Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Г.Әбдіқалықова Президентке министрліктің ағымдағы жұмысы туралы баяндады. Атап айтқанда, Президенттің “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын әлеуметтік міндеттерді іске асыру барысы туралы хабардар етті.
Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамтуды және әлеуметтік қорғауды арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.