Ыстамбұл қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-шы Саммитінде ғылым, білім беру, мәдениет, өнер, туризм, спорт және басқа да салаларды кеңейтумен қатар, түркітілдес мемлекеттер арасындағы гуманитарлық байланысты дамыту қажеттігі айтылған еді. Және түркітілдес мемлекеттердің жастар одақтары мұндай қызметке өз үлестерін қосатынына сенім білдірген.
Осы бастаманың жалғасы ретінде Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен “Патриот” қоғамдық бірлестігі Қ.А.Ясауи атынғы халықаралық қазақ-түрік университетінде “Түркі бастамасы” республикалық жастар слетін өткізді.
Слеттің мақсаты жастардың халықаралық ынтымақтастығын нығайту және жас ғалымдарға қолдау көрсету, жастар ұйымдарының өзара қарым-қатынасын арттыру десек, слет қорытындысы бойынша Түркітілдес мемлекеттердің жастар одағын құру бастамасы көтерілді. Слетке Білім және ғылым вице-министрі М.Сарыбеков, Парламет Мәжілісінің депутаттары Л.Хочиева, М.Әбенов, Қазақстанның халық ақыны М.Шаханов және басқа да қоғам қайраткерлері, сондай-ақ “Түркі академиясы”, “ТҮРКСОЙ”, “ТҮРКПА” өкілдері, “Нұр Отан” ХДП “Жас Отан” жастар қанаты мен белсенді жастар ұйымдары, республиканың жоғары оқу орындарының студент жастары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
“Егемен-ақпарат”.