Петр Паллас, саяхатшы неміс ғалымы: Қазақтар қан төгуге құштар емес, біреуді өлтіргеннен гөрі, тұтқынға алғанды тәуір көреді. Адал қызмет еткен құлға қайырымды…
* * *
Генрих Клапрот, қытайтанушы ғалым: 1806 жылдың күзі мен жазында Ертістің жоғары ағысын бойлап, төменгі Зайсан нұр көліне дейін барған саяхат кезінде күн сайын қазақтарды кезіктірдім. Аздап түркі тілін білетіндігім Орта жүз қазақтарымен сөйлесуіме септігін тигізді. Кейінрек басқа екі жүздің қазақтарымен кездескенімде, олардың диалектісіз, бір тілде сөйлейтіндеріне көзім жетті. Қазақ тілі олардың түркі халқы екенін дәлелдейді.
* * *
Адольф Янушкевич, поляк зерттеушісі: …Қазақтың ойлау қабілетінің кереметтігіне барған сайын көзім жетті. Әр қазақ өз шаруасын жете түсіндіреді. Тіпті, балаларының ақылы ерте толысады. …Бірнеше күн бұрын өзара дауласқан екі партияның қақтығысына куә болдым. Сонда Демосфон мен Цицерон туралы өмірі естімеген шешендерге таң қалып, қол соққанмын. Сонда бұлар тағы, жабайы болғаны ма? Жо-жоқ! Имандай сырым! Тәңірім бойына осыншама қабілет дарытқан халық өркениетке жат болып қалуы мүмкін емес.
Деректер интернет дереккөздерінен алынды