23 Қараша, 2010

Қаланың бас жоспары қабылданды

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Семейді былайғы жұрт ер­теректе “үлкен деревня” де­се­тін. Өйткені, қала еш жос­пар­сыз, жөн-жосықсыз Ертіс өзенін бойлап салына берген. Содан өткен ғасырдың жет­пі­сінші, сексенінші жылдары көп қабатты үйлер көптеп са­лы­нып, қала көркі шырай­ла­нып қалғандай болған. Өкі­нішке қарай, ол қуаныш көпке созылмады. Яғни, тоқса­ны­н­­шы жылдардан қаланың негізгі ұсқыны бұзыла бастаған. Абырой болғанда, енді, қа­ланың бас жоспары қабылд­ан­ға­нын естіп, біліп отырмыз. Осы жоспар бойынша қаланың “казкрай, “таткрай” деп ата­ла­тын бөліктеріндегі әбден то­зығы жеткен жеке меншік ескі үйлердің орнына  көп қабатты жаңа үйлер бой көтермек. Бас жоспар бойынша, сон­дай-ақ қала іргесіндегі кент­тер­дің де жағдайы мықтап ес­ке­­рілгенін естіп отырмыз. Ал мұн­да ондай кенттер көптеп са­­налады. Және оларда не­гі­зі­нен өз қаракөз қандастарымыз тұрады. Сондықтан әлгі кент­тер абаттандырылып, оларда жаңадан мектеп, балабақша, саябақ ашылып жатса, біздің ағайындарға одан артық қандай қамқорлық керек. Айталық, бас жоспар бойынша қала ірге­сіндегі Суықбастау кентінде екі мектеп, үш балабақша салынуы керек болса, соның бірі жуырда іске қосылды. Сөз соңында қаланың қа­зір­гі бас жоспары 2025 жылға дей­інгі мерзімді қамти­тын­ды­ғын, ал осы аралықта қала хал­қының саны шамамен 300 мың­­нан 400 мыңға дейін өсе­тіндігін айта кетсек дейміз. Со­лайша жуырда ғана барлық не­гіз­гі көрсет­кіштер бойынша елі­міздегі алдыңғы қалалар са­пынан көріне білген Семей ал­да да халқының саны жөнінен рес­пуб­ликамыздағы басты қа­­ла­­лар сапынан табылары сөзсіз. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей.