29 Қазан, 2010

“Еуропаның кішкентай аруы” Көкшетауда тұрады

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” ХДП Ақмола облыстық фи­лиалында Анталияда өткен “Әлемнің кішкентай аруы – 2010” халықаралық байқауында “Еуропа ханшайымы” атанып, еліміздің абыройын көтерген сегіз жасар Ботагөз Камерованың жеңісі құрметіне баспасөз конференциясы ұйымдас­тырылды. Көкшетау қаласындағы №12 орта мек­теп­тің үшінші сыныбында оқитын Ботагөз Түркияға жүрер алдында қалалық, облыс­тық, республикалық жүлделердің бар­лығын жеңіп алған. “Нұр Отан” партиясы­ның облыстық ұйымы алыс шетелге Бота­гөздің анасы Анардың қызымен бірге баруы­на қар­жылай көмек көрсетіпті. Бұл бүл­діршін­нің әлемдік сыннан сүрінбей өтіп, таңдаулы 70 қыздың ішінен топ жаруына демеу болғаны анық. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.