20 Қараша, 2010

Елорда мұрағаты

400 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы елорда тарихына қатысты дерек­терді тынбай іздестіріп, оны қалың көпшіліктің ортақ қажетіне жарату жолында нақты шара­лар­ды жүзеге асырып келеді. Бүгін­де мұндағы мұрағатшылар өздері­нің дербес ұжым ретінде құры­луы­ның 15 жыл­дығына қызу дайын­дық үстінде. Айтқандайын, қалалық мұрағат Ақмола қаласы әкімінің 1995 жылғы 23 қараша­сындағы “Ақмола қаласының мем­лекеттік мұрағатын құру тура­лы” шешіміне сәйкес ұйымдасқан болатын. Өт­кен жылдар ішінде сала маман­дары қаланың өткен ғасырға және тәуелсіздік кезеңіне қатысты құжат­тарын жан-жақты зерделеу, тарихи деректерді іздестіріп табу іс­тері­мен қоян-қолтық айналы­сып, біршама тәжірибелер жинақ­тады. Ағымдағы жылы басқарма мұра­ғатшылары Ұлы Отан соғы­сындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдас­тыруға бірінші дәрежелі маңыз берді. Ақпан айында қалалық мемлекеттік мұрағатта “Елі ерге сенген, ері елге сенген” атты көр­ме ұйымдастырылып, оған Ресей Федерациясы Қорғаныс ми­нистрлігінің орталық мұрағаты­нан әкелінген, Ақмолада жасақ­тал­ған №310, 387 және 29-шы ат­қыштар дивизиясының ерлікке толы жауынгерлік жолдарын сөз ететін жаңа материалдары қойыл­ды. Шара барысында мұрағат қойма­сындағы “Ұлы Отан со­ғысына қатысушы астаналық ар­дагерлер құжаттары топтамасы­ның” №61-қоры жасақталып, онда алты жүз­ден астам өмір­баян­дық, қоғамдық-саяси сипат­тағы құжаттар мен жауынгерлік наградалар көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ осынау мерейлі мерекеге орай Ре­сей­ден әкелінген Ақмолада жасақ­талған атқыштар дивизиялары мен мұра­ғатқа өз құжаттарын тапсыр­ған ардагерлердің ерлікке толы жо­рықты жолдары “Ақмолалықтар майдан мен тыл шебінде” атты жеке жинаққа топтастырылды. Мұрағатшылар жыл басынан бері заңды және жеке тұлға­лардың құжаттарын жинақтау мен өңдеу бағытындағы жұмыс­тарды бұрын­ғыдан да жандан­дыра түсті. Соның нәтижесінде бүгін­дері майдангер-жазушы Х.Ра­химовтың 29 сақтау бірлігін құрай­тын, ал мемлекет қайраткері Қ.Балахметовтың 84 сақтау бірлігін құрайтын құжат­тары мем­лекеттік мұрағатқа сақ­тауға қабылданды. Жыл соңына дейін мұндай жұмыс өзінің заңды жал­ғасын тауып, мұрағаттың толым­дау көздері бұрынғыдан да ұлғая түсетін болады. Қалалық мұрағаттар және құжат­тамалар басқармасы өз жұ­мы­­сында мемлекеттік тілдің қол­данылу аясын кеңейтуге басым бағыт ұстанып келеді. Елбасы Н.Назар­баевтың Жарлы­ғы­мен бекітілген “Тілдерді қол­дану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама­сын” күнделікті жұ­мыстың басты өзегіне айнал­дырған басқарма ұжымы мен оған қарасты салалас буындар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге, қазақ тілінің қолда­нылу аясын кеңейтуге бет бұрды. Ағымдағы жылы қалалық тіл бас­қармасы ұйымдастырған дәс­түрлі “Мемлекеттік тіл – мемле­кеттік қызметте” атты байқауда біз­дің басқарма мамандары са­йыс­қа қатысқан отызға тарта коман­далар арасында топ бастап, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Мұрағатта жинақталған құжат­тарды көптің ортақ игілігіне ай­нал­дыру мен пайдалану дең­гейін арттыру сала мамандары­ның қас­терлі де қасиетті борышы болып табылады. Мұрағат ұжымы өзінің құрылуының 15 жылдығы қар­саңында көптің есінде қала­тындай бірқатар игі шараларды жүзеге асы­ра білді. Әрісін былай қойған­да, халықаралық деңгейде өткізіл­ген Астана қаласының 10 жылдық тұсаукесеріне орай “Есте қалар және айтулы күндер” жылнамасы, “Арманды ақиқатқа ұштастырған” атты түрлі-түсті буклет жұртшы­лық назарына ұсынылды. Атал­ған жинақтарға қала тарихына, оның өткені мен бүгініне бай­ланысты маңызды деректер топ­тас­тырылды. Олар тарихымызды зерделеушілер үшін ғана емес, уақыттың айшықты өзгерістерін білуге ұмтылыс жасаушыларға да аса қажетті дүниелер болып табылады. Арада өткен 15 жыл ішінде мұрағатта ел тарихында ерекше маңызды орын алған оқиғалар мен тарихи тұл­ғаларға арналып, үлкенді-кіші­лі 10-нан астам көрме өткізілді. Солардың арасында “Тыңға – 50 жыл”, “...Бәрі де майдан үшін”, “Мем­лекеттік мұрағатқа – 10 жыл”, “Елорданың еңселі тұлға­лары”, “Астана – жаһандағы жаңа Ел­орда”, “Ақ­мола және Алаш зия­лылары”, “Астана – кемел істер­дің ал­тын тұғыры” секіл­ді көр­­ме­лер қала тұрғын­дары­ның асқан қызы­ғушы­лық­тарын тудыра білді. Оларға қала мен ел та­рихына қатысты көп­теген тың мәлімет­тер ұсынылды. Жыл өткен сайын мұрағаттың қаладағы кәсіпорындар мен ме­ке­мелер арасындағы байла­нысы артып ке­ле­ді. Мұрағаттың то­лым­дау көздері санала­тын мұндай ұжымдар­дың қатары бү­гінде 400-ге жуықтайды. Аталған мекемелерде ведомстволық мұра­ғат құжаттарын сақтау үшін 200-ге тарта арнаулы бөлме жаб­дық­талған. Бұл мұрағат пен қалалық мекемелер арасын­да­ғы байланыс­қа оң ықпал жасауда. Мұрағаттар және құжатта­малар басқармасы “Мәдени мұра” бағ­дарламасын жүзеге асы­ру аясында республика аймақ­тарындағы мұрағаттармен екіжақты іскерлік байланыстар ор­натуға қол жеткізіп отыр. Сон­дай-ақ Қазақстан Рес­пуб­ли­касы мен Ресей Федерация­сы арасын­дағы ынтымақтастық бағдарла­масы аясында Санкт-Петербург, Орынбор, Омбы, Қа­зан, Түмен және басқа қала­ларға арнайы іссапарлар ұйымдас­тырыл­ды. Оның ел тарихына қатысты құнды құжаттар мен деректердің мұрағатта көптеп жинақталуына тигізген көмегі мол болды. Мұрағатта ел аймақтары мен шет мемлекеттерден түсетін әлеу­меттік-құқықтық сипаттағы сұра­ныстарды орындау жағы да үнемі назарда ұсталынады. Жыл сайынғы деректер көрсеткенін­дей, мұндай сұраныстар орта есеппен 2 мыңнан асып түседі. Бұл – алыс және таяу шет мем­лекеттерден, сондай-ақ рес­пуб­лика аймақтарынан жылына осыншама сұраныс түседі деген сөз. Сала қызметін жыл сайын ал­­пыс­тан астам зерттеушілер де тұ­рақ­ты пайдаланады. Мұрағат­тағы бағалы құжаттар санатын­дағы іс тізімдеме­лері оқу залын­дағы ком­пьютердің деректер база­сына енгі­зілген. Бұл зерт­теуші­лердің құжат­тармен жұмыс істеуін оңайлата тү­суге ойдағыдай көмек­тесіп келеді. Елорданың алғаш құрылуы­нан бастап мұрағатшылар қала меке­мелері мен ұйымдарымен тығыз байланыс орнатып келеді. Бізде құрылған “Жаңа Астана” мұра­ғат­тық қоры қаланың өсіп-өркен­деуіне қатысты барлық құжаттар­ды жинақтауға нақты бағыт ұстан­ған. Аталған қордың жылдар өте келе бұрынғыдан да қомақтыла­нып, жаңа құжаттармен толыға түсері – уақыт шындығы. Мұны ешкім де бекерге шығара алмайды. Қазіргі таңда Астана қаласы­ның Мұрағаттар мен құжатта­малар басқармасында Мемлекет­тік мұрағаттың құрылуының 15 жыл­дығына орай ғылыми-тәжіри­белік конференция өткізуге дайын­­дық жүргізілуде. Осымен бір мезгілде Мемлекеттік мұрағат­тың арнаулы залында осынау дата­ға арналған көрме де ұйым­дастырылатын болады. Осында мұрағат саласы ісін дамытудың қол жеткен табыс­тарымен қатар, оның шешілмей келе жатқан проблемаларын да сөз ету көзделінуде. Басқосуға көр­шілес Ресей, сондай-ақ респуб­лика қалаларынан да мамандар шақыртылып отыр. Астана қаласы Мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы Елбасы Н.Назарбаевтың “Жаңа онжылдық – жаңа экономи­калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкін­дік­тері” деп аталатын дәстүрлі Жол­дауын әркездегідей өздерінің басты айқын­дамасына айналдыр­ған. Мұрағат саласының маман­дары құзырлы органдар тарапынан жасалынып жатқан қолдау мен көмекке сүйене оты­рып, ағымдағы жылды да же­місті табыстармен қорытынды­лауды мақсат етуде. Бұл жолда сөз бен істің бірлігі әркездегідей толық қамтамасыз етілетін болады.