25 Қараша, 2010

Халықтарды қарым-қатынастар жақындастырады

827 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мә­сімов Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер Үкімет бас­шылары кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Тәжікстан астанасы Душанбеге келді. Сөз орайында ертең осында өтетін бұл басқосудың Қазақстан Үкіметі басшысының тәжік еліне жұмыс бабындағы сапарына тұспа-тұс келіп отырғанын да айта кету керек. 24 қарашада, яғни сәрсенбі күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Тәжікстан Республика­сы­ның Президенті Эмомали Рах­монмен және ел Үкіметінің бас­шы­сы Акил Акиловпен шағын және кеңейтілген құрамда кез­де­сулер өткізді. Нәтижесінде бір­қа­тар маңызды құжаттарға қол қойылды. Тәуелсіз Қазақстан Респуб­ли­касы мен Тәжікстан Республика­сы арасындағы дипломатиялық қа­рым-қатынастар 1993 жылдың 7 қаңтарынан бастау алады. Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл елге 2000 жылдың маусымында алғаш рет ресми са­пармен келді. Бұл сапар екі мем­лекет арасындағы қарым-қаты­нас­тарда бетбұрыс кезеңге айнал­ды. Қазіргі таңда екіжақты қа­рым-қатынастың кең көлемді құқықтық-келісімдік базасы өзіне 70-тен астам қолданыстағы құ­жат­тарды біріктіреді. Бұл құ­жат­тар Қазақстан-Тәжікстан арасын­дағы әріптестіктің барлық сала­ла­рын қамтиды. Еліміздегі Тә­жік­станның дипломатиялық өкіл­дігі 1993 жылдың маусым айында ашылса, Қазақстанның Тәжік­стандағы дипломатиялық өкілдігі 1998 жылдың сәуір айы­нан бас­тап жеке миссия ретінде жұмыс істей бастады. Ал 2001 жылы оған Қазақстан Респуб­ли­касының Тә­жікстан Республика­сын­дағы ел­ші­лігі статусы беріл­ген. Дип­ло­матиялық қарым-қа­тынас орнай бастаған уақыттан бас­тап қазақ-тәжік қарым-қа­тынастары дәс­түр­лі түрде өзара тиімді саяси, сауда-экономи­ка­лық, ғылыми-техникалық, мәде­ни және өзге де салаларда жақсы дамуға ие бол­ды. 2007 жылдың 12-13 қыр­күйе­гін­де Елбасы Н.Назарбаев Тә­жік­­стан Республикасында ресми сапармен болып, нәтижесінде екі­жақты қарым-қатынастарды же­тілдіруді көздейтін 6 құжатқа қол қойылды. Осы орайда Қа­зақ­стан-Тәжікстан тікелей ин­вес­тициялар қорын құру жөнінде уағдалас­тық­қа қол жеткізілгенін ерекше атап өту орынды. Ол қор­дың мақсаты екі ел аума­ғында өзін өзі ақтай­тын әрі тиім­ді инвестициялық жо­баларды жүзеге асыру болып табылады. Бұдан кейін Тәжікстан Прези­денті Эмомали Рахмонның 2008 жылдың 12-13 мамырында Аста­наға арнайы сапармен келуі екі­жақты қарым-қатынастың одан әрі дами түсуіне ықпал етті. Осы сапар барысында екі елдің Сырт­қы істер министрлері кеңесі және Үкіметаралық үйлестіру ке­ңесінің құрылғандығы туралы меморан­дум­ға қол қойылды. Атал­ған құ­жаттар екіжақты әріп­тестіктің принципті мәселелерін жедел түрде шешіп-үйлестіру ша­рала­рын қарастырады. Сонымен қатар басым бағыттар айқын­да­лып отыр­мақ. Екіжақты эконо­ми­­ка­лық әріптестік төңірегінде туын­да­ған мәселелерді талқы­лау­ды және іс жүзіне асыруды өз мін­де­тіне алған қазақ-тәжік үкі­мет­ара­лық комиссиясы да нәти­желі жұмыс атқаруда. Қазақстан бұл елмен сырт­қы сауда айналымының кө­лемін арттырып келеді. 2009 жылы Қазақстан мен Тәжікстан мемлекеттері арасын­да­ғы екіжақ­ты сауда айналы­мы­ның көлемі 255,1 миллион дол­лар­ды (240,3 млн. доллары экс­порт, 14,8 млн. дол­лары импорт) құраған. Ал енді би­ылғы жылдың алғашқы тоқса­ны­­ның еншісіндегі көрсеткіштерге назар аударсақ, экспорт 45,3 миллион АҚШ дол­ларын құраса, елімізге Тәжікстаннан әкелінген тауарлардың көлемі 2,5 миллион АҚШ долларына тең болған. Қа­зақстан бұл елге негізінен астық пен ұн тағамдарын, сол сияқты ай­тарлықтай көлемде мұнай өнім­дерін, қара металл прока­тын, органикалық емес химия өнім­дерін шығарады. Ал Тәжік­станнан біздің республикамызға электр энергиясы, мақта, алю­миний мен одан жасалған бұй­ымдар, жеміс-көкөніс өнімдері мен тоқыма материалдар жет­кізіледі. 2007 жылдың желтоқсан айында Душанбе қаласындағы “Халықтар достығы” саябағында Тәжікстандағы азамат соғысы жыл­дарында тәжік-ауған шека­расында қызмет ете жүріп қаза тапқан 35 қазақстандық жауын­герге монументтің ашылуы мен 2008 жылдың 21-24 қазаны ара­лығында Қазақстан мәдениетінің Тәжікстандағы күндерінің табыс­ты өтуі де екі ел арасындағы достық байланыстардың жылдан-жылға нығая түсіп келе жат­қанын айғақтайды. Қазақстан Премьер-Ми­нистрі­нің ресми сапары “Хайят Редженси” қонақүйінде Қазақ­стан-Тәжікстан кәсіпкерлерінің қатынасуымен өткен бизнес-форумға қатысуынан басталды. Тәжікстан Республикасы Үкіме­тінің басшысы Акил Акилов пен жергілікті бизнес және бір топ қазақстандық іскер қауым өкіл­дері қатысқан бизнес-форум екі ел арасындағы тәжірибе алмасу мен кәсіпкерлік өкілдерінің өз­ара байланыс жасауына таптыр­мас құрал болды. Бизнес-форум­ның басты мақсаты – сауда-экономикалық және инвести­циялық қарым-қатынастарды бекіте түсу, екі елге ортақ тиімді әріп­тестік орнатуға болатын салаларды айқындау. Тәжікстан Республикасының Премьер-министрі Акил Акилов форумға қатысушыларды құттықтай оты­рып, аталмыш бизнес-форумның басты мақсаты Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономи­ка­лық және инвестициялық әлеуе­тін толыққанды пайдалану екен­дігін атап өтті. Қазақстан-Тәжік­стан қарым-қатынастары әдет­тегідей өзара тиімділік бағытында құрылғаны белгілі. Солай десек те біздің елдер сауда айналымын кеңейту мен ортақ инвестиция тартуды бұдан да гөрі жетілдіре түсудің шынайы мүмкіндіктеріне ие, деді өз сөзінде Тәжікстан Үкіметінің басшысы. А.Акилов бизнес-форум ба­ры­сында Тәжікстан Республикасында қазіргі күні 50-ден астам қазақ-тәжік бірлескен кәсіпорындары тіркелгендігін айтып өтті. Ол қ­а­­зақстандық кәсіпкерлерді бұл нәтижемен тоқтап қалмай, бола­шақта Тәжікстанның гидроэнерге­тикалық құрылысын бірігіп салуға шақырды. Бизнес-форумда таныс­тырылған “Қазақстан-Тәжікстан тікелей инвестициялар қоры” АҚ жөнінде тәжік Премьер-министрі айрықша тоқталып өтті. Қордың негізгі мақсаты екі елге ортақ жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Әріптесінің пікірін қолдаған Қазақстан Үкі­метінің басшысы Кәрім Мәсімов аталмыш қордың маңыздылығына жоғары баға берді. “Қазақстан-Тә­жікстан тікелей инвестициялар қо­ры” АҚ алға қойылған мәселелер­дің нақты шешімі болып табылады. Жалпы алғанда қазақстандық биз­нес өкілдері Тәжікстандағы ж­а­ғым­ды бизнес-ахуалдың қалыптасуын үнемі бақылап отырады. Бұл орайда гидроэнергетикалық бағытта ортақ әріптестік байланыстар түзуге жо­ғары әлеует бар, деп атап көрсетті Қазақстан Премьер-Министрі. Ресми сапардағы тағы бір ма­ңызды оқиға Қазақстан Үкіметі басшысы Кәрім Мәсімовтің Тә­жікстан Республикасының Прези­ден­ті Эмомали Рахмонмен кездесуі болды. Екіжақты кеңейтілген оты­рыс барысында Тәжікстан Пре­зи­денті Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әріп­тес­тікті нығайта түсудің маңызды­лы­ғына тоқталды. “Қазақстан өзінің экономикалық дамуында айтарлық­тай жоғары жетістіктерге қол жет­кізді. Халқының әлеуметтік тұр­мы­сында да жақсы көрсеткіштерге ие. Елдің жоғары жетістіктерінің дәлелі ретінде таяуда Астана қаласында өте­тін ЕҚЫҰ Саммитін атап көрсетуге болады. Саммиттің күн тәртібіне енгізілген мәселелердің нақты талқылануы оның барлық қатысушыларын аймақтағы тұрақ­тылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шешімдер қабыл­дауға бағыттайтынына сенімдімін”, деді Тәжікстан басшысы Э. Рахмон. Ал К.Мәсімов өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізіп, Тәжікстан басшысын Ас­танада өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне қа­тысуға шақырды. Еліміздің Үкімет басшысы мен Тәжікстан Прези­денті Э.Рахмонның бұл кездесуінде екі ел арасындағы жалпы сауда-экономи­калық әріптестік пен су-энерге­тикалық ресурстары төңіре­гіндегі кооперация, көлік және өза­ра инвестиция мәселелері талқыланды. “Кеңейтілген және шағын құ­рам­дағы отырыстардың барлығында маңызды мәселелер талқыланып, олар бойынша екі жаққа да тиімді шешімдер табылды деп ойлаймын”, деп атап көрсетті Кәрім Мәсімов кездесуден кейін ұйымдастырылған брифингте. Сондай-ақ К.Мәсімов екі ел арасындағы әріптестікте келешегі зор жобалардың өте көп екендігін айрықша атап өтті. Оның айтуынша, Орталық Азия елдерін­дегі бірнеше жобаларды қаржылан­дыратын “Қазақстан-Тәжікстан тікелей инвестициялар қоры” АҚ-тың құрылуы өте маңызды қадам, екі ел арасындағы әріптестік негі­зінде қол жеткізілген келісімдердің нақты шешімінің көрінісі болып табылады. Қазақстан Тәжікстанмен электр энергетикасы, көлік, азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысындағы әр­іп­тестікті жалғастыра түсуге ниетті. Екі ел үкіметтері басшыла­ры­ның кеңейтілген отырысынан кейін Қазақстан мен Тәжікстан елдері үкіметтері арасында туризм саласы бойынша келісімге қол қойылды. Оған Қазақстан тарапынан Туризм және спорт министрі Темірхан Дос­мұхамбетов, ал Тәжікстан жа­ғы­нан Тәжікстан Республикасы Пре­зиденті жанындағы Жастар, спорт және ту­ризм істері жөніндегі ко­митет төра­ғасы Маликшо Нематов қол қойды. Сәрсенбі күнінің кешінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Пәкстан Ислам Республикасының Үкімет басшысы Сайед Юсуф Раза Гиланимен кездесті. Ал бүгін Қа­зақстан Премьері Шанхай ынты­мақ­тастық ұйымына мүше елдер Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысатын болады. Венера ТҮГЕЛБАЙ, “Егемен Қазақстан” – Душанбеден.