20 Қараша, 2010

Әйел әлемі

1940 рет
көрсетілді
20 мин
оқу үшін

Осы бір нәзік жан иелерінің ел дамуына қосар үлесі туралы ой

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне орай бүгінде бүкіл Еуро­паның сенімі мен үмітіне айналды. Оның түп-төркіні неде деген сауал­ға ол осыдан 13 жыл бұрын қабыл­данған “Қазақстан-2030” Даму стратегиясының көреген­дігінің нәтижесі деп жауап беруге болады. Дағдарыстарды болдырмай, бірлікті сақтап, жаңа Қазақстанды жаңа әлемге танытуға жол ашқан осындай Стратегияны батылдықпен қабылдап, іс жүзіне асыра білген біздің елімізге әлемдік қауым­дас­тық тарапынан сенім білдірілді. Демек, бұл Қазақстанның ең ал­ды­мен демократиялық рефор­маларда қол жеткен жетістігін мойындау, сонымен қоса, бүкіл әлемге бейбіт­шілікті сақтауға ықпал жасай ала­тын көп ұлтты Қазақстанды үлгі тұту. Қазақстан Президентінің ли­дерлік орасан әлеуетін мойындау. Қазіргі таңда Қазақстан мемле­кетінің алдындағы ең басты міндет – инновациялық экономиканы қалыптастыру. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары елі­міздің жарқын болашағына арнал­ған. Оның іске асырылуына бүкіл қоғам болып атсалысу парыз. Қазақ­с­тан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыруға әйел­дердің белсенді қатысуына ықпал етерлік саяси тұрақтылық пен ұлт­аралық татулық, тиімді басқару, әлеуметтік үнқатысу, адам құ­қық­тарын құрметтеу және халық­аралық еңбек нормаларын сақтау, кәсіпкер­лік мәдениеті, тиімді әрі тұрақты макроэкономикалық сая­сат, сауда және экономикалық ин­теграция, бәсекелестік ортаның болуы, қаржы қызметіне қолжетім­ділік, кәсіби даярлық, әлеуметтік әділеттілік пен сенімді әлеуметтік қорғау сияқты гендерлік өлшем­дерге негізделген факторлар мол. Әйел кәсіпкерлігіне қолайлы іс-шаралар қарастырылған. Мұндай демеу бұрын-соңды бол­мағанын айтып өтуге тиіспіз. Осы орайда еліміздің экономи­ка­сын өркендетуде еңбек етіп жүр­ген 3,7 млн. әйелдер қауы­мының қо­сар үлесі салмақты болмақ. Қа­зақ­­стан әйелдері отбасы қам-қаре­кеті, бала­лар тәрбиесімен қоса ел игілігін арт­тыруда қоғам алдын­дағы міндетін адал атқарып келеді. Қазір­гі кезеңде саясатта, басқару ісінде, бизнесте тиімді де табысты болып жүргеніне ешкім күмән кел­тіре ал­майды. Оның негізгі себебі – мем­ле­кет тарапынан, Мемлекет басшы­сы тарапынан қа­зақ­стандық әйелдер қауымына сенімді серіктес ретінде жоғары баға берілуі. Ал, сенім мен құр­мет адамға әрқашан қанат бітіреді. Индустрияландыру картасына жалпы көлемі 6,5 трлн. теңге құ­рай­тын 162 жоба енгізілді. Соның басым бөлігінің бірі – “Бизнестің жол картасы – 2020”. Бұл жобаға сәйкес мемлекет шағын және орта бизнес субъектілеріне несие бөлу арқылы кәсіпкерлік инфрақұры­лымын да­мы­тады. Нәтижесінде жеңіл өнер­кәсіп, тоқыма кәсіп­орындарын, ту­ризмді, аграрлық қайта өңдеу сала­ларын жандан­дыруға мүмкіндік жас­алып отыр. Осы аталған сала­лар­дың бәрінде апа-құрбы­лары­мыздың аялы ала­қаны бар. Шағын кәсіпкер­лікпен айналысатын әйел­дердің саны да, сапасы да басым екені белгілі. Бүгін­гі таңда елімізде шағын және орта кәсіпкерлік сала­сында тер төгіп жүр­гендердің ара­сында әйелдердің үлесі 52%-ды құ­райды, 66%-ы жеке кәсіпкерлікпен айна­лысуда. Әсіресе, аграрлық сек­тор­­дағы әйелдердің үлес салмағы – 60%-ға жетіп отыр. Семей қала­сын­дағы “Береке” ша­ғын несие беру ұйы­мынан үстіміз­дегі жылдың 9 айында 7 мыңнан астам ауылда тұра­тын қыз-келін­шектер шаруа қо­жалығындағы жұмыс­тарын дамыту үшін несие алған. Осы арада Елба­сының Қазақ­стан әйел­дерінің V форумында әйел кәсіп­керлігін қар­жыландыру мәсе­лесі туралы тап­сыр­ма бере тұрып, әйелдердің қар­жыны қайда, қалай жұмсауды біле­тінін атап айтқанын еске сала кету қажет. Әйел кәсіпкерлігін қаржылан­дыру жобалары қарқынды жүр­гізілуде. Шағын кәсіпкерлікті дамы­ту қоры арқылы әйел кәсіп­керлерге 16 млн. доллар қаржы бөлінді. “Шағын несие ұйымдары туралы” Заңға өзгерістер енгізіліп, несие алу процедуралары жеңіл­детілді. “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар тәжірибесін ұйым­дастыру жоспарланған. Бұл бағытта Қазақ инновациялық гуманитар­лық-заң университеті өзінің про­фессор-оқытушылар құрамы­ның және материалдық-техникалық әлеуетін толық іске қосуға даяр. Тиімді тетіктерді жүзеге асыру­дың бірден-бір жолы әйелдердің қол жеткен нәтижелерді бағалауға қатысуы деп білеміз. Ол үшін мем­лекет тарапынан қандай міндетте­ме­лер бар, бағдарламалардың бюджеті қашан және қалай жүзеге асырыла­тыны, кімге жауапкершілік жүктеле­тіні туралы тұрғындар ашық түрде хабардар болса, нұр үстіне нұр. Екін­ші жақтан, мем­лекеттік саясаттың тиімді жүзеге асырылуын бағалау мүмкіндігіне де ие болады. Бұдан басқа “Экспорт-2020”, “Өндіруші- 2020” бағдарла­ма­лары аясында сервистік және грант жобалары мемлекет тарапы­нан қаржыландыру, экономиканың өндіргіш күшін арттыруға арналған технологияларды қолдау қарас­тырылған. Алайда, атал­ған бағдар­ламалар бойынша қанша жұмыс орны әйелдерге берілетіні ай­қын­дал­маған. Дәстүрлі өңдеу қыз­мет­терінің орнын ақпарат­тық-техно­логиялар басатын болса, әйел­дер­дің жұмыс орны қысқаруы мүм­кін. Отбасының, балаларының игі­лігін арттыру мақсатында әйел қауымы өзінің кәсіби біліктілік дағ­ды­ларын жетілдіруге тырысады. Тұрмыс сапасы әйел еңбегінің өнімді­­лігіне байланысты. Сондықтан әйел­дер үшін экономикалық тұрғыда іл­герілеудің дәл қазіргі қоғамда маңызы зор. Ерлермен бірдей ілгері жылжуға әйелдер үшін қандай кедергілер бар деген сауалға қатысты бірқатар са­рап­шылардың олардың экономи­калық тұрғыдағы мәртебесінің және әлеуметтік қуаттылығының төмен­дігі деген пікірімен келіспес едім. Себебі әйел-анаға тарихтың субъек­тісі ретінде өзінің интел­лектуалдық кәсіби әлеуетін сарқа пайдалану тән. Меніңше, қазақ қоғамы әйел мәртебесін әрқашан жоғары қоя білген. Мысалға әйгілі Мөңке бидің “Әйеліңмен дос бол, үйіңнің береке­сі кіреді” деген нақылын, Әз-Жәнібек ханның тұсындағы Жирен­шенің Қарашаштың қара басын қара ор­манға балағанын, Қазыбек бидің “Аймалайтын анаң қымбат, мейі­рімді апаң қымбат” деген кесім­ді сөзін келтірсек те жеткілікті. “Алаш­орда” қозғалы­сының қай­рат­кер­лері азаматтар жынысына қара­май өз құқығын заңды саяси талаптар арқылы қор­ғауы мәселесін көтеріп, әйелдердің саяси құқығы ерлермен тең болуға тиісті деген қаулы қабыл­данғаны тарихтан белгілі. Мұхтар Әуезовтің “Ел бола­мын десең, бесі­гіңді түзе!” деген сөзі күні бүгінге дейін ұрпақ тәрбиелеуге үндейтін өзекті ұғымға, ұран сөзге айналды. Ғабит Мү­сіреповтің “Мақ­тасақ әйел­ді мақ­тайық, құрметтейік те әйелді. Әйел – ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш емес пе? Дүниеде әйелді құр­меттеп, әйелді нұрға бөлейік те” де­ген асқақ рухты жолдары да сөзімізге дәлел. 1873 жылы Ресей императоры географиялық қоғамының мүшесі Н.Северцов қазақ әйелдері туралы мынадай мінездеме берген екен: “Қазақ әйелдері еркін ойлылы­ғымен ерекшеленеді, билікті мо­йын­дамайды. Ол өмір бойы біт­пейтін үй тірлігінде жүрсе де күң емес, қайта ол үйдің шын мәніндегі бикесі, билеушісі, жалқау күйеу әйеліне бағынышты, тек жұмысқа салмаса болғаны, ал кейбір өжет әйелдер күйеуін жұмысқа жегуден де тартынбайды. Тек қонақ күту кезінде күйеуінің момақан қыз­метшісі болып, тамақты да бірге іш­пей, қалғанына ғана қанағат­тана­ды. Мұның өзі сол үйдің бикесі ретінде қонақтарды күту әдебімен бай­ланысты. Қалай болғанда да қазақ еркектері ат үстінде және үйінен тысқары жерде ғана батыл болуы анық, ал қазақ әйелі кері­сінше, үйде тәуелсіз, толық билігі бар бике. Ауылға жау шапса, еркек­тер қаруын ала сала жылқыға жөне­леді, ал әйелдер ауылды қор­ғай­ды. Содан соң барып шапқан жауға ерлер лап қояды...” (Қазақ тарихы 1994; № 6). Қазақ әйелі бұрын-соңды тари­хымызда дәл қазіргідей қайраткер­лік жасампаздық дәрежеде болып көрген жоқ. 20 жылға толар-толмас мерзім аясында саяси аренада, мем­лекеттік басқару саласында талай аруларымыз дара тұлға ретінде көрін­ді. Іскерлік әлемінің тамаша тәжі­рибесінен өтті. Өтпелі кезеңнің қиындығына қарамастан, экономи­калық-саяси тұрғыдағы әйел мәртебесін көтеруді тұңғыш жүзе­ге асырған – Елбасымыз Нұр­сұлтан Назарбаев. Ел ішіндегі тұ­рақ­тылық пен халықтар достығын әлемге паш етті. Әр шаңырақтағы ана үшін балаларының тыныш ұйқысынан артық бақыт бар ма?! Ана мен баланың жағдайын жақ­сартуға, отбасын қамсыздан­дыру­ға арналған кешенді іс-шаралар жыл сайын біз күткендегіден де жоғарылай түсуде. Табысқа жетудің нақты көрсет­кіштері 2020 стратегиясында ай­қын­далған. Бұл құжатта сондай-ақ гендерлік тепе-теңдік нығайтуға да баса назар аударылуда. Әйелдердің саяси-экономикалық ілгері жыл­жуы үшін еліміздегі гендерлік сая­саттың ұлттық моделі әлеуметтік-экономикалық саясаттың жаңа белесін ашты десек қателеспейміз. Өйткені, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның табанды іс-әрекеті арқылы гендерлік саясат жөнінде тұтас жүйе қалыптасқан. Осы тұрғыда Қазақстан гендерлік саясаттың тұжырымдамалық база­сын қалыптастырды деп айтуға негіз бар. Мемлекеттік және қоғам­дық саладағы гендерлік тепе-тең­діктің басты принциптері мен нор­ма­лары бекітілді. Заңдылық тұрғы­сынан алғанда елімізде гендерлік балансты сақтаудың барлық шарт­тары қарастырылған. Ендігі жерде Қазақстан үшін дәл осы кезеңде қабылданған заңдардың тетіктерін іске қосу аса өзекті болмақ. Елбасының “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қа­зақ­станның жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауындағы “еліміздің жа­ңарту стратегиясының сәтті жүзе­ге асуы, ең алдымен қазақстан­дық­тардың білімі, әлеуметтік және фи­зи­калық хал-ахуалына байланысты” деген сөздің астарында зор мағына бар. Әйел табиғатында тұрақтылық пен келісімнің рухы бар. Сол қабі­ле­ті­мен республикадағы еңбек ре­сур­сы­ның 50%-ға жуығын құрап отыр­ған Қазақстан әйелдері үдемелі ин­дустриялық-инновациялық даму бағ­дарламасын жүзеге асы­руға, сөй­тіп ұлттық экономика­ны инно­вация­лық жолға қоюға өзіндік үлес қосары сөз­сіз. Сәл шегініс жасасақ, Қазақ­стан әйелдерінің белсенді­лігі­нің өтпелі кезеңде артуының объек­тивті себебі меншік пен ресурстар­дың қай­та бөлінуімен байланысты еді. Көз­ге ұрып тұрған гендерлік ас­си­метрия демократия­лық қайта құ­ру­дың принцптеріне қарама-қайшы келді. Демократияландыру, Конститу­ция­­мыз­да көрсетілгендей, барлық азаматтардың басқару саласына белсенді араласуын, демек жасам­паз субъектілер ретіндегі рөлін көр­сетуді мақсат етеді. Қалыптасқан жағдайды саралай келе әйелдердің экономикада, үкіметтік емес ұйым­дарда белсенділігін байқаймыз. Қазір республикада 300-ден аса үкі­меттік емес ұйымдар болса, оның тең жартысын тамаша құр­бы­ларымыз басқарады. Олар қоғам­ның қуатты күші, тәуелсіздік же­міс­тері. Десек те билік органдарын­дағы гендерлік ассиметрияға қатыс­ты дәстүрлі стереотиптерді еңсеру өте күрделі өтуде. Әйелдердің саяси шешім қабыл­дау деңгейінде ілгерілеуі олардың жеке басының кірпияздығы немесе өзін-өзі көрсетуге талпынысы емес. Ол жаһандану кезеңіндегі қоғам императиві дер едім. Статистика агенттігінің Қазақстан әйелдері мен ерлері атты статистикалық жинағы­на үңілсек, Сенат депутаттарының арасында әйел депутаттар – 2 (бар-жоғы 4,3%); Мәжілісте – 18 (небары – 17%); барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ішін­де әйелдер саны 567 (17,1%), бар­лық мемлекеттік қызметшілер са­на­тында әйелдер 58% болғанымен, саяси мемлекеттік қызметшілер қа­тарында – 7%, сот жүйесінде, Жо­ғар­ғы Соттың сот алқалары төр­аға­ларының ішінде бірде-бір әйел жоқ, Жоғарғы Соттағы әйел судья­лардың саны – 10 (28,6%), об­лыстық және оларға теңес­тірілген соттар төраға­ларының 100%-ы ер адамдар, мем­лекеттік басқару сала­сындағы әйелдердің үлес салмағы – 40,2%. Жоғарыдағы деректерді келтір­генде қайткенде әйелдер, ер-аза­мат­тармен қатар билікті қолына алу керек деген ойдан аулақпыз. Кері­сінше, Батыстағы өркениетті деген мемлекеттердің өзінде әйел­дердің саяси шешім қабылдау дең­гейіндегі өкілдігі төмен. Мәселен, Ұлыбри­танияға әйелдер осыдан 80 жыл бұ­рын сайлауда дауыс беру құқы­ғын иеленгенін ескерсек, қазір­гі күнде бұл елдегі анағұрлым ірі компания­лардың директорлар кеңесінде бірде-бір әйелдің бол­мауы қарас­тырылып отырған мәселенің әлем­дік келбетін көрсе­тетіні белгілі. Ресей Федерация­сы Мемлекет­тік думасындағы депу­тат әйелдердің саны – 63 (14%), бірақ, судьялық корпуста әйелдер­дің саны басым. БҰҰ-ның индикаторы бойынша небары төрт қана мемлекет гендер­лік тепе-теңдікке қол жеткізген екен. Олар: Швеция, Дания, Фин­ляндия, Норвегия. Балтық жаға­лауы ел­дерінде бұл мәселеде жақсы көр­сет­кіштер бар. Қазақстан тәуелсіздік алған ал­ғашқы жылдары БҰҰ-ның әйел­дерге қатысты қысым көрсетудің барлық түрлерін жою туралы кон­венциясына қосылды. Сол ар­қылы бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялап, ерлер мен әйел­дердің қоғамдық өмірдің барлық саласындағы әлеуметтік тепе-теңдігін іске асыруға кірісті. Әрине, бұл мәселе қоғамның барлық сала­сында зерттеу, талдау жүргізумен қоса саяси тәжірибені жоспарлау мен институттық тұрғыда жетіл­діруді қамтитын күрделі үрдіс. Қазақстан гендерлік тепе-теңдік мәселесінде ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезеңінде прогресті қадамдар жасай білді. Оның айғағы “Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мем­лекеттік кепілдіктері” туралы және “Тұрмыстық зорлық-зомбы­лық профилактикасы” туралы заңдар­дың қабылдануы. Мемлекетіміз қай салада болма­сын әлемдік стандарттарға сәйкес даму жолын таңдағанымен, өз менталитетін, дәстүрін сақтап отыр деп сеніммен айта аламыз. “Біз батыс­тық позитивті құндылық­тарды – демократияны, толерант­тылықты, заңға, еңбекке, тұлғаға құрметті оң қабылдаймыз, бірақ батыстық үлгідегі елге айналуды мақсат етпейміз”, деген Елбасының ұстанымы осыған саяды. Қазақстанда да әлемдегі барлық мемлекеттегідей жоғары білімді әйелдердің саны көп. Тағы да ста­тис­тикаға жүгінсек, жоғары оқу оры­ндарындағы білім алушы кон­тин­гент­тің 55-62%-ы қыз балалар. Ғы­лым кандидаттары мен ғылым док­торлары да, профессор-оқыту­шылар құрамының басым бөлігін құрайды. Бір ғана Қазақ иннова­циялық гуманитарлық-заң универ­ситетінің контингенті туралы ғана айтсақ, біздің университеттегі 8 мыңға жуық студенттер мен ма­гистранттардың 65%-ы бойжет­кен­дер. Жуырда жүр­гізілген мони­торинг нәтижесі бо­йын­ша техника­лық мамандықтарды меңгеруге деген қыздардың құлшы­нысы ерекше екендігі байқалды. Солай бола тұра еңбек нары­ғында әйелдерге деген сұраныстың немқұрайлығы жасырын емес. 45 жастан асқан орта арнайы білімі бар әйелдердің жұмысқа орналасу мүм­кіндігі аз. Әйелдердің еңбек­ақысы ерлер еңбекақысының 61 пайызын ғана құрайды. Әйелдер денсаулық сақтау мен оқу-ағарту сала­сында ғана істейді. Неге мұға­лімдік қыз­метте ер адамдар аз? Олар­ды сол сала­ға тарту меха­низм­дері керек. Тек қана әйелдің тәр­биесін алған ұл­дарымыз ел қорғаны бола алар ма? Тағы да бір алаңдайтын жәйт, әйелдердің саяси күрес пен құқық саласындағы біліктіліктері әлі де жеткіліксіз. Осы мәселе Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның күн тәртібінен түсіп көрген жоқ. Ана мен баланың құқықтық және әлеу­меттік қорғалуы, олардың ден­сау­лы­ғы жайына арналып үстіміздегі жылда өткізілген бірнеше халық­аралық конференциялар, ірі жоба­лар соның айғағы. Президент пәрменімен құрыл­ған Ұлттық комиссияның құзырлы мәртебесі әйел-анаға, отбасына қа­тысты өзекті проблемаларды жо­ғары мемлекеттік деңгейде шешуге мүм­кіндік береді. Бұл конс­титу­циялық орган шын мәнісінде мем­лекеттік билік пен азаматтық қоғам арасын­дағы көпір іспеттес. Комис­сияның тікелей ықпалымен отбасы инсти­туты­ның беделін арттыру бойынша жүйелі түрде атқарылып жатқан істер­дің тиімділігін айтуға тиіспіз. Қазақстан Үкіметіне жас отбасы­ларын қолдау, бала асырап алған азаматтарға нақты жанашыр­лық таныту сияқты демографиялық сая­сат­тың маңызды тұстары бо­йын­ша ұсыныстар енгізді, еңбек тура­лы заңнамаға әйел еңбегін не­ғұр­лым толық пайдалануды қамта­масыз ететін нормалар енгізілген. Бірқатар аймақтарда үй шаруасын­дағы әйел­дердің қашықтықтан жұ­мыс істеу жобалары жүзеге асты. Елбасының Жолдауында көрсетіл­ген халық санын 20 млн. жеткізу мәселесінің шешімін табудың тетігі ретінде үй шаруасында бала тәр­биесімен айна­лысатын әйелдердің мәртебесі қоғам­дық пайдалы еңбек деп қабыл­дануы туралы проблема көтерілуде. Бұл әйел қауымының табиғи мис­сиясы – тұтас ұлттың тәрбиешісі болу деген ізгі ойдан туындап отыр­ғаны белгілі. Осының барлығының түп мақсаты – қазақ­стандық эгали­тарлық отбасының ұлттық моделін қалыптастыруды негіздеу. Ел болашағы білімді жастарда десек, адамгершілік асыл қасиет­терді ұрпақ санасына сіңіру біздің парызымыз. Ендеше, еліміздің елді­гін адамзаттық өркениет пен ұлт­тық құндылықтарға ұштас­тыр­ған, за­йырлы ел зиялыларының жаңа буы­нын тәрбиелеуіміз қажет деп тү­сі­немін. Осы орайда, біздің балалары­мыз бен немерелеріміздің бірнеше тілді меңгеруі аздық етеді. Оларға озық салт-дәстүрімізге, жо­ғары эти­кет пен дегдарлық мәне­рге бас­тауыш мектептен бастап үйрететін мүмкіндіктер жасалуы қажет. Елі­мізде “Назарбаев зият­кер­лік мек­тебі” Назарбаев универ­ситетінің ашылуы осы бағыттағы жұмыстың бір көрінісі болып табылады. Енді бір он жылдан кейін Қа­зақ­стан Республикасын жаңа әлем­де орнықтыру үшін үдемелі индус­триялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырып әлеуметтік тиімділікті күшейтуді, инвестициялық жоба­лар­ды іске асырып, индустриялан­дыру үшін қолайлы орта жасауды қамта­ма­сыз ету міндетін ұлттық рухы биік, ішкі мәдениеті зор толе­рантты жас буын атқарады. Олай болса, Қазақ­станның әлемдік беде­ліне өзіндік үлес қосатын, ын­ты­мақ пен бірлікті ту етіп ұстана­тын ұр­пақ тәрбиесі ер мен әйелдің дом­бы­раның қос ішегіндей жарасымды үйлесімінен, отбасының бүгінгі береке-бірлігінен бастау алады демекпіз. Шырын ҚҰРМАНБАЕВА, Қазақ инновациялық-гу­ма­нитарлык заң уни­вер­си­тетінің ректоры, ҚР Пре­­зиденті жанындағы Әйел­­дер істері және отба­сы­­лық-демографиялық сая­­сат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.