09 Қараша, 2010

Қандай мүмкіндік те қарастырылады

466 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Астана әуежайы алда өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Бұл жөнінде “Астана халықаралық әуежайы” АҚ басшылары арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Елордамызға келетін мәртебелі қо­нақтарды қарсы алып, оларға лайық­ты деңгейде қызмет көрсету үшін Астана әуежайында қызу жұ­мыс­тар жүргізілуде. Бұл жөнінде “Астана халықаралық әуежайы” АҚ пре­зидентінің бірінші орын­ба­сары Ес­бол Керей мәлім етті. Мем­лекет бас­шылары мен оларға еріп келетін рес­ми делегация өкіл­дері мінген ұшақ­тарды уақтылы әрі сапалы қа­был­дау басты міндет бо­лып табылады. Есбол Құсманұлы әуежай қыз­ме­­тінің жоғары деңгейде болуы тиіс­тігін тілге тиек ете отырып, ел­дік­тің өлшемі әуежайдан баста­ла­рын да қаперге салып өтті. Сон­дық­­­тан да Астана халықаралық әуе­жа­йының қызметкерлеріне деген та­лап ерекше. Осы мақсатта әуе­жай­да тәулігіне 900 адам жұ­мыс істейді деп күтілуде. Үш тәу­лік ішін­де 2700 адам қызмет ат­қар­­мақ­шы. Сондай-ақ кәсіби дең­гейі жо­ға­ры мамандар Алматы, Ақ­төбе, Аты­рау, Ақтау, Шымкент жә­не Көк­шетау әуежайларынан тар­­ты­ла­тыны белгілі болып отыр. Ал әуе компанияларынан “Скат”, “Эйр Ас­тана”, “Беркут” сияқты­лар ша­ра­ға атсалысып, сонымен қатар, 30-ға тарта ерікті жұмыл­ды­ры­лады. Сам­миттің өтуі бары­сын­да жедел мін­деттерді шешу мақ­са­тында Ас­та­на халықаралық әуе­жа­йы ғи­ма­ра­тын­да штаб құры­ла­тыны да көл­де­нең тартылды. Оның құрамына Сырт­қы істер ми­нис­трлігінің, ар­найы қызмет орын­дарының, әуе­жай­дың өз қыз­мет­керлері және өзге де меке­ме­лер­дің қызметкерлері кі­ретін болады. Ұшып келетін ұшақтарды орна­ластыруға қажетті пер­рон­дар­дың саны 70 болса, бұған қоса тағы 22 тұрақтық орын салынуда. Оның құ­рылысы қарашаның жиыр­­ма­ла­ры­на дейін аяқталуға тиіс, деп мә­лім­деді әуежай пре­зи­дентінің бі­рін­ші орынбасары. Оның сендіруінше, Астана халық­ара­лық әуежайы ұшақ­­тардың кез келген түрін қа­был­­дай алады. Сондай-ақ келген қонақтарды ұшақ­тан түсіріп алуға, қонатын жо­лақты тазартуға және өзге де жұ­мыстарды атқаруға қа­жет­ті тех­ни­калар сатып алыныпты. Олар­дың ұзын саны – 113. Соның 50-ге жуығы автотраптар, ұшақ­тар­ды тартатын және сол сияқты қыз­мет­­тер атқаратын техникалар. Қа­зір­гі таңда 63 техника жолда келе жат­­қан­ға ұқсайды. Ал әуежайдың өзінде 56 арнайы техника бар кө­-рі­неді. Сонымен қатар, 23 арнайы тех­­ни­ка Алматы, Қызылорда, Көк­шетау және Ақтөбе әуе­жай­ла­ры­нан жалға алынбақшы. Жергілікті жер­дің ауа райының ерек­шелігіне байланысты 15 ар­на­йы қар та­за­лай­тын техника ұшақ­тар қонатын жо­лақты жедел та­зар­туы тиіс бо­ла­ды. Бұған қоса, әуе кемелері қонатын жолақты қар мен мұз­дан тазартуға арналған тағы 7 техника жұмысқа тартылады. Ол үшін “Казавтодор” РМК-мен ар­на­йы келісім-шарт жасалыпты. Әуе­жай қызметкерле­рін тасуға арнайы автобус бөлінсе, олардың та­мақ­та­нуы мен демалуы үшін де ай­тар­лық­тай жағдайлар жасалатыны атап өтілді. Ұшақтардың қонуын жоспар­лау үшін ауа райы барысына үнемі мо­-ни­торинг жүргізуге ерекше ден қо­йыл­мақ. Сонымен бірге, диспе­чер­лік, бағдарлау, метео және тех­ни­калық қызметтер арасындағы өзара бірлесе әрекет ету барысы да пысықталған. Қорыта айтқанда, Астана ха­лық­­аралық әуежайы саммитке ке­летін мәртебелі меймандарды қар­-сы алуға барынша дайындық үс­тін­­де. Егер тіпті жағдай күрт өз­ге­ріске ұшырай қалғанның өзінде қо­­нақ­тарды еліміздің өзге әуе­жай­лары да қабылдауға дайындалып жатқаны белгілі болып отыр. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.