Таяуда Жер ресурстарын басқару агенттігінде кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.
Алқа отырысын ашқан агенттік төрағасы Өмірзақ Өзібеков агенттіктің 2010 жылғы 22 шілдеде өткен кеңейтілген алқа отырысында қозғалған мәселелердің орындалуы және алда тұрған міндеттерге тоқталды.
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы атқарған жұмыстар мен осы аумақтағы облыстар бойынша “МемЖерҒӨО” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес кәсіпорындарымен бюджеттік бағдарламалардың және басқа да жер-кадастр жұмыстарының орындалуы туралы агенттіктің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы Е.Жүнісов, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының бастығы В.Соловьев, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы бастығының орынбасары Н.Бейсембаев, “Өскемен жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы” еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры Ғ.Жадрин, “Павлодар жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы” еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры Ә.Түгелбаев баяндама жасады.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
“Егемен-ақпарат”.