03 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №185

624 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2010 жылғы 15 маусым “Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 5 шілдедегі №202 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы “Әділет органдары туралы” Заңының 7-бабы 2-тармағы, 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы “Нотариат туралы” Заңының  32-бабы 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып,   бұйырамын: 1. “Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 5 шілдедегі  № 202 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2934 тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: бұйрықтың 2-тармағында “Аумақтық әділет органдарының” деген сөздерді “әділет департаменттерінің” деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесінде: барлық мәтін бойынша “әділет органы”, “әділет органының”, “әділет органына” деген сөздер “әділет департаменті”, “әділет департаменті”, “әділет департаментінің”, “әділет департаментіне” деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта “аумақтық” деген сөз алып тасталсын; 2-тармақта “, оның мақсатын, міндеттерін, қағидаттары мен көлемін” деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; 7-тармақта: “күтіледі” деген сөз “қамтиды” деген сөзбен ауыстырылсын; бірінші абзацтағы “тексеруден” деген сөз “тексеру” деген сөзбен ауыстырылсын; екінші абзацтағы “тексеру” деген сөз “тексеруді” деген сөзбен ауыстырылсын; үшінші абзацтағы “зерделеу” деген сөз “зерделеуді” деген сөзбен ауыстырылсын; төртінші абзацтағы “тексеру” деген сөз “тексеруді” деген сөзбен ауыстырылсын; бесінші абзацтағы “талдау” деген сөз “талдауды” деген сөзбен ауыстырылсын; жетінші абзацтағы “сақтау” деген сөз “сақтауды” деген сөзбен ауыстырылсын; жетінші абзацтағы “зерделеу” деген “зерделеуді” деген сөзбен ауыстырылсын; сегізінші абзацтағы “орындау” деген сөз “орындауды” деген сөзбен ауыстырылсын; 11-тармақта “нотариустың жекеше нотариаттық сектордағы жұмысының жалпы мерзімі” деген сөздерді “тиісті нотариаттық округіндегі қызметті жүзеге асырудың жалпы мерзімі” деген сөздермен ауыстырылсын. 12-тармақта “мүмкін” деген сөз алып тасталсын, “жүргізілуі” деген сөз “жүргізіледі” деген сөзбен ауыстырылсын; 13-тармақта “мүмкін” деген сөз алып тасталсын, “құрылуы” деген сөз “құрылады” деген сөзбен ауыстырылсын, “бес адамнан” деген сөз “үш адамнан” деген сөзбен ауыстырылсын; 14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: “Нотариус қызметін алғашқы тексеруден: нотариуспен нотариалдық қызметті реттейтін қолданыстағы заңнамаларды сақтау тәртібін; нотариустың үй-жайына заңнамада қойылатын талаптарды сақтауды (нотариус офисінің халық үшін қол жетімді болуы, оның нотариус қызметінің аумағында орналасуы, нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың құпиялығын қамтамасыз ету, маңдайшадағы жазу, жұмыс режимі, үй-жайға қойылатын санитарлық, өртке қарсы және басқа да талаптардың орындалуын қамтамасыз ету); нотариустың мөрі мен бланкілерін сақтау, нотариустың тізілімдерді, кітаптарды жүргізуі мен сақтауы жағдайларын; азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруды; мұрағат үй-жайының жай-күйін және мұрағат құжаттарының; нотариус қызметінің ақпараттық-нормативтік жай-күйін зерделеуді қамтиды.”; 20-тармақта “нотариаттық өтілі бар” деген сөздерден кейін “ және соңғы үш жылда тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған” деген сөздермен толықтырылсын; 22-тармақта “жақсы” деген сөз алып тасталсын; мемлекеттік тілдегі мәтінінін 28 тармақпен толықтырып келесі мазмұндағы сөзбе толықрылсын: “Анықтамада алынған жағдайды толық талдау, комиссияның бағасы мен қорытындысы, сонымен қатар міндетті түрде іске асыру мерзімі көрсетілген нақты ұсыныстар болу қажет.”; 33-тармақта алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: “Нотариустың лицензиясын айыру, күшін тоқтата тұру немесе жою  туралы лицензиарға ұсынымдар жіберу туралы шешімдер қабылданады.”; тармақтың орыс тіліндегі мәтінінің бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылып екінші абзацына түзетулер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; 34-тармақ алып тасталсын; 2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Р. ТҮСІПБЕКОВ. ________________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6312 болып енгізілді.