09 Қараша, 2010

Қызылағаштағы көпір пайдалануға берілді

427 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Көктемдегі тасқыннан Алма­ты-Өскемен күрежолындағы кө­пір бұзылып, жол қатынасы қи­ындаған еді. Апаттың алдын алу мақсатындағы жұмыс нәтиже­сін­де елді мекен қайта түледі. Де­ген­мен, еліміздің шығысымен арадағы автокөлік қатынасы қи­ын­дап, жолаушылардың айналма жолды пайдалануына тура кел­ген-ді. Жақында Қызылағаштағы көпір құрылысы толық аяқталып, іргетасы монолитті темір-бетон­нан құйылып, сейсмикалық жа­ғы­нан күшейтіліп, аса ауыр сал­маққа шыдайтындай дәрежеде салынды. Аталған құрылысты “№25 Көпір құрылысы отряды” ЖШС жеті ай мерзімде аяқтады. Көпір құрылысын “Қазақ жол ғылыми зерттеу институты” АҚ жобалап, сметалық құны 771 млн. теңгеге бағаланған. Мерді­гер­лер жаңа көпірдің ені мен ұзындығын бұрынғыдан ұзар­тып­ты. Сондай-ақ су шаю қаупі ес­ке­ріліп, қорғаныс дамбаларымен күшейтілген. Көпір құрылысының ашы­луы­на Көлік және коммуни­ка­ция министрі Әбілғазы Құсайы­нов пен облыс әкімі Серік Үм­бетов қатысып, қызылағаштық­тар­дың осы күнгі қуанышына  ор­тақтасты. Жақсы жол ұзақ та болса, жақын, деген облыс әкімі қысқа мерзімдегі тасқыннан кейінгі тиянағы келтірілген жұмыстарға тоқталды. Қиналған кезде  бүкіл елді жұмылдырған Елбасының қолдауы мен қамқорлығына алғыс айтты. Бүгін міне, елді елге жалғастыратын көпір құрылы­сының тиянағы келтіріліп, шы­ғыспен байланыс жақсарды. Сейсмикалық және басқа да жағынан сапалы салынғанын көріп тұрсыздар, деді. Бұдан соң Көлік және ком­му­никация министрі соңғы жыл­дары елімізде жол құрылысына мән беріліп, қаржы қарастырыл­ға­нын ортаға салды. Соның бірі Алматы-Өскемен жолы енді бірер жылдан соң күрделі жөн­деуден өткізілетінін, бүгінгі не­гізгі күш Батыс Еуропа-Батыс Қы­тай автокөлік жолының об­лыс аумағы арқылы өтетін бөлі­гімен Жетіген-Қорғас темір жол желісіне жұмсалғанына тоқталды. Бүгінгі Қызылағаштағы көпір құрылысын жүргізгендердің тиянақты еңбегіне мемлекеттік қабылдау комиссиясы жоғары баға бергенін айтты. Қызылағаштықтар мен құ­ры­лысшылар да күрежолдағы кө­пір­дің пайдалануына байланысты пікірлерін ортаға салып, қиын сәттегі Елбасының қамқорлы­ғы­на, қазақстандықтарға ризашы­лық­тарын жаудырды. Көпірмен жүйткіген автокө­лік жүргізушілері де мәз-мейрам. Өскеменге беттеген Ержан Бола­товты сөзге тарттық. – Әрине, рахмет айтамын. Кө­пірді жасатқан мен  жаса­ған­дар­дың жауапкершіліктері бірден байқалады. Мына жолдан жүріп өту де бақыт. Автокөлік таба­нындағы жолды сезбейді, –  деді ол ағынан жарылып. Иә, биылғы наурыздағы тас­қын­нан талқандалған көпір құ­рылысы қалпына келіп, күз бен қыста жолаушылар қиындық көрмейтін болды. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. Суретте: Қызылағаштағы көпір.