27 қарашада Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен үлескерлік құрылыстағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында үлескерлердің қатысуымен салынған тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, үлескерлерге келтірілген зиянның орнын толтыру үшін өз істеріне жауапсыз қараған құрылыс компаниялары иелерінің активтерін, оның ішінде – шетелге заңсыз шығарылған капитал және мүліктерін қайтару бойынша мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылының жоспарын іске асыру барысы қарастырылды.