05 Қараша, 2010

Сіз не дейсіз?

429 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
“ПРЕМЬЕРА” ҚАШАН АШЫЛМАҚ? Өткен жылы Орал өңірінде іске қосылған “БатысКүн­бағыс” кәсіпорны “Премьера” деген атау­мен өсімдік майын шы­ғара бастады. Осы жаңа жергілікті өнім дүкен сөреле­ріне түсіп, көп кешікпей тұ­ты­нушылардың сұра­­ныс­та­рына ие болды. Бұған оның өзге жақтан тасымал­данып әкелінген тауарларға қа­ра­ғанда бағасының төмендігі, сапасының да олардан кем емес­­тігі әсер еткені анық. Алайда, осы “Премьера” ашыл­май жа­тып, жабылып қалған секілді. Ол сауда орындарынан көрінбей кетті. “Егемен Қазақстан” газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі Темір Құсайын Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Салықовқа. – Сіз бұған не дейсіз? – Мұның басты себебі ши­кі­заттың тапшылығынан туын­дады. Соған байланысты өткен ай­лар­да кәсіпорын өнім шы­ғар­ған жоқ. Биыл өңірде 51 мың гек­тар жерге күнбағыс егілді. Бұл өткен жылмен салыстыр­ғанда екі есе көп. Алайда құр­ғақ­шылық сал­дарынан оның 32 мың гектары күйіп кетті. Қал­ған бө­лігінен де қажетті мөл­шерде өнім түспейтіні белгілі болып отыр. Дегенмен, қазіргі күні кә­сіп­орын конвейерін қайтадан іске қосу үшін жұмыс жүріп жа­тыр. Зауытқа биылғы егін түсі­мі­нен 500 тонна шикізат жеткізілді. Кәсіпорын іркіліссіз әрі тоқтау­сыз жұмыс істеуі үшін 20 мың тонна шикізат қажет. Бұдан 7,4 мың тонна әзір өнім алынбақ. Ал облыстың сұйық майға деген қа­жет­тілігі 5 мың тонна мөлше­рінде. Сондықтан бүгінгі күні қо­сымша шикізат көздерін іздестіру жолдары қа­растыры­луда. Осы мақсатта оны Шығыс Қазақстан облы­сы­нан және республиканың солтүстік өңір­ле­рінен тасымал­дап жеткізу жө­нін­де келісімдер жүргізілуде. Қысқасы, “БатысКүнбағыс” зауыты алдағы күндерде іске қо­сылып, “Премьера” сұйық майы қайтадан шығарыла бас­та­мақ. Орал.