Бақтияр ТАЙЖАН – Гуанчжоудан (Қытай).
17 қараша күні Қазақстанның қоржынына 1 күміс, 1 қола медаль түсті. Су добы және спорттық гимнастикадан. Бұл күні суға жүзгіштеріміз финалдық бәсекеге жете алмады. Велотректен үміт жоқ. Көгалдағы хоккейден қыздарымыз Таиланд құрамасын 3:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Академиялық есуден қыздарымыз бен жігіттеріміз қуанта алған жоқ. Мергендерімізді кешегі алтынның буы ұрып кеткен бе, бұл күні өте сүреңсіз өнер көрсетті. В. Исаченко топ басында келе жатып 10- орыннан бір-ақ шықты. Таэквондошымыз Айдар Дүйсебаев (74 кг) өзбекстандық Дмитрий Кимнен 3:4 есебімен ұтылды. Айтқандай, Киміңіз финалда ғана тізгін тартты. 46 кг. салмақтағы қызымыз Айжан Әліжанова малайзиялық құрбысы Жохари Мұхаммедке жол берді. Ауыр атлетикада үштікке кіреді деп жоспарлаған Владимир Кузнецов 5-орында қалды. Жұлқа көтеруде 160, 165, 167 кг. алған Владимир серпе көтеруде 200 кг.-ны екі рет ала алмай соңғы кезегінде 201 кг.-ны көтеріп кетті. Қытай Лу Енг қоссайыста 376 кг., өзбек Мансұрбек Шаземов 372 кг., ал қола медаль алған корей Ким 369 кг. салмақ жинады. Боксшыларымыз Серік Сәпиев (69 кг.) пен Данабек Сужанов (75 кг.) жеңіс тағдырын 2-раундта шешіп тастады. Ал, 81 кг. салмақта рингке шыққан Алмат Серімовке әлемдеге үздік боксшылардың бірі, әлем чемпионы өзбек Елшод Расулов тап келді. Соқыр жеребе деген осы. Алмат сескенген жоқ. Табан тіреп айқасқа түсті. Есеп – 5:2. Әрине, Расуловтың пайдасында. Спорттық гимнастикада үздік сегіздікпен финалға шыққан Станислав Валиев 15.800 ұпай жинап, 3-орынға шықты. Қола медаль. Ал, корей Ванг ұпайы 18.400, 2-орын алған қытай гимнасы Фенг 15.850 ұпай жинаған. Үздіктермен құйрық тістесіп мәреге жеткен Ернар Ерімбетовке бұйырғаны – 4-орын. Су добынан Гуанчжоуға аттанарда әйелдер құрамасының бас бапкері тек алтынға таласамыз деген болатын. Құрғақ, су тимейтін уәде екен. 4 команда қатысқан топтық жарыста Үндістанды 38:2, Өзбекстан құрамасын 14:5 есебімен ұтқан қыздарымыз шешуші кезеңде қытайлық қыздарға 13:5 есебімен жеңілді. Ерлер 10 минөт, қыздар 8 минөттен 4 кезең ойнайды. Қыздар 4:1, 3:2, 1:1, 5:1 есебімен кезең бойынша ұтылды. Жеңіске ұмтылған командада жауынгерлік рух, шеберлік пен қоса өлермендік болады. Мемлекетінің намысы үшін соңына дейін шайқасады. Осы жерден шамалай беріңіз. Әр кезең сайын тең ортаға доп қойылады. Осы старттың төртеуінде де қытайлықтар допқа алдымен жетті. Қақпашымыз Галина Рутоваға рахмет, талай доптан қақты. Ал, қытай қорғаушылары өз қақпасы алдында дауыл тұрғызып, шабуылшыларымыздың жақындауына мүмкіндік берген жоқ. Көп доп қақпаның маңдайшасы мен қапталына тиіп жатты. Алтын аламыз деп уәде берген команда бұлай ойнамайды. Қоржынымызда күміс медаль болса да олқысынып, көңіліміз құлазып қалды. 18 қараша тәуір басталды. Академиялық есуде қыздар төрттігі қола медальға қол жеткізді. Квалификациялық жарыста 4-орынмен финалға кірген қыздарымыз Екатерина Артемова, Оксана Назарова, Светлана Германович және Мария Филимонова алға қытай мен корей төрттігін салып, үшінші орынға ие болды. Кеше суға жүзгішіміз Владислав Поляков, ауыр атлеттеріміз – екі дүркін әлем чемпионы, рекордшы қызымыз Светлана Подобедова мен Олимпиада чемпионы, әлемнің екі дүркін жеңімпазы Илья Ильин сынға түсті.Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32