқынын біршама сақтады. Биыл астықтың бункерлік салмақтағы жалпы түсімі 13,6 млн. тонна болды. Сонымен бірге еліміздің ішкі рыногының сұранысын қанағаттандыруға толық жете­тін майлы дақылдар, күріш және басқа да өнімдер жиналды. Есепті кезеңде ет өн­ді­ру көлемі 4,1 пайызға, сүт – 1,5, жұ­мырт­қа – 12,6, жүн өндіру  3,6 пайызға өскен. Биылғы жылдың қаңтар-тамыз ай­ларын­да сыртқы сауда айналымы  27,6 пайызға өсіп, 55 млрд. АҚШ долларына жет­кен. Оның ішінде экспорт көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыс­тырғанда 52,3 пайызға артып, 38,4 млрд. доллар болса, импорт көлемі 16,6 млрд. долларды құрады. Есепті кезеңде өткен жылмен салыстырғанда импорт көлемі 7,2 пайызға төмендеген. Бұл негі­зінен елімізге әкелінетін инвестициялық тауарлардың азаюының салдарына бай­ланысты болды. Жалпы алғанда биылғы қаңтар-тамыз айларындағы сауда балансы 2009 жылдың сәй­кес кезеңімен салыс­тырғанда 3 есе артқан. Отандық экономикамыздың тұрақты өсу жолына түсуіне Кеден одағының арқасында қол жеткен тауар өткізу рыногының кеңеюі игі ықпал етіп отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың 8 айы ішінде Қазақстанның Ресеймен сыртқы сауда айналымы 8,5 млрд. доллар, Беларусь Рес­публикасымен 300 млн. АҚШ долларын құрап, 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 11,8 және 5,6 пайызға артқан. Тоғыз ай ішінде еліміз мұнай және газ экспорттауды 5,9 пайызға арттырды. Мұ­най өндіру компанияларының деректері бойынша, 2010 жылдың тоғыз айы ішінде елімізде 58,9 млн. тонна мұнай және газ конденсаты өндірілген. Оның 52,9 млн. тоннасы экспортқа шығарылған. Бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,9 пайыз болды. Жоспар бойынша биыл еліміз 80 млн. тонна мұнай және газ конденсатын өндіріп, оның 73 млн. тон­насын экспортқа шығармақ. Биыл отан­дық 3 мұнай өңдеу зауыты 13,1 млн.тонна шикі мұнай өңдеп, 2,8 млн.тонна бензин, 3,9 млн.тонна дизель отынын өндірмек. Есепті кезеңде еліміз бойынша 27,2 млрд. текше метр табиғи газ шығарылған. Меже бойынша биылғы жылы барлығы 37 млрд. текше метр табиғи газ шығарылады деп күтілуде. Қаржы министрінің мәлімдеуінше, биылғы жылдың тоғыз айында мемлекет­тік бюджетке 2 995,6 млрд. теңге қаржы құйылған. Осы кезеңде бюджет шығыны 3 443,1 млрд. теңгені құраған. Яғни, бюджет тапшылығы 447,5 млрд. теңге болып отыр. Тоғыз айдың ішінде барлық салық түрлері бойынша мемлекеттік бюд­жетке 1 970,5 млрд. теңге салық түскен. Бұл – жоспарда көрсетілген межеден 166,8 млрд. теңгеге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 406,5 млрд. теңгеге артық. Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетке 156,4 млрд. теңге қаржы түскен. Өткен жылдың сәй­кес мерзімінде бұл көрсеткіш 86,3 млрд. теңге болған. Яғни, өсім 81,2 пайыз­ды құрап, еліміздің экономикасының биылғы жылғы қарқынды өсу деңгейін айқында­ды. Бюджетке түскен қосымша құн салы­ғы 479,8 млрд. теңге немесе жоспардың 111,6 пайызы мөлшерінде болды. Сол сияқты бюджетке түсетін салықтың басқа түрлерінің де өсу динамикасы байқалды. Тоғыз ай ішіндегі жергілікті бюджеттердің табысы жоспардағы 1 782,9 млрд. теңгенің орнына 1 804,7 млрд.теңге болды. Ағымдағы жылдың тоғыз айында республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 596,8 млрд. теңге мақсатты трансферттер бөлінді. Бүгінгі күнге дейін оның 548,9 млрд. теңгесі игерілді. Осы мерзімде республикалық бюджеттен “Жол картасы” шараларын қаржыландыру үшін өңірлерге 91,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, оның 88,7 млрд. теңгесі игерілді. Осы жерде атап өтетін бір мәселе, “Жол картасы” бойынша бюджет қаржысы бөлініп отырған негізгі салалар, қалаларды және елді мекендерді абаттандыру және инженерлік-комму­никациялық инфра­құрылымды қайта құру және дамыту болып отыр. Осы мақсаттар үшін 2010 жылы республи­калық бюджеттен 32,8 млрд. теңге қаржы бөлінбек. 2010 жылы рес­пуб­ликалық бюджет­тен “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарла­масын іс жүзіне асыру үшін 14,0 млрд. теңге қаржы қарасты­рыл­ған.  Оның ішінде же­ке кәсіпкерлікті қолдау үшін респуб­ликалық бюджеттен 2,8 млрд. теңге, ин­дустриялық инфра­құрылымды дамыту үшін 1,2 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде үстіміздегі жылдың екінші жарты-жылдығында технологиялық жарақтандырылуы жоғары, жалпы құны 459 млрд. теңге тұратын 80-ге жуық жаңа кәсіп­орын іске қосылуға тиіс. Қазіргі күнге дейін оның ішіндегі 7 ірі жоба іске қосыл­ды. Жыл аяғына дейін қалған 65 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл ретте Индустрия­ландыру картасына енгізілген жобалардың барлығы қаржымен толық қамтамасыз етілгендігін ерекше атап көрсету керек. 2020 жылға дейінгі елімізді дамытудың үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы шеңберінде іске қосылатын бұл озық өндіріс ошақ­тарының ел эконо­ми­касының ертеңгі болашағына серпінді тұғыр бола­тындығы даусыз. Ел экономика­сының осы тоғыз ай ішіндегі даму қар­қынын жыл аяғына дейін сәтті жалғас­тыру мақсатында мынандай келелі іс-шараларды жүзеге асыру қажет. Бірін­шіден, үстіміздегі жылы басталған ел­дің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде Индус­трияландыру карта­сына енген жобалар­ды жүзеге асыруды толық қамтамасыз ету керек. Екінші­ден, ірі инвести­ция­лық жобаларды жү­зеге асырумен қатар, Үкімет кәсіпкерлік саланың дағдарыс­тан кейін дамуына және жаңа бизнес бастамаларды, оның ішінде шағын және орта бизнесті қолдау үшін “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарла­масын  жүзеге асыруды одан әрі жалғас­ты­ру қажет. Бүгінгі күнге дейін осы бағ­дар­лама шеңберінде жалпы несие көлемі 64,3 млрд. теңге болатын 111 жоба мақұлданып отыр. Үшіншіден, бизнестің дамуына жан-жақты жағдай жасау үшін арнайы жасалған заң жобасын кешіктір­мей қабылдау қажет. Ең бастысы, Кеден одағы шеңберіндегі интеграция мен сауда қатынастарын одан әрі кеңейтуге жол ашып отырған жаңа мүмкіндіктерді толы­ғымен пайдаланып, еліміздің экс­порттық әлеуетін барынша арттыру керек. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

* * *

КОММУНАЛДЫҚ САЛАҒА НАЗАР

Астанада “Көрме” көрмелер орталығында “Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы: проблемалар, оларды шешу жолдары және сала келешегі” атты алғашқы халықаралық конференция мен “ТКШ-ЭКСПО-2010” көрмесі өтті. Аталмыш саланың ашылу салта­натына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев қатыс­ты. Сондай-ақ конференция жұмы­сына ТКШ саласындағы белгілі қазақстандық және шетелдік сарап­шылар, коммуналдық кәсіпорындар мен пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) басшылары, ғалымдар қаты­сып, салаға қатысты түрлі ой-пікір­лерін ортаға салды. Басқосудың басты мақсаты – ұзақ мерзімді іскерлік байланыстар орнату мен тәжірибе алмасу, саладағы күрделі мәселелерді шешудің жолдарын бірлесіп талқылау болып табылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығы ел экономикасының маңыз­ды бөлігі десек, бұл салада 2 мыңнан астам кәсіпорын қызмет етеді. Олар­дың 60 пайызы коммуналдық мен­шікте. Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы саласында 200 мыңға жуық адам еңбек етеді. Ел ІЖӨ-сін­дегі тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығының үлесі – 5,4 пайыз. Атал­ған саланың тұрақты түрде қызмет етуі мемлекеттің дамуында ерекше орын алады, дейді ұйымдастырушылар. Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Үкімет 2020 жылға дейін ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын мақұлдаған. Осы бағдарламаны іске асыру тетіктері де халықаралық конферен­цияда талқыланды. Конференциямен қатар өткен “ТКШ- ЭКСПО-2010” көрмесіне тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылы­ғын­дағы ғылыми жетістіктер мен ин­но­вациялық технологиялар қойылған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лығы, сумен жабдықтау, жылу электр энергиясы, газбен жабдықтау сала­сында жұмыс істейтін компаниялар мен кәсіпорындар да өз жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Көрмеден көздің жауын алар тұрғындар тұтынуға қажетті түрлі дүниелерді де көптеп кездестіресіз. Соның бірі керамикалық тандыр пеші дер едік. Негізі Ресей өнімі саналатын бұл пештің үлкен түрінен бастап шағын бес-алты түрі қаздай тізіліпті. Балық, тауықтан бастап, кәуап, қой еті мен көкөністерді арнайы дәмде пісіретін мүмкіндіктері де молынан екен. Бұл пештің Астанадағы сатушы мамандары Дмитрий Овчаренко мен Петр Чайлинский оны қалай пайда­лану мен сатып алу үшін қолдарынан келген кеңестерін беруге қашанда әзір. Оны біз осы керамикалық пештің қыр-сырымен танысқысы келген кез келген жанға жалықпай жауап беріп жүргендерінен анық байқадық. Байқап қана қоймай, көрменің жоғары деңгейде үлкен дайындықпен ұйым­дас­тырылғанына да көз жеткіздік. Аталмыш қос шараны ұйымдас­тырушылар, бұйыртса, мұндай үлкен шаралар алдағы уақытта да өз жалға­сын табады деген үмітте екендіктерін айтады. Ал оны тамашалаған жұрт тілегі де осыған саяды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.

* * *

ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЖЕТІСТІГІ

Үкімет басшысы К.Мәсімовтің қатысуымен тікелей режімде Алматы қаласында 700 мегагерц жиіліктегі LTE технологиясы бойынша 4G стандартының іске қосылғаны туралы бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Олай болса, бұл жаңа жүйенің ерекшелігі неде? Жаңадан өмірге енгізіліп отырған LTE жүйесінің қолданылу аясы өте кең. Мәселен, ол арқылы телемеди­ци­на, қашықтан оқыту және басқа да ел өмірі үшін маңызды салаларда сапалы қызмет көрсетуге болады. Аталмыш жүйе арқылы, яғни қызметтің осы түрінің көмегімен интернет арқылы жоғары жылдамдықтағы байланысты жолға қоюдың да мүмкіндіктері мол. Сонымен қатар, ол үзіліссіз жұмыс істеуге де қолайлы жағдайлар туғызбақ. Атап өтер жәйт, Қазақстан әлемдік телекоммуникация рыногындағы осынау соңғы жаңалықты алғашқылардың бірі болып енгізіп отыр. Қазақстандық LTE байланысы – посткеңестік елдер ішіндегі 7000 мегагерц диапазонында жұмыс істей ала­тын алғашқы жүйе.  Бүгінде 4G бай­ла­­ныс жүйесі Швейцария мен Норвегияда қолданылады. АҚШ-тың өзі оны алдағы қараша айында енгізуді жоспарлап отыр.  “ВымпелКом ЛТД” компаниялар тобының ТМД елдері бойынша бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Д.Кромскийдің айтуынша, 2015 жылға қарай байланыстың осы түрін қолданушылар саны 4 миллион адамға жуықтайтын көрінеді. 4G байланысын қолданысқа кеңінен енгізу бағытында Қазақстан Үкіметінің бас­шысы Байланыс және ақпарат министрлігі ал­дына нақты міндеттер белгіледі. Ең бас­ты­сы, аталған қанатқақты жоба мерзімі елімізде өтетін ЕҚЫҰ саммиті мен Қысқы Азия ойын­дары кезеңдеріне дейін ұзартылатын болады. С.АЛМАСОВ.

* * *

ҮНЕМ ҰҚЫПТЫЛЫҚҚА БАСТАЙДЫ

Табиғи монополияларды реттеу агент­ті­гінің төрағасы  Нұрлан Алдабергеновтің қатысуымен Елбасының  “Жаңа онжыл­дық – жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның  жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық инфрақұрылымының жаңғыртылуына қатысты, энергия ресурстарын үнемдеу, оның үлестік пайдалану шығындарын  төмендету мәселелерін түсіндіру жөнінде жиын өтті. – Теңестірілген тарифтерді енгізу электр энергиясын 150 миллион квт/сағат шамасында, көмірді 30 мың тонна, яғни 500 вагондай үнемдеуге мүмкіндік берген. Мұның өзі ауаны ластайтын күл-түтіннің 13,5 мың тоннаға төмендеуіне септігін тигізген. Еліміз бойынша алғанда жаңа тарифтің арқасында түскен пайда 2 мил­лиард теңгеден асып түсті, тұтынушылар  үнемдеген ақша осындай, – деді Нұрлан Алдабергенов. Үнемдеу жағынан Қостанай облысы да артта қалған жоқ. Әсіресе, оған тұр­ғындарға коммуналдық қызмет көрсетіп отырған “Қостанай-су” мемлекеттік ком­муналдық кәсіпорны,  “Қос­танай­ЭнергоОрталығы” ЖШС, “Қостанай жылу-энергия компаниясы” мем­лекеттік-коммуналдық кәсіпорны жақсы үлес қосты. Олардың  жөндеу-ауыстыру, техникалық ысыраптарды болдырмау және  тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының арқасында  теңдестіріл­ген тарифті енгізуден  электр энергиясы бойынша 30 миллион теңге пайда түс­кен. Ал суды үнемдеуден 17,6 миллион, жылуды үнемдеуден 77 миллион теңге  пайдаға қол жеткізді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.