05 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №10/13

463 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2010 жылғы 14 қазан, Астана қаласы “Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысына өзгерістер енгізу туралы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына және 34-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. “Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №870 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесінде: 12-тармақта: бірінші абзацта “шешім алып” деген сөздер “шешім қабылдайды” деген сөздермен ауыстырылсын, “, бұл жөнінде тиісті аумақтық әділет органдарын жеті күн мерзім ішінде хабардар етеді” деген сөздер алынып тасталсын; екінші абзац алынып тасталсын. 2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін. 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы м.а. В.ФООС. Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.МЕЛДЕШОВ. -------------------------------------------------------- Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министр­лі­гін­де 2010 жылғы 28 қазанда Нормативтік құқықтық ке­сім­дерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6604 болып енгізілді.