Басқа басылымдардан
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуроодақ елдеріне (Бельгия Корольдігі мен Француз Республикасы) жасаған ресми сапарының қорытындылары әлемдік БАҚ-тардың қызығушылығын оятып, қоғамдық резонанс тудырды. Соның ішінде америкалық The Wall Street Journal газеті “Қазақстан Еуроодақпен байланысты нығайта түсті” деген материалында бұл сапар елдің экономикалық дағдарыстан шығып, ХВҚ болжауы бойынша экономиканың биылғы өсімі – 5,4, ал ендігі жылғы өсімі – 5,1 пайызға (2009 жылғы өсім 1,2 пайыз ғана болған) жетеді деп отырған сәтінде болып отыр. Дағдарыс салдарынан құтылған Қазақстан Үкіметі енді шетелдік инвестицияларды тартуға белсенді түрде кірісе бастады, деп жазды. Осы газет британдық ықпалды саясаткерлердің бірі, ЕО сауда істері жөніндегі экс-комиссары Питерь Мандельсонның мынадай пікірін беріпті: “Қазақстан – ресурстарға мейлінше бай, жаңарту мен жаңаландыруды мақсат еткен экономикасы бар ел. Мұнда барынша кең әрі жақсы реттелетін рынок қалыптасқан, сондай-ақ бұл ел инвесторларға саяси тұрақтылық, болжалдылық және қуатты экономикалық әріптес болып, сенімділікті ұсына алады. Қазақстан өсіп келе жатқан жаһандық экономиканың бір бөлігі. Біз бұл аймақтағы іскерлік мүмкіндіктерді қолдан шығарып алмауымыз керек”. * * * Француздың Le Fіgaro газеті “Қазақстан экономиканың зерттелмеген әлеуеті” атты мақала жариялады. Онда: “Еуропалықтардың көбі Қазақстанның және алғашқы рет еуропалық емес мемлекеттің 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕҚЫҰ-ның төрағасы болғанын біле бермейді. Сонымен қатар біраз еуропалықтар бұл елдің Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға белсене қатысып жүргенінен, өз университеттерінде мемлекет есебінен ауғандық студенттерді оқытып жатқанынан, осы елдің инфрақұрылымдарын салуды қаржыландыруға қатысуда екенінен, 2000 мен 2008 жылдар аралығында Қазақстанның ІЖӨ көлемі екі есе артып, дәл осы уақыттар ішінде қазақстандықтардың орташа еңбекақысы бес есе өскенінен хабарсыз. Сондай-ақ Батыс жұртшылығы оның аумағында Еуропа мен Азияны жалғастыратын аса маңызды көлік қатынастары орналасқанын, атақты Байқоңыр ғарыш айлағының да осында екенін және Қазақстанның мұнай қоры әлемде тоғызыншы, ал уран өндіруден ол әлемде үшінші орын алатынын (Францияның сырттан алатын уранының 10 пайызы Қазақстанның үлесінде) біле бермейді. Қазақстан жылдам қарқынмен дамып келеді, оның экономикасымен бірге демографиялық көрсеткіштері де арта түсуде. Бұл мемлекет алып Азия аймағы мен Каспий теңізі бассейніндегі стратегиялық өзекті ел. Осынау энергетикалық Эльдорадо – Орталық Азиядағы тұрақтылықтың орталығы болып табылады. Президент Н.Назарбаев еуропалық, соның ішінде француз компанияларын инвестициялық ынтымақтастыққа үнемі шақырып отырады. Өзінің экономикалық және инвестициялық әлеуеті бойынша Қазақстан БРИК елдері қатарына тағы бір “К” болып кіруге әбден лайықты (BRІCK – Brazіl, Russіa, Іndіa, Chіna, Kazakhstan)”, делінген. * * * European Dіalogue Интернет ресурсы Корольдік халықаралық қатынастар институтының бас директоры Марко Трентсоның “Қазақпарат” агенттігіне берген сұхбатынан үзінді жариялады. Онда бас директор Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгияға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастардың жақсы деңгейге жеткендігінің айғағы деп атап өткен. “Соңғы кездері Еуроодақ елдерінде Орталық Азия мен Қазақстанға деген қызығушылық арта түсті. Егер экономикалық жағынан қарайтын болсақ, бұл – Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызды аймақ болып саналады. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бағытындағы ынтымақтастықтардың да маңызы зор. Қазақстан мен Еуроодақ табиғаттың өзгеруіне байланысты туындайтын проблемаларды бірлесе шешетін жолдарды табуы мүмкін. Сонымен бірге ғаламдық қауіпсіздік мәселелерін де ортақтаса отырып шешудің маңызы зор. Соның ішінде біздің елдеріміз халықаралық ұйымдасқан қылмыс, есірткі және қару-жарақ контрабандасымен байланысты туындайтын проблемаларды бірлесіп шеше алады. Бұл проблемалардың түйінін табуға бәріміз де мүдделіміз, сондықтан оларды бірлесе реттеген дұрыс болады. Жалпы айтқанда Қазақстан мен Бельгия және Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор, біз өзара іс-қимылдарымызды бұдан әрі де барлық сала бойынша дамыта беруіміз керек. Қазақстанның Астанада – ЕҚЫҰ Саммитін өткізу сияқты ұйымның биылғы жылғы ең басты шарасын өткізуге қол жеткізгеніне біз қуаныштымыз. Өйткені ол ЕҚЫҰ кеңістігіндегі өзекті проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан біз оның табысты өтуіне үміттіміз”, деген М.Трентсо өз сұхбатында. * * * Le Fіgaro Economіe газетінде “Франция Қазақстанға сенім артады” деген тақырыппен мақала шықты. Онда Франция өзінің Орталық Азиядағы негізгі стратегиялық әріптесі Қазақстанмен екіжақты маңызды келісімдерге қол қойғаны айтылған. “Франция Қазақстанмен бірге ғарыштық аппараттар мен Жерді бақылаудың дистанциялық серіктерін (“ЕАДС-Астриум”) құрастыру-сынау кешенін, қуаттылығы жылына “ЕС-145” маркалы 45 тікұшақ шығаруға жететін (“ЕАДС-Еурокоптер”) зауытын салып, қарулы күштерге арналған телекоммуникациялық жабдық, жүк және жолаушы тасымалдайтын магистральды электровоздар (“Альстом”) жасау жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі.Осы жобалардың бәрі Қазақстанның аумағында жасалатын болады”, деп газет мақалада сенатор Аймери де Монтескьеның сөзін келтірген. * * * Le Monde Dіplomatіque газеті Қазақстанның 2010 жылдың басынан ЕҚЫҰ төрағасының міндетін атқарып келе жатқанын және оның Орталық Азия аймағында тұрақтылықтың сақталуындағы рөлін атап өткен. “Бұл ел кең құлашты және серпінді даму үстіндегі халықаралық саясат жүргізіп келеді. Көптеген аса маңызды ғаламдық бастамалар Н.Назарбаевтың өз ойы арқылы шығуда. Франция да Қазақстан Президентінің көпвекторлы халықаралық саясатының шеңберіне енген. 2009 жылдың қазан айында Франция Президенті Николя Саркози Қазақстанға ресми сапармен барды. Сол жолы француз компаниялары қазақстандық әріптестерімен көптеген келісімдерге қол қойды. Қазақстан Президентінің Францияға жасаған сапарында да құны 1,5 млрд. еуроға тең көптеген контрактілер мен келісімдерге қол қойылды”, делінген мақалада. * * * Valeurs Actuelles журналы да Қазақстан туралы “Еуразия жүрегіндегі конструктивті қуат” атты мақала жариялады. Онда: “Астана мен Париж арасындағы тамаша қарым-қатынастар француз инвесторларының жолын ашады. Саяси және институционалды тұрақтылық, әлеуметтік тыныштық пен экономикалық және саяси реформалардың бірізділігі 2002-2009 жылдар аралығында Қазақстанға 108 млрд. долларға тең шетелдік инвестициялардың құйылуына мүмкіндік берді. Енді француз кәсіпкерлеріне осынау қонақжай елде жаңа бизнес жүйелерін ашу мүмкіндігі туып отыр. Француздың Тоталь, Альстом, Арева, Санофи-Авентис, ЕАДС, Талес сияқты ірі компаниялары Қазақстан рыногында қазірдің өзінде табысты жұмыстар істеп жатыр”, делінген. Одан әрі мақалада Қазақстан туралы айта келіп, оның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырған посткеңестік кеңістіктегі ең алғашқы ел екендігі және оның ядролық қарудан өз еркімен алғашқы болып бас тартқандығы атап өтілген. Осылай дей келіп мақала авторы Қазақстан Президентінің жүргізіп отырған саясатына былай баға береді: “Қазақстан Президенті – прагматик, келісімге келу сезімі жоғары және ел басқару ісіне тума дарынды адам. Тереңнен ойлап және түпкілікті зерттегеннен кейін ғана шешім қабылдауға машықтанған, прогресшіл және тұрақты даму саясатын ұстанатын Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халқымен бірге жиырма жылға жуық уақыт бойы қалыптасқан бейбіт өмір мен экономикалық табыстың жемісін көруде”. Әзірлеген Жақсыбай САМРАТ.Мемлекет басшысы Ынтымақ ауылындағы мектепті аралап көрді
Президент • Бүгін, 18:21
Биыл Жетісу облысында 250 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген
Президент • Бүгін, 17:48
Президент «Талдықорған» индустриялық аймағына барды
Президент • Бүгін, 17:36
Елімізде жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы құрылады
Қоғам • Бүгін, 17:16
ТЖМ автопаркі заманауи көліктермен толықты
Қоғам • Бүгін, 17:15
Мемлекетке тіркелген алтын қоры 522 тоннаға ұлғайды
Қоғам • Бүгін, 17:02