30 Қараша, 2010

Ел игілігі үшін еңбектенеді

533 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Үшінші сектор: ЕҚЫҰ Шолу конференциясы өткеннен кейін отандық үкіметтік емес ұйымдар Астана қаласында дөңгелек үстел өткізді. Қазақстанның Азаматтық альянсының мұрындық болуымен өткен шара “ЕҚЫҰ Шолу конференциясы: қорытындылар мен жаңа міндеттер” деген тақырып аясында жүзеге асты. Шолу конференциясы бары­сын­да көтерілген проблемалар мен ой-толғамдар тұжырымдалып, ЕҚЫҰ-ға мүше елдер басшы­лары­ның саммитінде көтеріледі деп кү­тілуде. Ал қазақстандық үшінші сек­тор өкілдерінің басқосуы жұ­мысты әрі қарай қалай жүргізуге болатынын тағы бір електен өткізіп алуды көздегені байқалып тұрды. Осы ретте үкіметтік емес ұйымдар өз­дерінің еліміздегі азаматтық қо­ғам құрудағы жеткен жетістіктеріне, сондай-ақ демократияны орна­ту­дағы белсенділіктеріне ерекше на­зар аударды. Мәселен, Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Со­ло­вьева мынадай бір мысал келтіре кетті. Бірде АҚШ конгресменіне бір журналист Қазақстанда демо­кра­тияны қалай орнатуға болады деген сұрақ қойса керек. Сонда ол біз демократияны орнату үшін 120 жыл күрестік, онда да оны толыққанды дей алмаймыз. Жалпы, азаматтардың өзі бұған белсенді атсалысуы керек, деген екен. Сол айтпақшы, азаматтық қоғамды алға жылжытуда үшінші сектордың алар орны ерекше болмақ. Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдар аудан, тіпті ауылға өздерінің ықпалын жүргізуге күш салуда. Республикалық дең­гей­де ол жолға қойылса, соңғы жыл­да­ры бірнеше үнқатысу алаңдары пайда болғаны белгілі. Қазіргі таңда Парламентте “Лоб­би туралы” заң жобасы пы­сықталуда. Егер аталған заңдық құжат қабылданатын болса, онда үкіметтік емес ұйымдар көптеген мәселелер бойынша өздерінің ұсыныстарын өткізе алатын болады. Еліміздегі бірқатар ми­нистрліктермен жұмыс істеп жатқан үшінші сектор өкілдері тіпті заң жобаларының тиімді жұмыс істеуі үшін өз ұсыныстарын да бере алар еді. Тіпті, демонстрацияға шы­ғуды да Ішкі істер министрлігімен ақылдаса отырып, қалай жүзеге асыруға болары да айтылмай қал­мады. Осы орайда, ҮЕҰ өкілі Ләй­ла Ахметова ауылда жұмыс істейтін үкі­меттік емес ұйымдардың фо­румын өткізуді ұсынды. Ал өңір­лер­де жұмыс істейтін барлық үшінші сектор жұмысының қоры­тын­дыларын сайттарға орналастыру уақыт талабы, деді ол. Бұл жерде әрбір үкіметтік емес ұйым маған не береді емес, мен оған не бере ала­мын деген қағидамен жұмыс істеулері қажет. Өзін Михаил Тюлин деп таныс­тырған азамат қазір көптеген сы­нау­лар көбінесе қаржылай құйы­лым алу үшін ұйымдастырылатынын ортаға салды. Оның пікірінше, сондықтан сарапшылардың желісін құру өте орынды болмақ. Билікпен бірлесе жұмыс істеу солардың ақ­ша­сына жұмыс істеу дегенді біл­дір­месе керек. Негізінен бұл қаржы көз­дері салық төлеушілердің ақша­сы болғандықтан, мұндай тұжырым жасау орынсыз. Осы ретте ҮЕҰ-лар­ды жікке бөліп, саяси немесе басқа бағыттардағы үкіметтік емес ұйымдар деп қарастырған да дұрыс емес. Өйткені, үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік мәселелермен айналысатындықтан, оларды орынсыз кінәлауға болмайды. “Құқықтық Қазақстан үшін” қоғамдық ұйымының өкілі өз сөзінде егер адамды қылмысы үшін қамаған болса, онда бұл мәселені ашық көрсету қажеттігін ортаға салды. Оның пайымынша, елімізде құқық қорғау тақырыбы сырт қа­лып жатады. Келтірілген мәлі­мет­терге қарағанда, әйелдер пробле­ма­сымен айналысатын ұйымдар жұ­мы­сымен азаматтардың 12 пайызы таныс болса, құқық қорғау сала­сын­дағы көрсеткіш 2 пайыз ғана екен. Онда да бұл көрсеткіш Жов­тистің есімімен байланысты болып шыққан. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар бір мемлекетте тұрып жат­қандықтан, екіге бөлінуге негіз жоқ. Парламентаризм институтының директоры Болат Байқадамов өз сөзінде патриоттық позиция ұстану ұтымды екендігін ерекше атап өтті. Негізінен Шолу конферен­ция­сын­да көтерілген тақырыптардың 60 пайызы миграция, баспасөз бос­тан­дығы секілді мәселелерге арналса, құқық қорғау саласына арналған тақырыптар аясы 25 пайызды құ­раған. Олай болса, адам құқы жө­ніндегі пәнді жоғары оқу орын­дарының бағдарламасына енгізіп, этностарды тану мектеп қабыр­ға­сында оқытылуы тиіс. Құқық қорғау саласымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары сала­сында жұмыс істеп жатқан ҮЕҰ-ларды қарым-қатынасқа тарту жайы да назардан тыс қалған жоқ. Еліміздің үшінші секторы өкілдері Қырғызстан, Грузия және Ресейдегі әріптестерімен тығыз қарым-қаты­нас орнатса, ендігі мәселе ЕҚЫҰ кеңістігінде байланыстарды ны­ғай­ту басты мақсатқа айналып отыр. Осылайша дөңгелек үстелде қозғалған тақырыптар қызу талқы­ланып, әр түрлі ой-толғамдарға орын берілді. Бұл ұстанымдар не­гізінде еліміздегі азаматтық қоғам­ның одан арғы стратегиясы жаса­ла­ды деп күтілуде. Қазірден белгілі болғандай, отандық үшінші сектор өкілдері халықаралық аренада өзіндік идеяларымен шығуды жос­парлап отыр. Шолу конферен­ция­сы соның алғашқы баспалдағы ретінде қарастырылуда.