Алдағы жылға арналған “Қазақ күнтізбесі” “Қазақстан” баспасынан басылып шықты. Құрастырған дейміз, бірақ жазып шыққан Нұрмахан Оразбек десек, әділ болар еді. Өйткені, бұл түрлі мағлұматтарды тізіп шыққан анықтамалық қана емес, оқырманның жанын жадыратар нақышпен жазылған қысқа-қысқа эсселердің, байыпты ақыл-кеңестердің, сараптамалардың, ұлттық құндылықтарымыз туралы тұжырымдардың жиынтығы іспеттес дүние.
Жалпы, “Қазақ күнтізбесі” туралы айтқанда, алдымен осынау белгілі қаламгеріміздің ұлттық нысанамыздың біріне айналған күнтізбемізге қамқорлығын аттап өте алмайсың. Түрлі-түрлі қиындықтарды бастан кешіп, бірде қағаз, бірде басқасы жетпей жатқан кезде де, қалайда күнтізбені шығаруды тоқтатпас үшін біраз тер төккені бар. Содан да “Қазақ күнтізбесі” жүйелі түрде жыл сайын шығып келеді.
Бұрын жыртпалы дейтін күнтізбе тек Ресейде басылатын. Оған тапсырыс беріп, оны жеткізу де әжептәуір қаржыны талап етер еді. Сол қиындықтан шығу үшін “Қазақстан” баспасы оның түрін өзгертіп, енді ол әр беті бір күнге арналған шағын кітап ретінде шығатын болды.
Бұдан, сірә, барлық жақ та ұтқандай-ау. Баспа шетке тапсырыс беріп, артық шығынданып жатпайды, ал тұтынушы оның әр парағындағы мағлұматтарды, анықтамалықтарды, сондай-ақ пайдалы кеңесті бір оқып, тастай салмайды, қажет кезінде қайта оқу мүмкіндігіне ие болады. Тіпті кейінге де сақтап, ұзақ пайдасын көреді.
Енді күнтізбенің мазмұнына келсек, онда алдағы жылы болар талай оқиғалар туралы қысқа да нұсқа дейтіндей мағлұматтар жетерлік. Ең бастысы – еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығы атап өтіледі. Бұл ұлы оқиғаны күнтізбе күн сайын еске салады – оның әр беті “Тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылы” деген сөздермен ашылады.
Күнтізбеден біз ел қадірлеген талай қайраткерлеріміздің мерейлі мүшелді жасын білеміз. Алдағы жылы тәуелсіз еліміздің тарихындағы айтулы тұлға – хан Абылайдың туғанына 300 жыл толады екен. Ел болып атап өтетін айшықты мереке. Дина Нұрпейісованың 150 жылдығы – өнердің мерекесі болмақ. Қазақ әйелдері ішінен алғашқы ғылым докторы болған Нәйла Базанованың 100 жылдығы – ғылымымыздың бір биігін көрсетпей ме? Әдеби қауым атақты сыншы Есмағамбет Смайыловтың 100 жылдығын атап өтпек. Айта берсек, құдайға шүкіршілік дейік, еңбегін елі бағалаған абзалдарымыз баршылық екен. Соларды қадірлей білуімізді күнтізбе еске салады.
Осынау кімге де болса айтары да, берері де көп дүние әр үйде тұрса, жөн-ақ дейсің. Жөн болғанмен, көп адамға жетпейді, таралымы аздау. Сөйтсе де, соның өзі байқаусызда қалтарыста қалып қоймай, қажет еткен адамға жетсе құба-құп.
Мамадияр ЖАҚЫП.

Дропперлік шоттардағы миллиардтаған теңге бұғатталды
Қоғам • Бүгін, 12:20
Мемлекеттік басқару неге тиімсіз болып бара жатыр?
Саясат • Бүгін, 12:12
Қазақстан мен Сауд Арабиясы цифрлы қылмысқа қарсы бірге күреседі
Саясат • Бүгін, 12:08
Көлік ұрлығының жаңа схемасы әшкереленді
Қоғам • Бүгін, 12:03
ArtSport-тың дәуірі аяқталды: Балалар енді тегін үйірмеге қатыса алмай ма?
Білім • Бүгін, 11:50
Тарбағатайдағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан Сансызбай Иісұлы туралы не білеміз?
Руханият • Бүгін, 11:47
Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 11:45
Могулшы Анастасия Городко халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:30
Әйгілі «Үйде жалғыз» фильмі үлгісіндегі пряник үйі Гиннес рекордын орнатты
Әлем • Бүгін, 11:20
Активтерді қайтару: 7,5 млрд теңге Қарағанды облысының медицинасына жұмсалады
Медицина • Бүгін, 11:07
Илон Масктың байлығы рекордтық деңгейге жетті
Әлем • Бүгін, 10:51
World Boxing: Махмұд Сабырхан «Жылдың үздік боксшысы» атағына ұсынылды
Бокс • Бүгін, 10:45
Алматыда ірі көлемдегі есірткі арнасы жойылды
Оқиға • Бүгін, 10:32
Франция президентінің резиденциясынан заттар ұрланған
Әлем • Бүгін, 10:27
Қарағанды мектептеріне төнген қауіп туралы ақпарат жалған болып шықты
Оқиға • Бүгін, 10:17