06 Қараша, 2010

Еуропарламент өкілдерімен кездесті

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сәрсенбі күні Адам құқықтары жө­ніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Қазақ­станның ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лығы қызметімен танысу мақса­тын­да Қазақстанға келген Еуро­па­лық Парламенттің социал-демо­крат­тарының делегациясымен кездесті. А.Шәкіров Еуропарламент де­пу­таттарын адам құқықтарын қам­та­масыз ету саласында, оның ішін­де заңнамалық база мен құ­қық қолдану тәжірибесін жетіл­ді­ру, үкіметтік емес және халық­ара­лық ұйымдармен өзара әрекеттесу, ел халқына құқықтық білім беру мә­селе­лерінде мемлекет қызме­ті­нің негізгі бағыттарымен, сондай-ақ осы бағытта мемлекет атқарып жат­қан шаралармен таныстырды. Еуропалық парламентшілер ұлт­аралық келісім, ұлттық аз­шы­лық­­тың құқықтары мен бос­тан­дық­тарын қамтамасыз ету, діни төзімділік, гендерлік теңдік сала­сын­дағы Қазақстанның саясатын жоғары бағалады, сондай-ақ әр түр­лі салада, оның ішінде гу­ма­ни­­тар­лық өлшемде қазақ­стандық-еуропалық әріптестікті дамытудағы оң серпінді атап өтті. Кездесуге қатысқандар Қазақ­стан­ның ЕҚЫҰ-ға табысты төр­аға­­лығы және желтоқсанда Аста­на­да өтетін Саммиттің бұл ұйым­ның әрі қарай дамуына қосымша серпін беретіні, сондай-ақ ха­лық­­аралық сахнада Қазақстан бе­де­лінің жоғарылауына түрткі бо­ла­тыны туралы ортақ пікір біл­дір­ді, деп хабарлады Адам құқықтары жө­ніндегі уәкіл аппаратының бас­па­сөз қызметі.