09 Қараша, 2010

Альянс несиесі арманға жеткізеді

489 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Осы күні жаңа да жақсы, көрікті жайлар­дан үй алуды армандамайтын адам жоқ шығар. Үйі жоғы да, тіпті, үйі бары да. Бала­сына, немересіне, ауылдан келтірген ата-ана­сына. Осындай жақын жандар кім-кімде де жетіп артылады. Қалай десек те, үй алсам де­ген әдемі де ізгі арманның еш әбестігі жоқ. Мі­не, осындай әдемі армандарды Альянс Бан­кі әркез қолдайды, үй-жай аламын деуші­лерге көмектеседі. Сол үшін де қазір ол ипо­текалық несиелеудің үш бірдей бағдарла­ма­сын іске асыруда. Біз енді осылардың әрқай­сы­сына жеке-жеке тоқталғанымыз жөн болар. Соның біріншісі – несие мерзімі 37 айдан 240 айға дейін берілетін Альянскредит ипо­тека бағдарламасы. Қарыз сомасы – 1 100 000 және 30 000 000 теңге аралығында. Қа­рыз алушының табыстары толық расталған жағ­дайда сатып алынатын жылжымайтын мү­лік құнының 90 пайызына дейін, ішінара рас­талған кезде – 50 пайызына дейін қаражат бе­рілмек. Яғни бастапқы жарна да табыстың то­лық немесе ішінара расталғандығына орай, тиі­сінше, сатып алынатын жылжымайтын мү­лік құнының 10 және 50 пайызы мөлшерінде төленбек. Мөлшерлеме 13 жылдық пайыз көлемінде белгіленген. Жылдық тиімді мөлшерлеме жайы­на келер болсақ, ол жаңа клиенттер үшін: бастапқы жарна 30 пайыз және одан жоғары төленген жағдайда – 14,18 жылдық пайыз, бастапқы жарна 10-нан 30 пайызға дейін болған жағдайда – 14,37 жылдық пайыз түрінде айқындалған. Ал, Банктің жалақы жобасына қатысушылар, Банк әріптестеріне қарасты Жинақтау зейнетақы қорларының салымшылары және бюджеттік ұйымдар қыз­меткерлері үшін жылдық тиімді мөлшерлеме 13,99 жылдық пайыз деңгейінде белгіленген. Осы арада түсіндіре кетсек, жылдық тиімді мөлшерлеме дегеніміз – салыстырмалы түрде анық есептеліп шығарылған, тиімді, жылдық пайыздық сыйақы мөлшерлемесі. Кепілдік көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтер­мен, қасында жер телімі бар тұрғын үймен қам­тамасыз етіле алады. Несиені ұйымдас­тыр­ғаны үшін алынатын комиссия жөнінде де жалпы талаптардың орындалуына қарай және тиісті әлеуметтік топтар тарапында же­ңілдіктер қарастырылған. Қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия көзделмеген. Төлем қабілеттілігін анықтау мақсатында табыстың ішінара немесе толық расталуы талап етіледі. Несие алу үшін ұсынылатын құжаттар пакеті барынша оңтайландырылған. Екінші айтайық дегеніміз, Альянс Банкі Алматы қаласындағы “Ақкент” тұрғын үй кешенінен жеңілдетілген арнайы шарттармен пәтер алуға арналған ипотекалық несиелеу бағ­дарламасын ашты. Ең әуелі, бұл жерде жой­дасыз көп құжаттар жинап әуре-ма­ша­қатқа түспейсіз. Бастапқы жарна жылжы­май­тын мүлік құнының 10 пайызы көлемінде ға­на төленеді. Берілетін несие сомасы қажет­тілік пен қалауыңызға қарай – 30 000 000 теңгеге дейін. Сыйақы мөлшерлемесі – 10 жылдық пайыз деңгейінде ғана. Соған орай жылдық тиімділік мөлшерлемесі 10,62 пайыз болып белгіленуі де құба-құп. Кепілдік қамтамасыз етуге пәтер немесе қасында жері бар жай үй де әбден жарап тұрған көрінеді. Ендеше, мерзімі 20 жылға созылатын мұндай тиімді несиеден құр қалмай, армандай “Ақкенттен” үй алғанның өзі жақсы-ау. Аталмыш несиенің артықшылықтарын одан әрі тізбелеп айтар болсақ, алты ай өт­кеннен кейін ешқандай айыппұлсыз, қарызды мерзімінен бұрын өтеп тастауға рұқсат етіледі. Жалпы, қарызды өтеу ай сайын, аннуитет не­­­месе тең үлестер арқылы жүргізіледі. Қарыз бе­руді ұйымдастырғаны үшін комиссия несие сомасының 1 пайызы мөлшерінде белгі­л­енген. Біздің үшінші тоқталайық деп отырға­ны­мыз – Альянс Банкінің Альянскредит ипо­тека-2 несиелеу бағдарламасы. Бұл бағдар­лама да қадари-халінше клиент мүддесін көздеуге ұмтылған. Айталық, бастапқы жарна сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнына шаққанда 15 пайыз деңгейінен аспай­­ды. Ал, бастапқы жарнаны төлеу мүмкіндігі болмай, қи­налған жағдайда, бұл тығырықтан да шы­ғатын жол бар. Яғни, мұндай қи­ын­­­шы­лық орын ала қалса, қосымша кепілзат ре­тін­де өтімді баспаналық жылжымайтын мү­лікті ұсынуға рұқсат етіледі. Әлбетте, несие алушының төлем қабі­леттілігі мұқият тексеріледі. Жылжымайтын мү­лік құнының 15 пайызы мөлшерінде бас­тапқы жарна төленген жағдайда оның та­быстарының толық расталып куәландырылуы талап етіледі. Нақ осы бастапқы жарна жа­ңағы айтқанның 50 пайызынан бастап жо­ғарырақ төленсе, табыстарды ішінара растаса да бола береді. Ал енді бастапқы жарна жыл­жымайтын мүлік құнының 70 пайызын құ­раса немесе одан жоғары болса, клиенттің төлем қабілеттілігіне анкеталық сауалнама мәліметтеріне сәйкес, соған қарап-ақ сенім артылуы мүмкін. Атап айтарлық тағы бір жай, 20 жыл деп белгіленген несие мерзімі де банк қызметін пайдаланушы көпшілік тілегінің үдесінен шығары сөзсіз. Берілетін несие сомасы да қомақты деп айта аламыз. 30 миллион теңгеге дейінгі қаржымен ойға алған біраз істің басын қайыруға әбден болады емес пе. Енді дәл осы арада пайыздық мөлшерлемені тілге тиек етер болсақ, сыйақы ставкасы қарыз 1-7 жыл мерзімге берілген жағдайда – 14,5 пайыз, 7-15 жыл мерзімге берілген жағдайда – 15,5 пайыз, ал 15-20 жылдық мерзім үшін 16,5 пайыз болып бекітілген. Несие алған кездегі назар аударарлық ма­ңызды көрсеткіштердің бірі жылдық тиімді мөлшерлеме болып табылады. Олай болса, Альянс Банкінің осынау өз бағдарламасы бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 7 жыл­ға дейінгі қарыз мерзімінде – 15,68 пайыз, 15 жылға дейінгі қарыз мерзімінде – 16,76 пай­ыз, ал 15-тен 20 жылға дейінгі қарыз мер­зімі үшін – 17,91 пайыз болып айқындал­ғанын алға тартамыз. Кепілдік қамтамасыз етуге көппәтерлі тұрғын үйдегі сатып алынып жатқан немесе бұрыннан бар пәтер, айнала-төңірегіндегі жер телімімен бірге сатып алынып жатқан немесе бұрыннан бар тұрғын үй-жай жатқызылады. Осы орайда сондай-ақ (бар болған жағдайда) бастапқы жарна ретінде ұсынылған өтімді баспаналық жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепілзат та қамтамасыз ету құралы бола алады. Аталмыш бағдарлама бойынша алған не­сиені ешқандай айыппұлсыз, кез-келген уа­қытта өтеуге рұқсат етіледі. Қарызды қайтару ай сайын, аннуитет немесе тең үлестер арқылы іске асырылады. Қарызды ұйымдастырғаны үшін алынатын комиссияның да жай-жапсарын клиенттің біліп жүргені абзал. Осы орайда бастапқы жар­на 15-тен 30 пайызға дейін болғанда ко­мис­сия жалпы несие сомасының 3 пайызы, бас­тапқы жарна 30-дан 50 пайызға дейінгі аралықты қамтығанда – 2,5 пайыз, ал бас­тап­қы жарна 50 пайыз және одан жоғары бол­ғанда – 2 пайыз деңгейінде белгіленген. Бұл ретте Альянс Банкінің жалақы жобасына қа­тысушылар, Альянс Банкі қызметкерлері мен әріптес-клиенттері, бюджеттік ұйымдар қыз­меткерлері тиесілі артықшылықтарды пай­даланады. Олар үшін әр уақыт комиссия төлемі 1 пайыздық мөлшерден ауытқымайды. Осы бағдарлама бойынша ипотекалық несие алуға талаптанушылар құжаттар пакетін дайындап өткізген кезде де қиындық көрмесі анық. Әлбетте, табысты ішінара растаған жағдайда қосымша құжаттар пакеті талап етілетінін ескертеміз. Сондай-ақ несие беру үшін Банк талабымен кейбір басқа құжаттар сұралуы мүмкін. Альянс Банкі ұсынатын осындай тиімді бағдарламалары арқылы азаматтарымыз армандаған үйіне бүгінде-ақ қол жеткізіп жүр. Қорғанбек АМАНЖОЛ.