05 Қараша, 2010

Австриямен арадағы араластық

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада Сыртқы істер министрінің орын­басары Константин Жигалов және Авс­трия Республикасының Экономика, отбасы және жастар жөніндегі федералды министрі­нің орынбасары Йозеф Майердің жетек­ші­лігімен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Австрия үкіметаралық комиссиясының 2-ші отырысы өтті. Отырыс шеңберінде екі елдің іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес форум өткізу көзделген. Қазақстан тарабынан форумды ұйымдастырушы – Индустрия және жаңа тех­но­логиялар министрлігі мен “Атамекен” одағы” Қазақстанның ұлттық экономикалық па­ла­тасы. Аталған іс-шара шеңберінде шетелдік қонақтың еліміздің мемлекеттік орган­дары­ның өкілдерімен бірқатар кездесулері өтеді деп жоспарланған. Қазақстан және Австрия үкі­меттері ара­сындағы эко­номикалық, ауылшаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсіп, техникалық және технологиялық салаларға негізделген ын­тымақтастық 2004 жылдың 10 қыркүйе­гінен бастап құрылған болса, үкіметаралық комиссияның алғашқы отырысы өткен жылдың 18-19 мамырында Вена қаласында өтті. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.