10 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасының Заңы

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақша белгілерін қолдан жасауға қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы 1929 жылғы 20 сәуірде Женевада жасалған Ақша белгілерін қолдан жасауға қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенция және оған Хаттама мынадай ескертпемен ратификациялансын: “Осы Халықаралық конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасы өзара құқықтық көмек көрсету, қылмыстық қудалау және ұстап беру мәселелері бойынша басқа мемлекеттердің орталық бюроларымен өзара іс-қимыл жасауды Қазақстан  Республикасы Бас Прокуроры арқылы жүзеге асырады”. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы қарашаның 8-і.   № 347-ІV ҚРЗ