13 Қараша, 2010

Ескі жараның қотыры

621 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Редакцияға келетін арыз-шағымдардың мәтіні де әр­түр­лі, мақсаттары да әрқилы. Біреулер шырылдап шындық із­дей­ді, енді біреулер басқалардың қателіктері мен кемші­лік­терін тізеді, тағы біреулердің жазғандарынан “жақтым күйе, жаптым жала” ниеті байқалып тұрса, және біреу­лер­дің жазғандарынан өш алу немесе кек қайтару мақсаты сезі­леді. Арыздардың кейбірі сендіреді, сендіре алады, ал ен­ді біреулерінде көтеріліп отырған мәселе күмәнді көрі­неді. Біздің мақсатымыз редакцияға сеніп, сенім артып, үміт­теніп жазып отырған арыздарға көңіл аудару, журна­лис­тік зерттеу жүргізу. Ал нәтижесі қалай болады, оны тек­серу барысы көрсетеді. Жанайқайын жазып отырған төмен­дегі шағымның толық мәтінін жариялауымыздың себебі де сол. “Мен, Жүнісбеков Ибрагим Оңтүстік Қазақстан облысы, Сары­ағаш ауданы, Көктерек ауы­лының тұрғынымын. Бүгінгі күні “Сары­ағаш аудандық меди­цина қызмет­керлері кәсіподақ комитеті” қоғам­дық бірлестігінің төрағасы­мын, 2007 жылдан бері аудандық мәсли­хаттың депутатымын. Бүгінгі көте­рейін деп отырған мәселем өзіміз­дің Сарыағаш аудандық соты­ның сын көтермейтін ахуалы. Жасыра­тыны жоқ, біздің аудан­дық соттың кейбір судьялары­ның заң­сыз іс-әрекеттерінің сал­дары­нан бұқара­лық ақпарат құрал­дары арқылы бүкіл елге әшкере бо­лып жатқан жағдайымыз бар. Себеп неде? Себеп менің ойымша, судья­лары­­мыздың білім деңгейінің тө­мен­ді­гінде немесе олардың заңсыз қа­был­даған қаулылары үшін жаза­­сыздығында. Білім деңгейінің тө­мен­ді­гінде екен десек, жыл сайын аттес­тациядан мүдірмей өтіп жатады. Сондықтан неде болса сол жаза­сыз­дыққа келіп тірелетін сияқты. Осы жа­қында аудандық сотымыз­дың судьясы С.Аблаев бір қызды зор­ла­ған үш жігітті ақтау үкімін шы­ғарып, сот залынан босатып жіберді. Ол істің жаңғырығы теле­дидар мен газет арқылы бүкіл елге мәлім бол­ды. Ке­йін облыстық сот сатысы­ның қаулы­сымен әлгі үш жігітті сот за­лын­да қолдарына кісен салып, 8 жылға бас бостан­дығынан айырып жіберді. Сол сияқты аудандық сотымыз­да келеңсіз жағдайлар айта берсек таусылмайды. Бірақ басқасын тізе бермей өзімнің басымнан өткен жағ­дайға ғана тоқталайын. Мыса­лы, аудандық соттың тағы бір судья­сы З.Алсеева судья деген жо­ғары лауазымды атқа кір келтіруі өз алдына, қарапайым халықтың әділ­дікке деген сенімін ақтамай отыр. Бір таңғаларлығы, осы күнге дейін судья болып істеп, талай бейбақтың тағдырын шешуде. Мен 2007 жылы Сарыағаш ау­дан­дық медицина бірлестігінде дәрігер-нарколог болып қызмет атқаратынмын. Сол жылдың мау­сым-тамыз айларында депутаттық­қа сайлау науқанының басталуы себепті кезекті еңбек демалысына шығып, сайлауға түсіп, бағымды сынап көрмекші болдым. Айым оңынан туып №12 Көктерек сайлау округінен ауданымыздың мәсли­хатына депутат болып сайландым. 5 ауылдан тұратын округіміздің тұрғындары маған сенім білдірді. Сайлау науқанынан біраз шаршаң­қыраған мен екі-үш күн демалып, жұмысқа соңынан кірісейін деп ойладым. Сөйтсем, аудандық меди­цина бірлестігі жұмысқа шығу уақытынан үш күнге кешікті деген сылтаумен менің сыртымнан бұйрық шығарып, жұмыстан заң­сыз босатып жіберді. Мен өз іс-әрекетіммен заң аясынан шықпа­ғандығыма кәміл сенгендіктен бұзылған құқымды қорғау үшін аудандық сотқа талап-арызбен жүгіндім. Менің талап-арызым бойынша төрағалық етуші судья З.Алсеева келтірген уәждерімді зер­делеместен заңсыз шешім шы­ғарып берді. Кейін осы шешім Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында бұзы­лып, менің бұрынғы жұмыс ор­ныма қайта орналасуыма, амал­сыз бос жүрген уақытым үшін 140108 теңге өндіруге қаулы қабылдады. Араға екі жылдай уақыт салып, дәл осы судья З.Алсеева тағы да менің үстімнен заңсыз шешім шығарды. Себебі мен аудандық газетке өзім тұратын ауылдың сол кездегі әкімінің іс-әрекетіне сын мақала жариялаған едім. Осыған өкпелеген әкім: “Депутат И.Жүніс­беков менің ар-намысыма, қадыр-қасиетіме нұқсан келтіретін өтірік сөздер айтты”, деп талап-арыз түсірді. Сол аудандық сот менен моральдық залал өндіру үшін ше­шім шығарды. Осы іске төрағалық етуші баяғы З.Алсеева ханым. “Жазған құлда шаршау жоқ”, мен облыстық сотқа шағымдандым. Об­лыс­тық соттың апелляциялық саты­сы З.Алсееваның шешімін бұз­ды. Тағдырымыз осындай судья­лардың қолында болса, біз жетіскен екенбіз. Мұндай жандар­дың судья деген жоғары лауазымды атқа кір келтіріп, заңды өздері бұзса, қарапайым халықтың сотқа деген сенімі қайтіп артпақ?”. Ибрагим Жүнісбековтің арызы бойынша барған Сарыағаш сапары­мызда аталған аудандық соттың төрағасы Ермахан Рахман­берді мырзамен кездестік. – Мен Сарыағаш аудандық сотының төрағалығына жақында келдім, – деді ол бізбен әңгіме­сінде. – Арызда аттары көрсетілген екі судья да осы сотта бұрыннан істеп келе жатқан тәжірибелі ма­ман­дар. Дегенмен олардың қате­ліктері уақытында әшкереленді және сол кемшіліктері үшін тиісті жазаларын да алды. Бір тойда екі жар болмайтыны сияқты, жаза­ларын алған іске қатысты бұл судьяларға тағы да жаза қолда­нылмайды ғой... Расында да, сот төрағасы айтып отырғанындай, судья С.Аблаевтың арызда көрсетілген әрекетін Оң­түстік Қазақстан облысы судья­лары­ның тәртіптік-біліктілік алқа­сы үстіміздегі жылдың 23 маусымы күні қараған. Осы алқа С.Аб­лаевтың тәртіптік жауап­кершілігін шешуде оның қылмыс­тық істерді қарау барысында заңдылықты өрескел бұзуға жол бергенін ескере отырып, оған шара белгілегенде жаза ретінде оны судьялық қыз­меттен босатуды жөн деп табады. Қазақстан Республикасының “Сот жүйесі мен судьяларының мәрте­бесі туралы” Қазақстан Республи­касының Конституциялық заңы­ның 39-бабының 1-бөлімінің, 40-бабының 1-бөлімінің 5-тармағын, 44-бабының 1-бөлімін, “Судьялар­дың республикалық және облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары ту­ралы” Ереженің 15,16-баптарын бас­шылыққа алған алқа судья Аб­лаев Сапарәлі Еламанұлын судья­лық қызметтен босату жөнінде шешім шығарады. Бұл шешімді республикалық тәртіптік-біліктілік алқасы қолдайды. Арызда атап көрсетілген екінші судья З.Алсееваның тағдыры да өз әріптесінікіне ұқсас. Оған да тәр­тіптік-біліктілік алқасы үстіміз­дегі жылдың 20 тамызында өз қызмет бабына жауапкершіліксіз қарап, істерді қарау барысында заңдылық­ты өрескел бұзуына байланысты сөгіс беруді жөн деп тапқан. Себебі ол бір жыл ішінде жауапкершілікке тартылмаған, жіберген қателіктерін мойындаған және алдағы уақытта заң бұзушылықты болдырмайтыны жөнінде уәде берген. Жазаның жұм­­сақтау болу себебі де сондықтан. Сонымен арызда аттары аталған екі судья да хатта көрсетілген жөн­сіз әрекеттері үшін өз “сыбаға­ларын” алған. С.Аблаев енді еш­қашан, ешқандай іске шешім немесе үкім шығара алмайтын бол­са, З.Алсеева қандай да болсын істер­ге шешім немесе үкім шы­ғарарда “қателеспеуге” уәде берген. Екі судьяға қатысты қолданылған жаза да екі түрлі. Біз бұл жерде облыстық және республикалық тәртіптік-біліктілік алқаларының шешімдеріне күмән келтіріп отыр­ғанымыз жоқ. Әсіресе судьялардың республикалық тәртіптік-біліктілік алқасының шешімі түпкілікті, оған шағым келтірілмейтінін де түсіне­міз. Бұл жерде біздің айтпағымыз бас­қа нәрсе еді. Арызда аттары көр­сетілген судьялардың арызда айтылған іс-әрекеттері әшкереле­ніп, оған тиісті жазаларын алған­нан кейін жазылған мақаламыз ескі жара­ның қотырын қасығандай бол­май ма деген көңілімізді күпті ет­кен күмән болды. Дегенмен жазуға бекіндік. Себебі, қос судья жібер­ген мұндай кемшіліктер сот жүйе­сінде сирек те болса орын алып тұра­тынын ескере отырып, басқа­ларға сабақ болса деген ниетіміз де жоқ емес... Шарафаддин ӘМІР, Оңтүстік Қазақстан облысы. Сарыағаш ауданы.