02 Қараша, 2010

Әр студент жеке тұлға ретінде дамуы қажет

776 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Еліміздің жоғары білім беру жүйесі Болон процесіне қосылды. Осыған орай бүгінде жоғары оқу орындары зор ізденіс үстінде. Ах­мет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде де жаңашыл өзгерістер қолға алыну­да. Болон процесінің стандарттары зерттеліп, олар факультеттердің білім беру жүйесіне, оқу процесіне қарқынды енгізіле бастады. Осы орайда халықаралық стан­дарттағы жоғары оқу орны ретінде бізге білім берудің мазмұны мен сапа­сын жақсартуға, білікті де білімді, жаңа тұрпатты мамандар даярлауды инновациялық негіз­де жүзеге асыруға тура келіп отыр. Бұл бағытта, жоғарыда айтқаны­­мыз­дай, 3 жылдық стратегиялық жос­пар жасалып, тек сапалы ма­ман даярлауға басымдық берілуде. Тұтынушылардың сұраны­сына сай мамандар даярлау мақсатында көп деңгейлі жоғары білім беру, кәсіби білік­тілігі жоғары, заман талапта­рына сай мамандар әзірлеу, жаңа стандарттар мен бағдарлама­лар жасау, жаңа мамандықтар ашу, университеттің халықаралық жүйе­сін қалыптастыра отырып, оқу ор­нының қажеттілігіне байланысты оқу үдерісіне инновациялық си­паттағы жаңа пәндерді енгізу, ақ­па­раттық технологияларды пай­да­лану, мамандар дайындау жүйесін әртараптандыру – осының бар­лығы стратегиялық жоспарымызда кеңінен орын алған. Ел Президенті ағымдағы жылы оқу орнымызда болғанында жоға­ры білім сапасының халықаралық стандарттарға жауап беруге тиіс­тілігін, бұл үшін жоғары оқу орны әлемнің жетекші университетте­рі­нің қатарына енуге ұмтылуы мін­детті екенін атап көрсеткен еді. Оқу орнымыздың 2010 жылдың қо­ры­тындысы бойынша Тәуелсіз Қа­зақстан агенттігі анықтаған Қа­зақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бас рейтингінде 5-орынды иеленуінің өзін Елбасы тапсырмасын ор­ындау бағытында атқарылған алғашқы қадам деп есептеуге болады. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында айтылған “Жоғары білім берудің мақсаты – қоғам­ның, мемле­кеттің және жеке тұл­ғаның сапа­лы білім алуға деген мүдделерін қанағат­тандыру” деген қағиданы басшылыққа ала отырып, білім беруді инновация­лық тұрғыдан дамытуға баса мән бере беретін боламыз. Әрине, бізде үлкен жаңалықтар бар. Сапалы білім беру осы ба­ғыт­тың бастамасы болып отыр. Әсі­ре­се білікті профессорлар мен до­цент­тер өте жоғары деңгейде тәжі­рибелер жинақтауда. Рейтингтік модель біз­­дің білім беру жүйемізге мықтап енді. Бұл модель студенттің оқытушыға қоя­­тын талабы жағынан, мемлекеттік стандарттың орындалу деңгейі қаншалықты дәрежеде жүріп жатқандығын анықтауда үлкен рөл атқарады. Бір айта кететін жайт, білім сапасын біз тек қана грант иеге­рінің санымен есептейтін болсақ, онда білім жүйесі үлкен қателікке ұшырайды. Сапа – ең алды­мен сол грантқа ие болған студентке қан­шалықты білім бере алаты­ны­мызбен көрінуі тиіс. Білім сапасы дегенде екі нәрсені ескеруіміз ке­рек. Біріншісі, әрбір студенттің өз қабілетіне және қабілетінің ең жо­ғары деңгейіне сәйкес білім берілуі керек. Екіншіден, ол білім қазіргі қоғамның қойып отырған талабы­на жауап беретіндей болуы тиіс. Соңғы 15-20 жылда оқу орын­ымыз өзінің халықаралық ерекше­ліктеріне сай жоғары білім беру жүйесін дамытуда бірқатар ин­новациялық жаңалықтар ашты. Заман тала­бы әрбір оқытушының, әрбір студенттің жеке тұлға ретін­дегі дамуын қамтамасыз етті. Бұл дегеніміз, білім инновация­сының негізгі қағидасы. Кеңестік жүйеде қалыптасқан білім беру саласында Түркия мемлекетімен біріге оты­рып, біз үлкен жаңалықтар, табан­ды реформалар жасадық. Енді әрі қарай реформа жасау үшін, жаңалықтар енгізу үшін, Болон процесін пайдалана отырып, өзге елдердің де жеткен жетістіктерін көріп талдай алуы­мыз керек. Жамбыл Айменов, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті. Түркістан.