06 Қараша, 2010

Іске асыру барысы баяндалды

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан салынып жатқан КМГ кәсіпорындары дирекциясының бас директоры Нұрлан Балғымбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Н.Балғымбаев Президентке қазақстандық-италиялық жоба­лар­дың іске асырылу барысы туралы баяндады. Қазақстан Президентінің 2009 жылғы қа­рашада Италия Республикасына ресми сапары аясында “Қаз­Мұ­най­­Газ” ұлттық компаниясы мен Enі компаниясы арасында құ­ры­лыс туралы келісімге қол қой­ыл­ған. Олардың қатарында Павлодар мұнай өңдеу зауытын қайта құ­ры­лымдау, Орал қала­сы­ның аума­ғын­да газ құбыры стан­сасын салу, Қарашы­ға­нақ­тағы газ өңдеу зауыты, Каспий теңі­зіндегі кеме құ­рылысы мен кеме жөндеу зауы­ты, Қазақстан­ның бар­лық өңірі бойынша газ пай­далануды оңтай­ландыру ту­ра­лы жоба және Иса­тай мен Шағала кен орындарына барлау жасау жобалары бар. Мен бүгін Президентке біздің жобаларды іске асырудың барысы туралы баяндадым. Біз кестеге сай жұмыс жасаудамыз. Биылғы жылы біздің жобалар бой­ынша барлық техникалық және технологиялық өлшемдері анықталған техникалық-эконо­ми­­калық негіздеме аяқталды. 2011 жылы біз келесі кезеңге – жан-жақты жобалауға кірісеміз, ал 2012 жылы осы жобаларды, яғни құрылыс жұмыстарын іске асыра бастаймыз, – деді жур­налистерге арналған брифингте Н.Балғымбаев.