05 Қараша, 2010

Алқа таққан ана

415 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жақында ел есінде қалатындай елеу­лі оқиға Жандос пен Жанар есімді екі жастың шаңырақ көтерген той­ында әдеттегіше “Той жы­рынан” кейін Той­ғанбаевтардың құр­метіне беташар pәсімі өтті. Би биленді, ән-жырдан ша­шу шашылды. Өскемен қалалық әкімдігінің бас маманы Назым Сәкенова қауым елдің алдында жеті баланың анасы, Жан­достың әжесі Ғалиябану Тойғанбаеваға “Күміс алқа” төсбелгісін көпшіліктің көзінше табыс еткенде, тебіренбеген жан болмады. Үйлену тойы кезінде жүзден астам жастың көзінше “Күміс алқаны” тапсырудың шынында да мәні зор. Жастардың бойына көп балалы отбасы болу сияқты қасиеттердің сіңе­тіні сөзсіз еді. Назым Құсайынқызының айтуын­ша, бүгінге дейін Өскемен қаласында 63 ардақты анаға “Алтын алқа”, “Күміс алқа” белгілері мен куәліктері тапсы­рылған екен. Ғалиябану Тойғанбаева ұзақ жылдар Ұлан ауданының Шымқора ауылында балабақшада, байланыс бөлімшесінде еңбек етеді. Жеті баланың анасы Ға­лия­бану апайымыз балаларының барлы­ғы­на дұрыс тәрбие беріп өсірді. Үлкені Мәрия қазір де қатардан қалмай қызмет істеп жүр. Ал үлкен ұлы Амантай болса, отыз жылдан астам уақыттан бері жүргізуші болып жемісті еңбек етуде. Гүлнәр, Жанна, Жанболат пен Ерболат та елге сыйлы азаматтар. Амантайдың зайыбы Бибәтима Сәкенова отыз жыл бойы Ұлан ауданының Шымқора ауылында шәкірттерге білім берді. Ал әжеміздің күйеуі Кәкен 43 жыл жүргізуші болып еңбек етті, қазір арамызда жоқ. Ғалиябану әже “Күміс алқа” белгісін алып тұрып, шаңырақ көтерген жастарға ақ батасын берді. Оңдасын ЕЛУБАЙ. ----------------------------- Суретте: Өскемен қалалық әкім­дігінің бас маманы Назым Сәкенова 82 жастағы әже Ғалиябану Тойғанбаеваға “Күміс алқа” белгісі мен куәлігін тапсырды.