Қарағандылық ерлі-зайыпты Сергей Пирог пен Ирина Багратина бұл күнде үлкен қуаныш құшағында. Ирина босанар алдында үш нәрестеге өмір сыйлайтындығын күтпеген еді. Үшемді бауырына қысқан жас ананы алғашқы болып облыс әкімі Серік Ахметов құттықтады. Ол Елбасы атынан оған үш бөлмелі пәтердің кілтін кіндік кесуші дәрігерлер көзінше табыс етті.
Бес жанға ұлғайған отбасы кеше жаңа қоныстан отау тікті. Елизавета, Дарья және Полина есімді бір-бірінен айнымайтын сәбилер күн санап жетіліп келеді. Қос қуанышқа бөленген ата-ананың шынайы қамқорлыққа ризалықтары шексіз.
Айқын НЕСІПБАЙ.
Қарағанды.