20 Қараша, 2010

Қапы қалмайық...

502 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Табиғаттың тосын құбылыс­тары мен адамның іс-әрекетінен бола­тын апаттық төтенше жағ­дай­лар­­дың алдын алу – қашанда жауап­ты іс. Міне, осындай қысылшаң шақта адамдарды және олардың мүл­кін құтқаруға, апаттық жағдай­ды жоюға қаншалықты дайын екендігімізді тағы бір елеп-екшеп алу үшін өткізіліп жатқан “Қыс-2010” республикалық-штабтық оқу-жаттығуының маңыздылығы да сондықтан. Астанадан оқу-жат­ты­ғудың басталғандығы жөнінде хабар алынысымен төтенше жағ­дай­лар жөніндегі облыстық депар­та­менттің жеке құрамы, оның құ­рылымдық бөлімшелері және облыстық аза­маттық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметі шұғыл әскери дайындық жағдайы­на келтірілді. Облыстық әкімдікте облыстық аза­маттық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер басшыларымен өткізіл­ген облыс­тық төтенше жағдайлар жөніндегі ко­миссия отырысында әртүрлі қыз­мет салаларының қыс­қы кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындығы таразыға тартылды. “Қыс-2010” республикалық штаб­­тық оқу-жаттығу жиынының екінші күні Ақтөбе –Хромтау тас жолының 5 шақырымында Ақтөбе облысы төтенше жағдайда шұғыл әрекет ету отрядының дайын­ды­ғының байқауынан басталды. Оған 15 қызмет, 63 техника және 150 адам қатысты. Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко  бай­ланыс, инженерлік, жанар-жағар маймен қамтамасыз ету, тамақ­тан­дыру буындары, жедел ме­ди­ци­на­лық көмек және  қоғамдық тәртіпті қорғау бөлімдері сияқты 15 қыз­мет­тің әрқайсысының қыс­қы төтенше жағдайға қанша­лықты дайындығын өз көзімен көріп, олардың ма­териалдық-техникалық қам­тамасыз етілу жағдайымен  танысты. “Ақтөбе ЖЭО” АҚ-тың №6 стан­саның су қайнату қазанында бас газ бекіткіштің бұзылуы сал­дары­нан болған апаттық жағ­дай­ды жою оқу-жатығуында кә­сіп­орын­ның және облыс орталы­ғындағы апаттық-құтқару, өрт сөндіру және жедел медициналық көмек, апат­тық медицина қыз­меттерінің үй­ле­сімді қимылдауы нәтижесінде тез арада апаттық жағдай жойылып, қал­пына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қала көшелерінің бірінде “Кам­­­АЗ” автокөлігі газ құбы­ры­ның ком­пен­саторын қағып ке­ту­ден болған апат­тық жағдайда газ шаруа­шы­лығы, өрт сөндірушілер, апаттық ме­дицина және қоғам­дық тәртіпті қор­ғау қызметтері сауатты қимылдады. Жаттығулардан кейін  төтен­­ше жағдайлар министрі Владимир Божко  БАҚ өкілдеріне сұхбат бер­­ді. Ол өткен қыстың төтенше жағдай саласы қызметкерлеріне сын болғанын, оның зардапта­ры­ның сабақ болғанын жеткізді. Ос­ын­дай қиын сәтте министрлікке бағынысты қызметтер ғана емес, облыстық және аудандық ә­к­ім­діктердің қынулы қимыл көр­сет­кенін айтты. Кемшіліктерден сабақ ала отырып, алдағы уақытта апаттық жағдайдың алдын алу­дың барлық мүмкіндіктері қарас­тырылып жатқанына осы оқу-жаттығуды нақты мысал ретінде тілге тиек етті. Министрдің ай­тын­ша, саланы қаржыландыру ал­­дағы жылы 70 пайызға артады. Сондай-ақ, ол 1200 елді мекенде өрт қорғау қызметі жоқ екенін алға тарта келіп, ерікті өрт сөн­ді­рушілерді енгізу де күн тәр­ті­біндегі мәселе екенін айтты. Министр облыстық әкім­діктің “Қыс-2010” республи­калық штаб­тық оқу-жаттығуын өткізуге тиянақты әзірленгенін  атап өтті, әкімдіктің өңірдегі жағдаймен жете таныстығын жоғары бағалады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.