10 Қараша, 2010

Ғарыштық зерттеулерге сұраныс көп

813 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жаһандық ақпарат кеңістігінде болып жатқан күнделікті өзгеріс­тер, ақпаратық технология сала­сын­да жедел даму жолындағы тың сер­пілістер адамдарды кез келген жа­ңа дүниелерді тез үйреніп, оған шап­шаң бейімделуге итермелейді. Өйт­кені ақпарат ғасырына жата­тын қазіргі за­манның сұранысы да, объективті тал­пынысы да соған ла­йықталып келеді. Соңғы он жыл ішінде ға­рыш­тық зерттеулерде Жерді қашық­тық­тан зондтау жүйесі белсенді жұ­мыс атқарып келеді. Осындай бе­рері мол ғарыштық жүйенің иге­рі­луі біздің елімізде қалай жүзеге асырылып жатыр деген сұрақтың туын­дайтыны да заңды. Бұл сұрақ­тың жауабын Л.Н.Гумилев атын­да­ғы Еуразия ұлттық уни­вер­си­те­тін­де Қазақстан Республикасы Ұлт­тық ғарыш агенттігі “Ұлттық ға­рыш­тық зерттеулер мен техно­ло­гия­лар орталығы” АҚ-тың ұйым­дас­тыруымен өткен ғылыми-прак­ти­калық семинарда іздеп көрген едік. Қазақстан Республикасында ға­рыштық қызметті дамыту ба­сым­­дықтарына сәйкес “Қаз­ға­рыш” агенттігінің 2014 жылы Жер­ді қашықтықтан зондтау ға­рыштық жүйесін пайдалануды жос­парлап отырғандығы, сонымен қатар Астана қаласында ахуалдық ға­­рыштық мониторинг ор­та­лы­ғы­ның пайдалануға берілгендігі ту­ра­лы семинар барысында мәлім болды. Әлемдік тәжірибе көрсет­ке­нін­дей, Жерді қашықтықтан зондтау түр­лі деңгейдегі жерлерді игеру кезінде қажетті маңызды жедел ақ­па­рат көзі болып табылады. Қа­зір­гі таңда ғарыштық мониторинг ұлт­тық жүйесінің қанатқақты ке­ше­ні құрылды және ол өзінің қыз­ме­тін де атқарып келеді. Мәселен, Қа­зақстан аумағын оптикалық-элек­тронды және түрлі радарлық ға­рыштық суреттермен жүйелі түр­де қамтуды қамтамасыз ететін Ас­та­на мен Алматы қалаларында Жер­ді қашықтықтан зондтаудың мәлі­меттерін қабылдау, мұрағаттау жә­не өңдеу орталықтарының ат­қа­рып жатқан жұмыстары еліміздің ақ­паратты жедел игеру саласына да, ғарыш жүйесін игерудегі әлем­дік стандарттарға бейімделуімізге зор ықпалын тигізіп келеді. Сон­дай-ақ, Жерді қашықтықтан зонд­тау мәліметтерін саралаудағы тех­но­ло­гиялар полигонының жүйесі де отандық ақпарат кеңістігі үшін ай­тарлықтай маңызды. Ғарыштық мониторингтің Қа­зақ­­стан аумағын шолу, ауыл­ша­руа­шылық өнімдеріне мониторинг жа­сау және төтенше жағдайлар мо­ниторингі сынды нағыз қажетті қол­данбалы міндеттерді атқаруға толық мүмкіндігі бар. Осындай қа­шық­тықтан зондтау тәжірибесі ар­қылы Ауыл шаруашылығы минис­тр­лігі тапсырмасымен егістік жер­лер мен астықтың жағдайы анық­та­лып, егіннің болашағы үшін көптеген тиімді жоспарлар жа­са­лы­натыны айтпаса да түсінікті болар. Қазіргі кезде еліміз бойынша Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қара­ған­ды, Алматы, Шығыс Қазақ­стан және Қызылорда облыс­та­рының төтен­ше жағдайлар басқар­ма­ла­рын­да өрт пен су тасқынының ал­дын алудың жедел ғарыштық мо­ни­торингі техноло­гиясы енгізілді. Қор­шаған ортаны қорғау мақ­са­тын­да Қазақстанның экологиялық про­блемаларына да, соның ішінде Се­мей полигоны мен Арал, Кас­пий өңірлері де осындай құрыл­ғы­лар­мен басты назарға алынды. Ғарыштық мониторинг геоа­қ­параттық жүйелерді ақпараттық-есептеу инфрақұрылымы арқылы мәлі­меттер қорын нығайту үшін аса пайдалы. Өйткені Жерді қа­шық­тықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі еліміздің индустриялық-ин­новациялық даму бағ­дар­ла­ма­сын орындау кезіндегі өте ма­ңыз­ды элементтердің бірі болып та­бы­ла­ды. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.