Сәулетті ғимарат саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығына айналды
Табиғаты тамаша өлкеде күн сайын тиянағы келтірілген игі істер көңіл көтеріп, алдағы күндерге деген ынта-ықыласты төгілдіре түсуде. Осы лектегі жайдарман жаңалық сол, ол – шаһарға кірер тұстағы төбесі ұлт киесі шаңырақпен көмкерілген, айналасы атшаптырым спорт сарайы мен оның алдындағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлы ескерткішінің ашылуымен жалғасты. Мұның өзі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған Жолдауындағы саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігін қалыптастыру, нысандар салу және жабдықтау жөніндегі тапсырманың жүзеге асырылуының дәлелі. Айналасы абаттандырылып, іші кірсе шыққысыз сарайдың алдындағы жыр сүлейі ескерткішінің биіктігі 10 метр болса, оны сомдауға 52 млн.теңге жұмсалған.
Жақсы десе жандары жадырайтын жұртшылық ақын ескерткіші мен “Жастар” спорт сарайының ашылуында Бикен Римова атындағы облыстық драма театр әріптестерінің арнайы қойылымын тамашалап, арқалы ақын Сүйінбайды қарсы алды. Қырғыздың ақыны Қатағанмен айтысын өнерсүйер қауым назарына ұсынған әнші-термеші Ерболат Шалдыбеков – жас Сүйінбай, ал Қатағанның бейнесін халықаралық Жамбыл, “Жас дарын” сыйлықтарының иегері, жыршы-жырау Ақан Әбдуәлиев сомдап, асыл мұраны қаз қалпында тартымды бейнеледі.
– Мен тұрмын қолды-аяққа тұрғым келмей,
Аузымнан будақ-будақ шыққан сөзді,
Не дейін әулие-сөз өлең демей!, – деп ақын өзі жырлағандай, Ерболаттың орындауындағы көкке өрлеген асыл теңеу шабытқа шабыт қосып, туған халқын бөліп-жармай, оларды мақтан етіп, қырғыздың адуынды ақыны Қатағанды тізе бүктірген тұсында “Бәрекелді!”, “Сөз құдіреті деген осы”, – деп көрермен қошамет танытып, рухтанды. Асылы, дуалы ауыздан шыққан аталы сөздің дуанды елді ұйытатынына осы күні тағы бір көз жетті.
Туған елінің кешегісі мен кемел келешегін алтын арнаға тоғыстырған жыр сүлейінің айтысын жетісулықтар ерекше желпініспен тамашалап, бірлік пен ынтымақтың қазанында қайнады.
Бұдан кейін ақынға қойылған тұғырлы ескерткіштің ашылуында облыс әкімі Серік Үмбетов сөйледі. Туған өлке, қасиетті тал бесік – Отаның кіндік қаның тамып, кір жуған жерден басталады. Демек, оған қызмет етіп, еңбек сіңіру керектігін, бабалар рухын басты парыз санауға тиістігін әр адам жүрек түкпірінде аялайтыны анық. Қазақ халқы дарынды ақыны, қол бастаған батырларымен белгілі. Бүгінгі егемен, тәуелсіз ел болуымыздың негізі сол абыз, баһадүр бабалардың қайсарлығы мен бірлігі нәтижесінде қаланғанын өскелең ұрпақ білуі тиіс. Шаһар келбетін арқалы ақыны мен баһадүр бабалардың асыл тұлғалары айшықтап, өткен тарихымыздан сыр шертсе, мұның өзі алтын көпір тарихымызға, елге, жерге деген құрмет. Бүгін еңселі ескерткіштің бой көтеруіне атсалысқан азаматтарға алғыс айтамыз, деді.
Ескерткіштің айналасы абаттандырылса, жаңа аллеяға ардагерлер бастап, ағаш көшеттерін отырғызды. Көптен күткен спорт сарайының лентасы қиылып, халық ондағы жасалған жағдайларды тамашалады. Еліміздегі бірегей спорт кешенінің аумағы 24 500 шаршы метр. Бір мезгілде 1500 көрерменге арналған әмбебап зал, спорттың әр түрімен айналысуға болатын жаттығу залдары, фитнес, баспасөз орталығы, қонақ үй, тағы басқа халыққа қызмет көрсететін орындардың жабдықталуы да көңіл қуантады.
Салтанатта Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері Мәулен Мамыров осы жерден әлі талай жастар шыңдалып, елімізді, Жетісу өңірін қуантатын жеңістерге қол жеткізеді, деді. Теңдесі жоқ спорт сарайы құрылысының бой көтеруіне орай Мемлекет басшысына, облыс әкіміне жастар атынан ризашылығын білдірсе, “Спорт әлемі” әнінің ырғағымен бұқаралық спортты еншілеген көркем гимнастшылар мен жас акробатшылар, бірыңғай киінген каратэшілер, балғын футболшылар мен волейболшылар жаттығулар көрсетіп, мың бұрала биледі. Мюзикл соңынан “Құлансаз” ансамблі көпшілікке өз өнерлерін тарту етті.
Осы күні алғашқы жарыс мемлекеттік қызметшілердің дәстүрлі спартакиадасы жалғасын тауып, саламатты өмір салтын қалыптастырудың нақты көрінісі орнықты. Спартакиада барысында президенттік көпсайыс, волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, бильярд, теннис пен кіші футбол бойынша мемлекеттік қызметкерлер өзара бәсекеге түсіп, шымырлықтары мен ептіліктерін өрнектеді.
Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы.
______________
Суретте: спорт сарайының жалпы көрінісі.

Заречный кентінің тұрғындары жаңа қонысқа көшті
Аймақтар • Бүгін, 14:25
2025 жылы қандай тұлғалармен қош айтыстық?
Тұлға • Бүгін, 14:00
Қасым-Жомарт Тоқаев Besqaru зауытымен танысты
Президент • Бүгін, 13:30
Рустам Баялиев қызметінен босатылды
Президент • Бүгін, 13:16
Биыл қанша жас дәрігер ауылдан жұмыс тапты?
Медицина • Бүгін, 13:00
Тайынша ауданында сабаннан сапалы жиһаз жасайтын цех ашылды
Экономика • Бүгін, 12:50
Президент елордадағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесіне барды
Президент • Бүгін, 12:39
Степногорскідегі «сұрықсыз» Аяз ата: тұрғындарды шошытқан мүсіндер алаңнан алынып тасталды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Депутат: Шағын және шалғай аудандар қолдаусыз қалып отыр
Қоғам • Бүгін, 12:25
Түркияда Ливия ұшағы апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:20
Риддер тұрғыны баланы көлікпен қағып, өзі жалтарып кеткен
Қоғам • Бүгін, 12:05
Мемлекет басшысы Tausogar зауытын аралап көрді
Президент • Бүгін, 11:53
Алматыда әскери қызметшілер ардагер майдангерді құттықтады
Қоғам • Бүгін, 11:52
«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?
Білім • Бүгін, 11:40