27 Қараша, 2010

Халықпен тығыз байланыста жұмыс істеу қажет

638 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бас Прокурор Қайрат Мәми Қарағанды облысының Осакаров ауданында жаңадан бой түзеген прокуратура ғимаратының ашылу салтанатына қатысты. Бұл жаңа ғимарат аудан прокуратурасының құрылғанына 70 жыл толу қарсаңында беріліп отыр. Облыс әкімі, мемлекеттік және құқық қорғау органдары­ның басшылары қатысқан сал­танатты рәсімнен кейін Бас Про­курор кеңейтілген кеңес өткізді.   Онда ол Президенттің “Қазақ­стан Республикасындағы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі ша­ралар туралы” Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстың негіз­гі бағыттарын, прокуратура орган­дарының қызметін одан әрі жетілдіру мен қылмыстық заң­наманы ізгілендіру жөніндегі заң­дардың жайы туралы айтып берді. Қайрат Мәми қылмысқа қар­сы күрес мәселелерінде құқық қорғау органдарының ведомство­аралық байланысы мен өзара үйлесімділігін арт­тырудың маңыз­ды екендігін атап өтті. Сондықтан да ха­лықпен жиі кездесіп, түсін­діру жұмыстарын жүргізіп, ха­лықтың пікірін өз қызметтерінде ескеру қажеттігін, сөйтіп азамат­тық қоғам инсти­туттарымен ты­ғыз ынтымақтаса жұмыс істеу қа­жеттігін назарға салды, деп хабар­лады Бас про­куратураның бас­пасөз қызметі.