06 Қараша, 2010

Қоныс тойы көбейеді

468 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Ана бір жылдары ауылдықтар шаһарлы жерлерге үдере көшіп, тұр­ғын үйлер бос қалған кез де бол­ды. Сол уақытта тұрғын үйлер су тегінге сатылғаны да есімізде. Еш­­кім тұрғын үй салуға құлықты бола қоймады. Дайын үйді арзанға са­тып алды. Ауылдың ажарын ке­ті­ріп, қаңырап қабырғалары қалған ес­кі жұрт көзге қораш көрінетін. Рас, қазір ауылдық жерлерде тұр­ғын үй салуға көңіл бөліне бас­тады. Ауылдың тұрмысы түзеліп, жас мамандар ауылдық жерлерге ат­басын тірегеннен кейін тұрғын үй­лерге де сұраныс артуда. Сәні мен салтанатын келістіріп салған тұр­ғын үйлер қатары көбейіп, жаңа көшелер бой түзей бастады. Осын­дай ажарлы көріністі өнер­кә­сәбі жоқ, бірыңғай ауыл шаруа­шы­лы­ғы­мен айналысатын Қобда ау­данынан да байқауға бола­ды. Аудан орталығы ғана емес, ша­ғын елді мекендер мен ауылдық жерлерде де соңғы жыл­дары құ­ры­лыс қарқынды жүр­гі­зілуде. Бір ға­на Егіндібұлақ ауы­лы­ның мы­са­лынан да көп жағдайды аң­­ғаруға бо­лады. Мұнда соңғы жыл­­дары көп­теген тұрғын үйлер мен әлеу­меттік нысандар салынды, түп-түзу кө­шелер ауыл көркін ажар­ландыра түсті, ауылға баратын жол жөн­дел­ді. Ақтөбе мемлекеттік пе­­да­го­ги­калық институтын бітірген жас ма­мандар осында жұмысқа тұрып, тұ­рақ­тап қалды. Жас ма­мандар бар­ған бойда тұрғын үймен қам­та­ма­сыз етілді. Ауданда әлеуметтік-мәдени ны­сан­дарды былай қойғанда, тұрғын үйлерді пайдалануға беруде де іл­кім­­ділік бар. Өткен жылы жос­пар­да­ғы 25 үйдің орнына 36 жеке тұрғын үй салынған. Мем­ле­кет­тік бағдарлама бойынша са­лын­ған алты тұрғын үй бюджеттік сала қыз­меткерлеріне беріліпті. Рес­пуб­ли­калық бюджеттен бөлінген 23037,0 мың теңге толық игерілген. Бұл жұмыс биыл да жарасты жал­ғасын тауыпты. Үстіміздегі жы­лы 37 жеке тұрғын үй салу көз­делсе, соның 26-ына қоныстанып та үлгеріпті. Қалғандарының құ­ры­лыс жұмыстары бүгін-ертең аяқ­та­лу­ға жақын. Олардың иелерінің қыс қаһарына ұрынбай кіріп алу­ла­рына мұмкіндігі толық жетеді. Биыл ауданға мемлекеттік бағ­дар­лама бойынша алты тұрғын үй са­луға 23638,0 мың теңге бөлінген екен. Әрқайсысы 70 шаршы метр бо­латын бұл үйлердің құрылысын жүр­гізуді “КапСтрой” ЖШС тен­дер­де жеңіп алған. Қазір 6 тұр­ғын үйдің құрылысы да аяқталып кел­еді. Аудандық сәулет және құ­ры­лыс бөлімінің бастығы Сәлім Құс­тыр­товтың мәлімдеуінше, бес үй ау­дан орталығында, бір үй Кеңес Одағының Батыры Әлия Мол­да­ғұ­ло­ва ауылында салынып жатыр. Тұрғын үй құрылыстарын салуда үш бригада жұмыс істейді. Бригада құ­рамындағы 36 құрылысшының тең жартысына жуығы жергілікті тұрғындар. Мұның өзі жұмыссыз отыр­ған адамдарды еңбекпен қамтуға да ықпал еткен.Тұрғын үй­лер­ді салуға жергілікті материалдар пай­даланылуда. Сондай-ақ, тұрғын үй­лер ұлутастан, силикат кірпіштен са­лынып, төбесі осы заманғы са­па­лы материалмен жабылған. Мемлекеттік бағдарлама бойын­ша салынған тұрғын үйлер бюд­жет­тік сала қызметкерлеріне, жас ма­ман­дарға, сондай-ақ аз қамтылған көп балалы отбасыларына бө­лі­ніп­ті. Биылғы күзде жеке тұрғын үй са­лу­шыларды қосқанда қырықтан ас­там қобдалық отбасы қоныс то­йын тойлағалы отыр. Мұның өзі қазіргідей күрделі кезеңде жағымды жағдай екені сөзсіз. Сөйтіп, олар “Айхай менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім” дейтіндей қуанышқа кенелмек. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.